12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет148/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін тигізбейтін немесе азайтатын санитарлы-гигиеналық, ұйыдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы - қауіпті өндірістік факторлардың, яғни белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге әсері жарақаттануға немесе басқа денсаулығының кенет нашарлануына алып келетін факторларды болдырмайтын немесе азайтатын ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдардың жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі - бұл нысананың өрт шығу мүмкіндігін болдырмайтын, ал шыға қалғанда өрттің қатерлі факторларының адамдарға әсерін болғызбайтын және материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз етуші жағдайы.
Өндірістік қауіп-қатер - бұл қауіпті және зиянды өндіріс факторларының қызметкерлерге әсер ету мүмкіндігі.
Еңбекті қорғау - құқықтық, элеуметті-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, саиитарлы-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбекті қорғау еңбек құралдарының, өндірістік процестердің, қоршаған ортаның адам ағзасына әсіресе зерттеуге және бұлшық ет энергиясын аз жұмсап, жоғарғы еңбек өнімділігіне жету үшін оңтайлы жағдайлар жасауға көмектесетін еңбекті ғылыми ұйымдастыру, инженерлік психология, еңбек физиологиясы, эргономика, техникалық эстетика және қоршаған ортаны қорғаумен тығыз байланысты. Еңбекті қорғау үшін инженерлік психологияның маңызы ерекше, өйткені ол адамның - еңбек процесінің субъективті-өзара әрекеттесулерін зерттейді және адамның күшін, жұмыс қабілетін, денсаулығын және жақсы психологиялық көңіл-күйін сақтауға оңтайлы еңбек жағдайларын құру үшін оның еңбек процестеріндегі функционалдық мүмкіндіктерін белгілейді.
Еңбек физиологиясы - адамның еңбек қызметіне және осы қызмет ететін өндірістік оңтайлықтың жағдайларына байланысты адамның ағзасындағы физиологиялық процестерді зерттейді. Еңбек физиологиясы еңбекті қорғау саласындағы техникалық, санитар гигиеналық құралдар мен іс-шараларды жасау үшін негіздердің бірі болып табылады. Еңбекті қорғау эргономикамен, зерттеу нысаны тірі және тірі емес «адам-машина-орта» жүйелерінен құрылған кешен болып табылатын мәнмен тығыз байланысты. Эргономика еңбек процесінде адамға оның күшін, жұмыс қабілетін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ете отырып, оған еңбек процесінде колайлы жағдайлар туғызу мақсатымен адамның еңбек процесіндегі функциональдық мүмкіндіктерін ескере отырып зерттеулер жүргізеді, техникалық құрал-жабдықтардың жобаларын даярлайды, оларды шығару және пайдалану жөнінде кеңестер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет