12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Кітап блоктары түнтерінің пішіндері



бет133/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Кітап блоктары түнтерінің пішіндері: 1-тік; 2-дөңгеленген;
3-бүгілімдері қайырылған тік; 4-бүгілімдері қайырылып дөңгеленген.

Блоктар өңдеу операциялары блокқа қажетті беріктік, жинақылық беріп, пайдалануға қолайлы етеді. Бекітілген блоктың түбін қысады. Бұл операцияны түпті жіппен тігу машинасында тіккенен кейін, түпті желімдеу кезінде желім тесіктер арқылы дәптердің ішіне еніп, парақтарды желімдеп тастамау үшін істейді. Тығыздалынғаннан кейін блоктың түбіне белгілі қалыңдықпен желім жағып, жапсырады. Желім қабаты түпті қатайтып, келесі операциялардың жоғарғы сапалы орындалуларын қамтамасыз етеді. Түпті желімдеу нәтижесінде дәптерлердің блокта бекітілу беріктігі артады.


Кептіру желім қолданылатын операциялардан соң міндетті түрде қажет. Кептіру - бұл желім қабатынан, сонымен бірге желім қабатымен түйіскен қағаздан артық ылғалды кетіру болып табылады. Кітап блоктарының түптерін кептіруді желімдегеннен кейін табиғи жағдайларда және жасанды:
- конвекциялық кептіру (ауаны жылыту) немесе жылытпай;
- жылу сэулелендіру арқылы кептіру (жарық немесе тек жылулық сәулелендірудің көмегімен) жағдайларында іске асыруға болады.
Түптерді желімдегенде қағаз талшықтары ісінеді және деформацияланады, дәптерлердің түпкі бүгілімдері біршама борсиды. Сол себепті кептіргеннен кейін сығымдайды. Түптері желімделінген, кептірілген және сығымдалған блоктар үш жағынан кесіледі. МемСТ блоктарды кесудің мынандай мөлшерлері белгілеген: блоктың ені бойынша 5мм, биіктігі бойынша 10 мм.
Кітап пішінінің тұрақтылығы түптің пішініне байланысты. Блок түбінің пішінін басылымның көлеміне, бекіту тәсіліне және кімдерге арналғандығына қарап таңдалады. Түбі дөңгеленген және шеткі дәптерлерінің бүплімдері қайырылған кітаптарды түп бөлігінің жан-жақты ең сәтті нұсқасы деп тану қажет, өйткені мұндайда түбірдің қалыңдығы азаяды, кітапты ашу оңайлайды және блоктың қаптамамен байланысы беріктенеді. Осының барлығы бірігіп кітаптарды пайдалану процесінде пайда болатын желім пленкасына, жіптерге және қаптаманың бүгілімдеріне түсетін жүктеменің азаюына және осымен олардың пайдаланылу мерзімдерін ұзартуға мүмкіндік береді. Кітаптардың тік түптері автоматты түрде дәптерлерді блокқа бекіту сатысында қалыптасады, ал жұмыр түпті жасау дәптерлерді блоктың ортасына байланысты симметриялы жылжыту операциясынан өткізумен байланысты. Бұл дәптерлерді жылжытатын фигуралы қалыптардың блокқа механикалық әсер етуімен жасалынады. Шеткі дәптерлердің бүгілімдерін қаиыру дөңгелендіруден кейін блоктың түп аумағын деформациялау жолымен жасалынады, бірақ осы кезде түпте түзілген желім пленкасы созылады, кейде үзіледі, бұл түпті қосымша бекітуді қажет етеді де, ол кітап блоктарына өңдеудің соңғы сатысында қағаз жолағын түпке желімдеу арқылы іске асырылады. Ашқан кезде кітапқа үлкен жүктеме түсетіндігін ескеріп, мұндай бекітулер түптері тік кітаптарда жасалынады.
Блоктың түбірін өңдеу операцияларына түпті түптеу материалымен желімдеу де жатады. Түпті жиектеу үшін офсеттік және сульфатцеллюлозалық қағазды, қағазға желімделінген біржіптік дәкені және талшықты тоқылмаған материалды қолданады. Полиграфиялық дәке - бұл блок түптерін бекітуді күшейту үшін қолданылатын сирек мақта-қағаз матасы.
Микробекітілген қағаз блок өңдегіш агрегаттарда өңделінетін басылымдардың түбіне жапсыру үшін және түпті терможіптермен және КПС бекіткенде жиектеу үшін қолданылады. Тоқылмаған желімделінген төсем микробекітілген қағаз секілді қолданылады.
Кітап блоктарын өңдеу үшін машиналар дәптерлерді бекіту түрі мен блок түбінің пішініне қарай таңдалынады. Шағын және орта полиграфиялық кәсіпорындарда операцияларды жеке-жеке орындайтын жабдықтар, ал үлкен кәсіпорындарда «Колбус» фирмасының (Германия) Тем1, Бл-100, «Зиглох» автоматты ағынды желілері қолданылады, олардың барлығы секциялық болып жасалынған, барлық секцияларды жеке машиналар ретінде пайдалануға болады.
Кітап блогының түбін өңдеудің соңғы операциясы, бұл бетбелгі таспасы мен қапталды жапсыру. Бет белгі таспа ені 5-8мм тоқыма баудан жасалынады, кітапты пайдалануды жеңілдету үшін қолданылады.
Каптал - ені 13-15мм жиегі 1,5-2мм қалыңдау материалдың жолағы. Каптал кітапты әрлеу элементі болып табылады. Оны блок түбінің шеттеріне жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет