Түптеу материалдарын пішу.Маталар және басқа да түптеу материалдары рулондар түрінде жеткізіліп беріледі, қағаз көбінесе парақтар түрінде жеткізіледі. Жабындау материалдарының құйылуының дұрыс болғаны жөн. Материалдарының құнының жоғарылығына байланысты мұндай тапсырыстар көбінесе орындалмайды, соған байланысты дайындалымдар материалдан төселім мен парақты бумаларын барынша пайдаланатындай етіп пішіледі. Мұндайда әдетте бір тапсырыстың шеңберінде құйылуларының бағыттары көлденең де, ұзынынан да келетін даярламалар жасалынады.
Түптеу материалының парағын кесу үшін бірпышақты кесу машиналары қолданылады. Рулондық материалдан қажетті пішін алу үшін арнайы мата кесуші құрылғыларда өңделінеді, оларда ұзына бойы кесу дискі пышақтармен, ал көлденеңдері шапқыш кесумен іске асырылады.
Отставты даярлау. Отставтар үшін қатырма немесе қағаз материал рулон күйінде түседі. Рулондар жіңішке жолақтарға кесіледі, түпкілікті форматтарға кесу қаптама жасайтын машиналарда іске асырылады.
Қаптамаларды даярлау - бұл қолмен шығаратын машиналарда орындалынатын жинақтаудың кешенді процесі. Мұқаба қаптамаларын қолмен басылымдар таралымы шағын болғанда немесе оларды машинада дарялау мүмкін болмаған да жасап шығарады. Мұқаба қаптамаларын қолмен жасау өнімділігі басу және еңбекті көп қажет етпейтін процесс. Сол себепті қаптамалардың сапасын арттыру үшін әртүрлі тетіктерді қолдану және оларды даярлау процесін ішінара механикаландыру қажет. Бүкіл жұмыс кешенін орындау үшін қағаз пішу машинасы, желім жағушы құрылғы, бүгілмелеу станогы, тегістегіш - түйек қажет.
Кітап өнімдерін шығаратын ірі және орта полиграфия кәсіпорындарында қаптама жасаушы машиналар жұмыс істейді. Қаптама жасаушы машиналар түптеу материалының сипатына қарай рулондық және парақтық болып бөлінеді. Рулондық машинаға 2КД-Зм әмбебап қаптама шығарушы машина және торлама жасау үшін де қолданылатын КДШ мен КД-3 машиналар жатады.
Құрамдас мұқаба қаптамасын шығарудың технологиялық процесі түптеу материалын пішу және жинақтаудың екі мәрте процесімен толықтырылады.