12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Қаптамалардың қаттытиптерінің құрылысдаіысы



бет135/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қаптамалардың қаттытиптерінің құрылысдаіысы (5,6,7) (8-9типтері);
1. қатырма өңірлер; 2. отстав (қалың қағаз немесе қатырма жолағы);
3. түптік техникалық мата(түп), 4. жабын материалы;
5. шпация (қатырма өңірлерінің арақашықтығы);
6. расстав (отстав пен қатырма өңір арақашықтығы)


7 тип - тұтас жабатын жиектемелі қатырма өңірлер мен отставтан тұратын мұқаба қаптамасы. Бүтіндей материалдың немесе ламинатталынған қағаздың тұтас бөлігімен жабылған, бұрыштары тік (жұмыр да болулары мүмкін), түбі жұмырланған немесе тік.
8 тип - жапсырма өңірлі және түбі жапсырмалы жиекті (жиексіз де болады) мұқаба қаптамасы. Жапсырмалы қатырма өңірлері 4 жағынан жабын материалымен желімделінеді, яғни қакпақшалар барлық төрт жақтарынан бүгіледі. Түбір отставы екі жағынан бүгілмелі материалмен жабылған. Жапсырмалы қатырма өңірлері мен отстав бөлек даярланады. Түбі жазық, бұрыштары тік (тік желімделінгендері де қолданылады).
Қатырма өңірлер барлық төрт тұсынан жабындау материалымен желімденеді. Қаптама бөлшектері 8-типтегі қаптамалардікіне ұқсас жинақталынады.
15.5. Қаптамаларды даярлау

Қаптамаларды құрастыру үшін кітап блогының көлемдерінен есептеп шығарылатын көлемдік тәуелділіктер бар. Тұтас жабын қаптамаларын даярлау үшін үш, ал қүрама мұқаба қаптамаларын даярлау үшін бес операция қажет.


Қаптамаларды даярлаудың технологиялық фазалары мынандай кезеңдерді қамтиды:

- қаптамалар үшін түптеу материалдарын пішу;


- қаптамаларды даярлау – тұтас және құрама қаптамалардың бөліктерін жинақтау;
- қаптамаларды әрлендіру- қаптамаларға бедер салу немесе басу;
- қаптамаларды қалыптастыру - қаптамалар каландрланады және түптері жұмырланады.
Қатырманы пішу. Қатырма қаптама өлшемдеріне өлшемдеріне қарай кесілуге жататын табақтар түрінде жеткізіліп беріледі. Мұндайда қатырманы қуыс бағыты блоктың биіктігіне сәйкес келуіне назар аудару қажет, өйткені бұл қаптаманың сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Қатырма табақтары қатырма кескіш машиналардың дискілі пышақтарымен кесіледі. Қазіргі қатырма кесу құралдары автоматтық өздігінен бергішпен, бұрыш астында орналасқан екі дискілі пышақ торабымен және автоматты шығарумен жабдықталынған. Көлденең кесуі жапқыш түрінде құрастырылған қатырма кесуші машиналар да ұсынылады.
Шағын полиграфиялық кәсіпорындар мен ірі кәсіпорындардың макет бөлімдерінде қатырма КР-1200 (Харьков ПМЗ, Украина) немесе Идеал 1110 («Идеал» фирмасы, Германия) типтес қатырма кесуші станоктарда пішіледі. Іpi полиграфиялық кәсіпорындарда қаптама қатырмасы ТКР-120 (Щадрин ЭЛМ, Ресей) картон кесу машинасында және РК («Колбус» фирмасы, Германия) автоматтарында кесіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет