16.2. Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі
Полиграфияда қоршаған орта мәселелері әр түрлі қырларынан қарастырылады және жергілікті, ұлттық, халықаралық деңгейлерде шешіледі. Басылатын материалдардың алуан түрлілігі мен полиграфияда қолданылған химиялық заттардың көптігі соншалықты, олардың белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін бағалау түрліше болып келеді.
Әрбір өнеркәсіп өндірісі қоршаған ортаға әсер етеді. Полиграфия өнімдерін өндіру ресурстарды пайдаланады және қоршаған ортаға әсер етеді. Энергия, ауа, су сияқты ресурстарды, сонымен бірге ең маңызды екі өнім – қағаз бен бояуды және басқа да қажетті материалдарды ұтымды және үнемі пайдалану, полиграфия өнеркәсібінің, басу жүйелерін шығарушылар мен жеткізіп берушілердің және қалдықтарды өңдеумен айналысатын фирмалардың аса маңызды міндеті болып табылады.
Бүгінге дейін полиграфияда қоршаған ортаны қорғау жөнінде көптеген табысты іс-шаралар іске асырылды. Кейбір мысалдар келтірейік: • Ұшатын органикалық заттардың булануын азайту үшін Германияда полиграфия өнеркәсібінде салалық бастамашы топ құрылған болатын. Басу машиналарын, біліктерді жуу қондырғыларын шығарушылар өздеріне жуу қондырғыларының барлығына тек ұшпалылығы төмен тазалаушы заттарды қолдануға міндеттеме алды. Тәуелсіз бақылау институты құрал-жабдықтың (заттардың) техникалық қауіпсіздігі мен уландырғыштық зиянсыздығы, сонымен бірге қоршаған ортамен және материалдармен байланысын тексереді де, сынаудан өткізілгендегі туралы куәлік береді. Жуу процесінде еріткіштердің булануы 1995 ж. бері қарай күрт азайды. Баспасөз және қағаз өңдеу кәсіподағы ұйымдастыратын бастамашы топтың тұрақты кездесулерінде бұлардан басқа да мәселелер қаралады. Мысалы, офсеттік басылым үшін ылғалдаушы ерітінді де спирттің үлесін азайту және қабылдағыштағы табанды тозаңдау кезінде ластаудан сақтайтын ұнтақтың шығынын қысқарту (толық кебе қоймаған бояудың парақтың екінші бетіне жағылудан сақтандыру үшін). Бұл бастаман басқа Еуропа елдеріне тарату 1998 жылы басталды.
• Қағаз – ағаш талшықтарынан жасалынатын материал. Басқа материалдар, мысалы, толтырғыштар мен пигменттер оның құрамының 35% барады. Ағаш-өсімдік шикізат, әлемде дайындалатын ағаш өнімдерінің 8 пайызға жуығы қағаз шығару үшін жұмсалады. Тропикалық ағаштар қағаз шығару үшін пайдаланылмайды, себебі олардың талшықтары бұл үшін жарамсыз. Полиграфия өнеркәсібі бірнеше жылдан бері нақтылы орман алқабын қорғау мақсатына қызмет ететін ағаш пайдаланушылыққа колдау көрсетіп келеді.
Қағаз өңдеуде таяу уақытқа дейін целлюлозаны ағарту үшін хлор пайдаланылып келген болатын, бірақ ақаба сулардың ласталуына байланысты, Еуропалық өндірушілердің көпшілігі өздерінің ағарту технологиясын оттегі мен сутегі тотығына ауыстырды.
Бacылым қалыптарын фотомеханикалық әдіспен даярлауда шығарғыш пен бекіткіш қажет, олардың көмегімен басылым қалыптары үшін түснұсқа болып табылатын күміс құрамдас пленка өңделеді.
«Компьютер-басылым қалыбы» және «Компьютер-басылым машинасы» жүйелерін қолдануға байланысты фотохимикаттар мен материалдарды пайдалану ішінара немесе түгелдей қажетсіз болып табылады.
Баспа өнімдерінде ауаға зиянды заттарды шығаруды қысқарту үшін шаралар қолданылуда, бұлар офсеттік басылымның технологиялық процесінде ұшатын органикалық қоспалар болып табылады. Олар ылғалдаушы ерітіндіден, әдетте 8 ден 15 пайызға дейінгі мөлшерде қосылатын изопропил спиртінің ұлғаюынан, сонымен бірге біліктерді офсеттік жолақтарды және машинаның басқа да детальдарын жуатын құралдардан тұрады. Егер спирттің орнына ауыстырғыштарды (мысалы, глаколия) қолданып, спирттің үлесін азайтса және техникалық жетілдірулерді (мыс, суды кері осмос тәсілімен байытса, бояу аппаратының температурасын реттесе) қолданғанда, кейбір кәсіпорындардың тәжірибесі көрсеткендей, қысқарулар 4% бен 8% дейін жетеді. Тез ұшып кететін тазалау заттарының тастандыларын оларды қайнау нүктесі жоғары аз ұшатын заттарға ауыстырғанда да шығарымдыларды азайтуға болады.
Офсеттік басылым үшін баспа бояуларында (бояулар суытылғанда бекитін парақтық және рулондық офсет) ұшатын органикалық қосылыста болмайды, өйткені ерітінділер ретінде қолданылатын майларда бөлме температурасы жағдайларында ұшатын органикалық қосылыстар жоқ. УФ бекіту үшін құрылғылардың ескі моделдері оларға ауа тазалайтын құрылғылары қосылмаса, озон болып шығарады.
Рулондық офсетте (бояуды қыздырып бекітетін) еріткіштер кептіру құрылғыларында ыстық ауамен үрлегенде бөлініп шығады да, 99% жанып кетеді. Жылу алмасулар арқылы ыстық тазартылған ауаны жылыту немесе ыстық су дайындау үшін қолдануға болады. Каталистік немесе регенераторлық жағу кері ауаны тазалау үшін қолданылуы мүмкін.
Ойыңқы басылымда қоршаған ортаны қорғау әзірге зерттелу және жасалу сатысында.
Басылым қалыптарын даярлағанда экология тұрғысынан қалыптық цилиндрді күйдірмелеу және гравюралау процестерін ажырату керек.
Цилиндрді гальваникалық өңдеу екі процесте де бірдей: хром жабындыны кетіру, мыс жабындыны кетіру, майды кетіру, декапирлеу (химиялық жылтырату процесі), мыс қабатын жағу, хромдау. Автоматтандырылған гальваникалық желілер қазір де ақаба суларды аса көп қажет етпейді.
Регенерациялық құрылғылары ерітінділерді жұмыс кезінде өңдеуі жарамды қалыпта сақтайды және өте сирек ауыстырулары, одан соң тазалауға жіберілулері керек. Күйдіруге қарағанда гравюралау қоршаған ортаны аз ластайды. Ойыңқы басылым бояулары құрамының 80% еріткіштерден тұрады, бұл үшін толуол пайдаланылады. Кептіру құрылғыларында толуолдың буы сорылып, регенерациялау қондырғысына келтіріледі. Регенерация үлесі қазіргі кезде 98% артады. Басу секциялары қондырғыларының герметизациялануына байланысты толуол таралған бу ретінде цехқа ене алмайды, регенерацияланған толуолдың бір бөлігі типографияда концентрат түрінде жеткізіліп берілетін баспа бояуын сұйылту үшін пайдаланылады. Регенерациядан кейінгі артығы қайтара пайдалану үшін бояулар даярлауға қолданылады.
Құрамында толуол аз жаңа бояулар оның баспа өнімдерінің құрамдарындағы үлесін азайтып, регенерация үлесін бұрынғыдан да арттыра түседі. Су негізіндегі ойыңқы басылым бояулары кептіру кезінде знергаяның үш есе көп жұмсалатындығына байланысты өте аз қолданылады. Термобояулардың нарықта кашан көп таралатындығын әзірше кесіп айту қиын. Құрамында үшып кететін еріткіштері жоқ бұл бояулар қазіргі кезде жасалу үстінде.
Шығыңқы басылымда синтетикалық материалдардан жасалынған фотополимерлік қалыптары кеңінен қолданыс тауып отыр. Даярлау кездерінде әр түрлі зиянды заттар (қышқыл т.б.) көп қолданылатын металл басылым қалыптары (цинктен, магний мен мыстан «клише күйдіру»), сонымен бірге гарттардың да маңыздары күрт төмендеді. Полимерлік басылым қалыптарын даярлағанда ерітінділері бар шайылма ерітінділер айдалғаннан кейін бірнеше мәрте қайта пайдаланылады. Қандай жағдайларда болмасын, еріткіш ретінде перхлорэтиленді қолданудан бас тарту қажет.
Баспахана бояуларында ұшпалы қосындылар жоқ, басу процесі ақаба суларын ластауға алып келмейді, зиянды заттарды бөліп шығармайтын ерітінділерді жуу-шаюға пайдалану арқылы офсеттік басылымда да жақсы нәтижеге қол жетті.
Флексографиялық басылымда қазіргі кезде бұрынғы резіңке қалыптар мен гравюраланған резіңке цилиндрдің орындарына фотополимерлік басылым қалыптары қолданылады. Қоршаған ортаны ластауы типографиялық басылымның пластмассалық қалыптарын даярлау кезіндегі ластаумен бірдей. Флексографиялық бояулар құрамында үш атпен органикалық қосындылар ретінде, ең алдымен спиртті этанол, көбінесе онымен бірге этилацетат, арнайы бензиндер, толуол, изопропиндік спирт және ацетон кездеседі. Шығарушылардың алған міндеттемелеріне сәйкес метанол енді қолданылмайтын болды. Толуол да күннен-күнге сирек қолданылуда. Су негізді флексографиялық бояулар УФ бекітілуші флексографиялық бояулар сияқты сіңіргіштік қасиеті жоғары материалдарды басуда кеңінен қолданылып келеді, бірақ оларды пайдалану еңбекті қорғау мен ауаны пайда болған озоннан тазартуға көп шығын жұмсауды қажет етеді.
Полиграфиялық өндірістің экологиялық жағдайларын жақсарту жөніндегі екінші бағыт – экологиялық таза немесе зияндылығы аз, ең бастысы автоматтандырылған технологияларды жасап шығару ең прогрессивтік және болашағы зор болып табылады. Бұл бағыт әсіресе мәтіндік және бейнелеу ақпаратын өңдеу процестері мен басылым қалыптарын шығаруда қарқынды дамуда.
Полиграфияда еңбек қорғау еңбекті қорғаудың, өндірістік санитариялық, полиграфиялық кәсіпорындардағы техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |