Жабық бояу жүйесінің сұлбасы
Негізінен, жұмсақ тампондарға қарағанда қаттылары көбірек қолданылады, өйткені қатты тампон бояуды жақсы жұқтырады, көпке шыдайды және басудың үлкен жылдамдығы кезінде көп шайқалмайды.
Жұмсақ тампондар көп баспа-таңбаларды басуда, бедерлі беттерге басуға, сонымен бірге қуаты нашар басу машиналарында (тампонның ең жоғарғы қысым күші 30-40 кП) қолданылады,
Жаңа тампонды қолданар алдында, міндетті түрде, бояу еріткішпен (майсыздандыру үшін) сүрту керек. Басу процесінде және жұмыс аяқталғаннан кейін тампонды жұмсақ тазалау құралымен, мысалы, этил спиртімен тазалау қажет.
Тампонның таралым төзімділігі бірнешеден жүздеген мыңдай баспа-таңбаға дейін ауытқиды. Тампонның бұл қасиеті, ең алдымен, басылушы материалдың бетінің сапасы мен тампонды қалай пайдалануға байланысты. Басу нысанының жиектерінің сүйірлігі мен кірлер тампонның пайдалану мерзімін қысқартады. Сонымен қатар, әрбір тампонның белгілі бір қысымға ғана шыдас беретіндігін ескеру жөн. Егер тампонға шеттен тыс қысым түссе, оның бетінде майда сызбалар пайда болады. Тампонды кептіруге, қолмен немесе құрғақ шүберекпен сүртуге болмайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін және сақтағанда тампонды силикон майымен майлау керек. Тампон үй температурасында, жылу және жарық көздерінен қашық, қараңғы жерде сақталынуға тиіс.
Тампобасу процесі мынандай жолмен іске асады. Қалыппен бояу ванналары қойылған тұғырлар алға-артқа жылжытылады. Алға жылжытылғанда басылым қалыбына бояу құйылады, ал артқа жылжығанда бояу қалыбына бояушы пышақпен алынады. Қалыпқа түскен кезінде тампондар бояуды өздеріне қабылдайды. Төрт түсті басу кезінде бұл бірмезгілде төртқалыптан, немесе әр тампон үшін бөлек іске асады.
Басқаннан кейін тампондарды жоғары көтереді. Желі бойынша беру құрылғысы онда орналасқан шаблонмен және басылуға тиіс детальмен бірлесіп, төрт бояудың әрқайсысының жағдайын басқарады. Мұндайда барлық тампондар бояулы бейнелерді бірінен соң бірін детальға көшіреді. Қайырмалы тампонды машиналар нұсқалары да бар. Бұл тампонның көлбеу жағдайдан тік жағдайда тек бояу қабылдау сәтінде ғана көшетіндігін білдіреді.
Жалпы айтқанда, машинада қозғалатын бөлшектер неғұрлым көп болған сайын, жұмыс процесі соғұрлым тұрақсыз деуге болады. Бірақ машиналардың жеткілікті дәрежедегі мықты іргетастарға орналастырылатындықтарын ескерсек, дірілдеу әсерінің онша емес екендігін байқаймыз.
Барлық даярлық операцияларын аяқталғаннан және үлгі парақты бекіткеннен кейін таралымды басуға кіріседі. Басудың технологиялық процесі бірнеше кезеңнен өтеді, олардың ең бастыларының бірі - бұйымдарды басар алдында жайғастыру.
Басылушы затты орнату құрылғысы оның басу процесінде анық бекітілген жағдайын қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қолмен орындау оңайлау. Бірақ жаппай өндіріс жағдайында, тампондаушы ленталар мен карусельдер пайдаланып жатқанда, техниканың дәлме-дәл жұмыс істегені керек. Затты дәл орнату үшін көбінесе айқыш-ұйқыш столдар қолданылады,
Машинаның құрылысынан тәуелсіз тампобасудың басу циклі бес операцияны - қалыптағы қуыстарды бояумен толтыруды, тампонды бояу жағуды, басушы бастиектің жұмысын, бояуды басылушы затқа көшіруді, басу процесінің аяқталуы мен тампонның кері жүрісін біріктіреді.
Осы операциялардың барысында басу бояуларында құрылымдық өзгерістер (яғни, кезінде олардың иілімділігі мен ағымдылығына байланысты өзгерістер) орын алады.
Басу қалыбындағы ойықтарды бояулармен толтыру. Бояулы ыдысқа салынған басу қалпысы автоматты түрде бояуға толады. Содан соң болат ракель пышақ бояуды тік ойылған бөліктерде ғана қалдырып, артығын тазалайды. Көптеген машиналардың трафареттік басу машиналарындағы ракельдік құрылғылары сияқты, бөлек толтырушы және тазалаушы пышақтары бар.
Тампон басу үшін бояулар еріткіштер негізіндегі трафареттік басылым бояуларына ұқсас болып келеді (бір айырмашылығы оларда аса күңгірттекті қамтамасыз етуші пигменттер көп болады) және олар өте жабысқақ (субстратқа жұтқырлықты қамтамасыз ету үшін). Қалып ракель пышағымен тазаланған соң ойылған және күйдірілген бөліктердегі бояу беті, тұтқыш және жабысқақ болады, өйткені еріткіштер одан ұшып кетеді де, бояудың тампонды ылғалдау қабілетін арттырады.
Тампонды бояумен ылғалдау. Тампон тікелей басу қалыпының үстінде орналасады, оған жабысып, бояуды тұтады да, жоғары көтеріледі. Бояуда қалып толтырған кезде физикалық өзгерістер болып, олар силикондық тампонның бетінің күшті, керілуімен қосылып, бояуға қалыптағы бейнелеу ойық элементтерінен ажырап, тампонның бетіне көшуге мүмкіндік береді.
Басушы бастиектің жұмысы және басу. Басушы бастиектің тампонмен бірге қалыптың үстінен тік көтерілудің толық биігіне жеткеннен кейін ол басылушы субстраттың үстіне қонғанша көлбеу қозғалады.
Осы кезеңнің барысында бояудың тампонға жабысуы үшін тұтқырлығы жеткілікті мөлшерде болады (одан оңай сүртіледі, бірақ тамшыламайды). Тампон бетінде бояу тағы да реологиялық өзгерістерге ұшырайды. Еріткіштер оның сыртқы қабатынан ұшып кетеді де (ауаға), ішкі бетінен тампонға қарай жылжып, оған бояудың жабысуын әлсіретеді.
Бояуды бояушы затқа көшіру. Тампон бүкіл өзінің қалыбында субстратқа жабыстырылып, беттің қажетті бөліктеріне бояу береді. Тампон осы кезде едәуір жанышталғандығына қарамастан, ол субстраттың бетіне жабысқаннан да жылдам біркелгі ажырайды.
Қажетті сапада шығарылған тампон әруақытта субстратқа толық және біркелкі жабысып, бояудың берілуіне кедергі жасайтын көпіршіктердің түзілуіне жол бермейді.
Басу процесінің аяқталуы және тампонның кері жүрісі.
Тампон субстраттың үстінен көтеріліп, өзінің бұрынғы қалпын қабылдайды да, бояудың қалдығын бірге ала кетеді. Бұрын атап кеткеніміздей, бояу жабысу процесінде реологиялық өзгерістерге ұшырайды да, тампондағы бояумен ұқсастығынан айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |