12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Тампон басылымның циклдерінің сұлбасы



бет101/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Тампон басылымның циклдерінің сұлбасы
Тампон басылушы бетке жапсырылған кезде бояу бетке тампоннан гөрі көбірек жағылады. Нәтижесінде бояу түгелдей субстраттың бетіне көшеді. Басу процесі осымен аяқталады.
Тампон таза күйінде қалады және басудың келесі цикліне даяр полиграфиялық өндірісте бұл әдіс әзірге жаппай қолданыс тапқан жоқ.
Дегенмен, болашақта баспа өнімдерін шығаруда қолданылу мүмкіншілктері бар.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Тампон дык басылымның атқаратын қызметі.


2. Басылым қалыптарының түрлері.
3. Болат басылым қалыптарының жуандарынан айырмашылығы неде?
4. Фотополимерлік басу қалыптары, түрлері.
5. Тампон басылымның басылым машиналарының жетектерінің түрлерінің айырмашылықтары қандай?
6. Ең жақсы жетек қайсысы?
7. Басылым секцияларының санын қалай дұрыс қолдануға болады?
8. Басу машинасын жасаудың карусельдік әдісі нені білдіреді?
9. Ашық және жабық бояу жүйелері дегендеріміз нелер?
10. Ашық бояу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
11. Жабық бояу жүйесі дегеніміз не?
12. Тампонның қозғалу түрін түсіндіріңдер.
13. Тампонның қысымы неге тең?
14. Тампонның түрлері мек құрамы.
15. Тампонның таралым төзімділігі, ол неге байланысты?


12.5. Сандық басылым (цифровая) технологиясы

Адамның замана ағымынан қалмай, технологиялық жұмыстардың минимуында сапалы басылым алу арманын сандық басылыс іске асыруда.


Электрондық техниканың қарқынды дамуы өндірістің фотопленкаға енгізу және оны шығару, жинақтау, басылым қалыптарын көшіру және шығару сияқты кезеңдерін толық істен шығаруға мүмкіндік береді. Тапсырысты орындау мерзімі қысқаруда, қалыптық жабдықтардың, фотопленка мен химияның қажеттіліктері жоқ. Сөйтіп, технолоогияның дамуын тек нарық талаптары ғана ынталандырып қана қойған жоқ, сонымен бірге жаңа технология өте жедел, сапалы толық түсті басылым жасап шығарды.
Дәстүрлі офсеттік технологияның жұртшылық мойындаған артықшылықтарынан басқа (жоғарғы сапа, өзіндік қүнының төмендігі және көп тираж басудағы жоғарғы өнімділігі), кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, басуға даярлық кезеңінің үзақтығы мен күрделілігі таралымды тапсырушының қатысуымен шығаруға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, алғашқы шығыстардың көптігі (пленкаларды, түс бақылауларды, басу қалыптарын даярлау) таралымға байланысты емес және аз таралымды өнімнің күрт қымбаттауына алып келеді. Үшіншіден, өте аз таралымды (бірнеше дана) басып шығаруға мүмкіндік бермейтін техникалық шектеулер. Ақырында, баспа өнімін даярлаудың толық цикліне қажет құрал--жабдықтардың құнының жоғарылығы, өзін-өзі өтеу үшін тапсырыстардың үзіліссіз түсіп тұруларын қажет етеді. Бұл офсеттік басылымның режимдік ырғақта жұмыс істей алмауына әкеліп соғады. Аталған барлық проблемалардың іс жүзіндегі сандық басылым технологиясы болып табылады. Қазіргі кезде ол қарқынды дамуы үстінде, ол күннен-күнге кеңінен таралуда, сарапшылардың айтуынша, ең жарқын болашақ күтір түр.
Сандық баспа кешенін құру шығындары баспахана салғаннан көп төмен. Аса қымбат тұратын фототерім, шығару, көшірім жақтауы т.б. қосалқы құрал-жабдықтар сатып алудың қажеті жоқ. Қазіргі күні сандық басылым басудың дәстүрлі әдістерінен негізгі өзгешеліктері іс жүзінде екі нәрсе болын табылатын бірнеше технологияларды біріктіреді - біріншісі -басу қалыбының жоқтығы, екіншісі - өзгермелі мәліметтерді қосымша құрылғыларды қолданбай-ақ басу.
Сандық басылымның өз бастауын «ксерография» деген атау алған және Xerox фирмасы мен басқа да ондаған өндірушілердің ұқсас қүрылғыларында іске асырылған әдістен алады. Әдістің одан әрі жетілдірілуі бейнені қалыптастырудың сандық әдістерінің дамуымен және лазерлік принтертердің, ең соңында, алғашқы сандық басу машиналарының пайда болуларына байланысты. Бүгінде сандық технологиялар саласындағы әртүрлі бастауларға қарамастан, нарықта негізгі үш өндіруші: гНР және Xerox алда келеді, ал басқа компаниялар шығаратын өнімдер әзірге мардымсыз. Xerox нарықта өзінің DocuColor сериялы сандық басу машиналарын шығарады. Xerox компаниясының сандық басу машиналары қазіргі кезде нарықтан пішімі 38x52см, жоғарғы класты кез-келген офсеттік төрт бояулы басу машинасын ығыстырып шығаруға қабілетті.
DocuColoriGen 3 - бұл дүниежүзіндегі тұңғыш офсеттік басылымның стандарттарына толық сәйкес келетін сандық басылым машинасы. Ол минутына 100 баспа-таңба жылдамдығыен жұмыс істейді. Мұндай өнімділік сағатына А4 пішімді 6000 дейін толық түсті біржақты басылым немесе 3000 дейін екі жақты толық түсті пішім басылымын алуға мүмкіндік береді.
Жаңа машина айына миллионная асатын толық түсті және қара-ақ баспа-таңбалар басып шығаруға арналған. Ол басылушы материалдардың кең ауқымымен, оның ішінде жабындылы және текстураланған қағаздар, сонымен бірге арнайы материалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің өзегі - құрғақ сиялар (тонер) мен орнатылған түс басқарғыш қолданатын Smart - Press технологиясы. Жүйе тұрақты түрде әрбір бет үшін берілетін түсті мөлшерлеп отырады. Мұның барлығы 85 микропроцессормен және бағдарламалық қамтамасыз ету кодының 5 миллион жолымен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде сандық полиграфия саласының маңызды факторларының бірі сандық басылым баспа және басу бизнесінің жаңа қалыптары ашатын мүлдем басқа мүмкіндіктер болуда, ол басу өндірісінен гөрі нағыз қазіргі замандық технологияларға негізделген ақпараттық қызмет көрсету бизнесіне айналып отыр.
Ganon түсті сандық басу жүйесі - жедел полиграфия мен қолда бар мүмкіндіктерді кеңейту саласында жеке полиграфия өндірісін ұйымдастыру үшін оңтайлы шешім.
Ganon түсті сандық басу жүйесінің модельдік қатарын пайдаланушылардың әртүрлі топтарына арналған, өз категориясындағы әрбір модельді оңтайлы баға, әрбір баспа-таңбаның өзіндік құнының барынша арзандығына қарамастан, жоғарғы сапа, сервистік қызмет көрсетудің қажеттілігінің аздығы сипаттайды.
Өнімділігі жоғары - минутына 32түсті қара-ақ баспа-таңба шығарады. Басылушы материалға тікелей өтуге мүмкіндік беретін аппараттын бірегей құрылысы тығыздығы 250 г/м дейінгі және одан да жоғары қағаз бен қатырманы пайдалануға мүмкіндік береді, кең түс қамтушы балауыз тонер баспа-таңбаның бетінің тегіс болуын қамтамасыз етеді, бейнені бекіту блогының температурасының төмендеуі жылу сезгіш материалдарды, мысалы, пленканы қолдануға мүмкіндік береді, парақтың максималды пішімі - A3 (320x457 мм).
Соңғы кезде полиграфиялық қызмет нарығында жоғарғы сапалы аз таралымды түсті өнімдерді же дел басып шығару қажеттілігі пайда болды. Мұндай жұмыстардың экономикалық тиімділігін тек сандық технология ғана қамтамасыз ете алады, және нарықтың бұл болашағы зор секторын иелену үшін бізге еандық басылым машинасы қажет болды.
Сандық баспаханалардың артықшылығы:
- тапсырысты орындау мерзімінің едәуір қысқаруы;
- өнімнің құны таралымға байланысты емес (қалыптың жоқтығы т.б.);
- қысқа таралымдарда барынша тиімділігі;
- тасу материалдарының аумағының кеңеюі;
- күрделі және әртүрлі тапсырыстарды орындауға икемділігі, мүмкіндіктерінің көптігі (ауыспалы мәліметтерді, дайын жиынтықтарды т.б.басу);
- экологиялық тазалығы (офисте орнату және жұмыс істеу мүмкіндігі);
- бір оператордың қызмет ететіндігі;
- технологияны «жоқ жерге» жедел орналастыру мүмкіндігі;
- технологияның бар процестеріне кірігуінің қарапайымдылығы. Сандық полиграфияның даму үрдісін байқау үшін әлемдік сарапшыларға, анығырақ айтар болсақ, 2003ж Helderbeg-тің қатысуымен Мәскеудің мемлекеттік баспа университеті басып шығарған Гельмут Киппханның (Helmut: KIpphan) баспа құрал-жабдықтары жөніндегі энциклопедиясына жүгінейік, 1970 жылы бүкіл баспа өнімдерінің 23% офсетпен, 17% ойыңқы басылыммен, ал 60% флексографиямен басылып шығарылған. Офсеттің ең биік көрсеткішіне - 64%, 1990 жылы қол жеткен. Бұл жылдың ерекшелігі сандық полиграфия сегментінің пайда болуында. Бұл 2002 жылы офсеттің үлесінің 55% дейін төмендеп, сандық полиграфия үлесінің 10% жетуіне алып келеді. Осы диаграммаға сай, 2014 жылға болжам жасалынған: ойыңқы басылым - нарықтың 15%, офсет - 40%, сандық полиграфия - 20%, флексография мен шығыңқы басылым - 25%. Қандай технологияны пайдалану қажеттілігі әрбір нақтылы жағдайда аталған артықшылықтар мен кемшіліктердің арақатынастарымен анықталады. Дәстүрлі офсетпен салыстырғанда әртүрлі типтегі сандық басу машиналар үшін бұл кемшіліктер азды-көпті мыналарда көрініс табады:
- басқа факторлардың ішінде растрлық процессорлардың шапшаң қимылдайтындығына байланысты өнімділігінің 3-10 есе төменділігі;
- пішімінің шектеулігі (АЗ, А4) - қағаз таңдауының шектеулілігі;
- монополиялық жеткізілуші шығыс материалдарының бағасының қымбаттығы (түсті тонерлер, мысалы, офсеттік бояулардан 40 есе қымбат);
- үштіктен тыс бояғыштардың шектеулілігі;
- басу сапасының салыстырмалы төмендігі;
- көп капитал салудың қажеттілігі.
Жүйенің операторынан бейнелі басылым саласындағы аса біліктіліктен басқа постскрипт-файлдармен, олардың бейнелерінің сынықтардың жоқтығына қарамастан, жұмыс істеу дағдысы талап етіледі. Баспа өнімдерінің кейбіреулері, әсіресе аз таралымды түрлері үшін басылымның негізгі түрі болумен бірге сандық технологияның артықшылықтары жапсырма мен қаптама өндірісі сияқты салада әзірге кеңінен қолданыс таппай жүр. Осыған байланысты таяу уақыт барысында сандық басылымның күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқан флексографияға лайықты бәсекелесі бола қоюы екіталай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет