Тампон (эластомер, силикон, каучук) Ойыңқы басылым қалыбы
Осыдан соң тампон көтеріліп, басылушы материалға қарай жылжып, оның үстіне қонады. Тампонның бетіндегі аздап құрғаған бояу затқа оңай жабысады. Тампондағы силикон майы тампонның бетіндегі бояудың толық (іс жүзінде 100%) кетуін қамтамасыз етеді, Басылушы зат ауыстырылады немесе қажет болған жағдайда орынында қала береді де, процесс әрі карай қайталанады.
Басу қалыбының өзі, әдетте, ойық басу элементтері бар сопақ болат немесе фотополимерлік пластина болып табылады. Бұл қалыптан тампон серпімді-иілімді материалдан (силикон-каучуктен, органикалық каучуктің кремниінен) элементтерге жағылған бояуды алады да, оны басылушы бұйымға, оның ішінде үш өлшемдісіне де, не бір ғажайып конфигурацияларына да, дәлме-дәл береді. Серпімді-иілімді тампон бұйымның бетіне тығыз әрі біркелкі жабысып, өз қалыбын қалай болса, солай өзгерте алады. Тампонға алдын-ала қажетті бейне жағылуға тиіс. Басқаша айтқанда, басу қалыбы үшін басылушы беттің қандай екендігінің дөңгелек пе, шарбейнелі ме, цилиндр сияқты ма немесе кез-келген үш өлшемді ешқандай айырмасы жоқ. Міне, осы жағдайларға байланысты тампондық басылымның мүмкіндіктерінің шексіз екендігі және оның қолданылу аясының барған сайын кеңейте түсетіндігіне күмән жоқ.
Тампондық басылымның басылым машиналарының жіктелуі
Тампондық басылым үшін машиналарды мынандай белгілеріне қарай жіктеуте болады:
- жетегінің түріне қарай;
- басу секциясының саны мен машинаның құрылысының сұлбасы бойынша;
- бояу әдісінің типі;
- тампонның қозғалу типі.
Басу машиналарының жетектерінің мынандай түрлері болады:
- қолмен жүргізетін, пневматикалық,
- гидравикалық және электромеханикалық.
Басу секцияларының санын өндірістің алдында тұрған міндеттерге қарай таңдайды. Бұлар бір, екі, үш төрт бояулы машиналардан он екі бояулы автоматтандырылған ағын желілеріне дейін барады. Негізінен бір-екі бояулы машиналар қолданылады. Бірнеше басу секцияларын пайдаланғанда машинаның құрылыс сұлбасының едәуір маңызы бар. Қазіргі кезде екі сұлба бар.
Басылушы зат бір секциядан екіншісіне қарай транспортердің немесе қайықтың көмегімен жылжытылады. Машина құрылысының мұндай принципі автоматтандырылған ағын желілерін даярлауда қолданылады, өйткені бояу секцияларынан басқа әртүрлі қосалқы жабдықтар, мысалы, алдын-ала өңдеу секциясын (мәселен, полиэтилен мен полипропиленге басу туралы тұрғанда), аралық қүрғату секциясын, басу сапасын бақылау құрылғысын т.о. орнатуға мүмкіндік береді.
Мұндай құрылыстың кемшіліктері:
- реттеуге уақыттың көп кететіндігі;
- басуға даярлаудың күрделілігі;
- басу машинаның көлемінің үлкендігі;
- жартылай автоматты маштиналарды қолданғанда басылушы бұйымдардың көлемдері жағынан едәуір шектеулер қойылатындығы;
Транспортерлермен және айналмалы столдармен қоса пайдаланғанда бірнеше бірдей зат ұстағыштар болуы керек, ал бұл қосалқы шығындар мен еңбек сыйымдылығының артуы деген сөз.
Аталған құрылыс әдісінің кемшіліктерін ескере отырып, басу құралдарын өндірушілер бірнеше жыл бұрын жаңа карусель принципін жасап шығарады. Бұл құрылыста басылушы зат бір орында тұрады да, бояу секциялары мен тампондар синхронды түрде айналып, әрбір модуль бұйымға кезегімен жақындайды. Сөйтіп, өндірушілер трансопртерлер мен қайықтардан бас тартып, бұл басуға даярлау процесін жеңілдетіп уақытын едәуір қысқартты. Қазіргі кезде бояу жүйелерінің екі типі - ашық және жабық-қолданылады.
Ашық бояу жүйесі бояу үшін кішігірім шұңқырлы және басу қалыбын орнататын орыны бар ашық бояу ваннасы болып табылады. Әдетте, ашық бояу жүйелерінде басу қалыбы ваннаға орнатылған магниттерге немесе механикалық қысқыштармен бекітіледі, немесе клеймен, не екі жақты жабысқақ матамен жапсырылады. Бояу басу қалыбына ракельдік модульдің көмегімен жағылады және кетіріледі.
Ракельдік модуль бояу қалақшасынан және ракель пышағынан құралады, Қалақша бояуды басу қалыбына жағады, содан соң оған ракель түседі, кейін қарай жүрген кезінде басу қалыбының бетіндегі артық бояуды алып тастайды. Ашық бояу жүйесінің басты кемшілігі бояудың үнемі ауамен түйісетіндігінде. Бұл еріткіштің бояудан ұшып кетіп, оның тұтқырлығының кемуіне алып келеді, әрі экологияға жағымсыз әсер етеді.
Ашық жүйелердің кемшіліктеріне ракель пышағын және оны реттестіруге уақыттың көп кететіндігін жатқызуға болады. Ашық жүйелерді пайдаланғанда басу жылдамдығы 1500 отт/с аспайды, өйткені үлкен жылдамдықта қалақша кері айналғанда бояуды ваннадан төгіп кетеді. Ашық бояу жүйесінің артықшылықтарының бірі - оның қалыбының көлемі. Ашық жүйелердегі басу қалыбы баспа-таңбалардың көлемдері бірдей болғанымен, жабық жүйелердегіден екі еседей кіші. Ашық бояу секциялары кішігірім таралымдарды басқанда пайдалы.
Жабық бояу жүйесі жуан (1см шамасы) қондырмалы металл пластинадан және қондырғылары бір мезгілде бояу қалақшасы әрі ракель пышағы болын табылатын, бейне бір «төңкерілген құмыра» сияқты қабырғадан тұрады. Жабық бояу жүйесінде бояу ауамен түйіспейді. Еріткіш ұшпағаннан кейін бояудың тұтқырлығы бірнеше күн бойына өзгермейді. «Құмыра» қалыпқа не механикалық жолмен, не магнитпен (магниттік қысуды қолданғанда тек антимагниттік бояуды пайдалану керек) жапсырылады. Басу қалыбы қондырмалы пластинаға штифтерге бекітіледі (кейде бұл қондырмалы пластинаға қосымша магнит ендіреді). Жабық бояу жүйелері орта және үлкен таралымдарды басу кезінде қолданылады.
Поршендік жүріс кезінде тампон бейнені басу қалыбынан алады. Сосын тампон басылушы бұйымға жылжып келіп, бояуды береді. Бұл механикалық процесті іске асыру үшін екі әртүрлі жүйе қолданылады:
1. Тампон поршендік қозғалыспен басу қалыбына түседі, одан бояуды алады. Одан кейін тампон көлбеу қимылмен басылушы бұйымға келтіріледі. Келесі қимылмен тампон бұйымға қонып, бояуды береді де, бастапқы қалыпқа оралады. Тампонның мұндай қимылының артықшылықтары - реттестірудің жеңілдігі, жазатайым оқиғалардан жоғарғы дәрежелі қорғау, бірақ жоғарғы жылдамдықта жұмсақ басылымдар шайқалып кетулері мүмкін.
2. Тампон поршендік қозғалыспен басу қалыбына түсіп, бояуды алады. Содан соң бояу ваннасы басу қалыбымен бірге басқа жаққа кетеді де, келесі қимылымен басылушы затқа қонады.
Артықшылығы жылдам басу мүмкіндігі (1500отт/с), тампон аутқымайды, бірақ мұндайда реттеу қиындайды, жазатайым оқиғалардан қорғау күрделіленеді.
Басу құрал-жабдықтарының басу қалыбының көлемі мен тампонның қысымының максималдық күші сияқты жіктеуге қиын басқа да сипаттамалары бар.
Қазіргі кезде әр түрлі өндірушілерде басу қалыптарының қалыптары түрліше, олар мөлшерленбейді, және әдетте, олар бір-бірлерінің орындарына қолданыла береді (бір басу машинасында әртүрлі көлемдегі басу қалыптары қолданылады). Әрбір өндіруші басу машинасын тампон қысымының әртүрлі күшімен шығарады. Әдетте, ол 30-дан 150кл дейін ауытқиды. Қысымның мағынасына қарап, машина да үлкендігі мен қаттылығы қаншалықты дәрежедегі тампон қолдану тәсілмен шешеді. Мысал үшін, тампонның ең жоғарғы қысу күші 30кП тампон Шор А бойынша қаттылығы 10-12° тампонды жаныштай алмайды. Басу қалыпы сияқты, тампон да баспа-таңба сапасына ықпал жасайды.
Тампон астардан (әдетте, ол ағаш не аллюминий), силиконнан және арнайы таңдалынып алынған силикон майының қоспасынан тұрады. Силикон майы тампонға қажетті қаттылық береді. Тампонның қаттылық дәрежесін ажырату үшін, оны не силикон бояуымен бояйды, не тампонға маркер салады. Тампонның қаттылығы, әдетте, Шор-шкала оо, А-В бойынша аныкталады. ОО шкаласы өте жүмсақ тампондар үшін, ал А-жұқа, В-қатты тампондар үшін қолданылады. Кейбір өндірушілердің қаттылықты Шор А бойынша көрсеткендіктеріне қарамастан, жиірек Оо шкаласы қолданылады.
Силикон тампон мына талаптарға сәйкес келуі тиіс: жоғарғы механикалық беріктігі; бетке тұрақты керілгіштігі; статикалық электрді жақсы тойтаратындығы.
Сыртқы керіліс тұрақты болуы үшін силикон майы шешуші роль атқарады, өйткені ол бір-екі жылдан соң тампоннан ұшып кетеді, бұл беттік керілістің артуына, осының салдары ретінде бояудың жағылуының төмендеуіне алып келеді. Тампон бояуды түгелдей барынша реттестірілген жағдайда ғана береді. Бояудың берілуіне тек бояудың тұтқырлығын, машинасының жылдамдығын өзгерткен және тампонды желдеткен жағдайларда ғана әсер етуге болады.
Тампонның қалыпы мен қаттылығын таңдау басылушы бейненің көлемдері мен типіне және басылушы бұйымның қалыбына қарай іске асырылады. Төменде тампонды таңдаудың жалпы принциптері келтіріледі:
- дөңес бұйымдарға (саптаяқтарға, күлсалғыштарға т.б.) басқанда жұмсақ тампондарды (Шор Оо бойынша - 00,02,04) қолдану ұсынылады;
- жазық беттерге басқанда орта қаттылықтағы тампонды (Шор оо -бойынша - 04,06,08) қолданған жөн; тампонның қалыпын басылушы бейнелеу сипатына қарай (дөңгелек бейнелер үшін - дөңгелек тампон, тікбұрышты бұйымдар үшін - тікбұрышты тампон) таңдайды;
- жұмсақ және кеуек бұйымдарға, мысалы, тері немесе тері ауыстырғыштардан жасалған бұйымдарға қатты тампон (Шор Оо бойынша 10,12) пайдалану ұсынылады.
Басу қалыбындағы элементтердің тереңдігіне қарай тампонның қаттылығы мен қалыпы өзгере алады. Ойыңқы басушы элементтерде өткір және жұмсақ тампон, ал майда басушы элементтерде жазық және қатты тампон қолдану ұсынылады. Қатты майысқан беттерде баспа-таңба әруақытта сызықтан бұрмаланып шығатындығын ескерген жөн. Мұны болдырмау үшін барлык бұрмалаушылықтарды диапозитивтер даярлау барысында ескеру қажет.
1. Басу қалыбы;
2,3-басу биіктігін реттестіретін
бұранда мен винт;
4-«құмыра»;
5-магнит;
6-«құмыраның» дукторы.
Достарыңызбен бөлісу: |