Растровая горка (воронка) - растрлық төбешік (шұңкыр) — растрлық функцияның кеңістіктік кезеңінде орталықтан шетке қарай бірқалыпты азаятын (артатын) синтез элементтерінің салмақтық мағыналарының бөлінуі.
Растровая функция - растрлық функция - түпнұсқаны, полиграфиялық растрлы бейнеге айналдыру үшін жартылай реңді түпнұсқа модульдеуші белгі: оптикалық (проекциялық немесе түйіспе растрмен), аналитикалық және электрлік (ұқсама немесе санды қалыпта) жолдармен беріле алады.
Растровая ячейка—растрлық ұяшық - қара бірліктік аумақ.
Растровое растояние — растрлық арақашықтық — фотоқабат пен проекциялық растр аралығындағы саңылау.
Растровой процессор- растрлық процессор - шығаруға жарамды пішімдегі жолақтың биттік картасын құрастырушы есептеу құрылғысы немесе бағдарлама.
Редакционная тонопередача — редакциялық рең беру - түпнұсқаның баспа-таңбадағы жарықтылықтарының арақатысын бұрмалап жаңғырту.
Резкость - айқындылық - шайылу аумағы мен контурдың көлеміне кері шама.
Репродукционный процесс - репродукциялық процесс – бейнелік түпнұсқаларды қасиеттері бейненің таралымдағы сапасының үйлесімділігін қамтамасыз ететін аралық бейнелерге (бит карталарына, суретқалыптарға, басылым қалыптарына т.б.) айналдыруға байланысты полиграфиялық технологияның бір бөлігі.
Розетка- көп бояулы баспа-таңбадағы түске бөлінген бейнелердің тұрақты растр нүктелерімен муардың жоғарғы кеңістік жиіліктерінде түзілетін геометриялық фигура.
Светлота - жарықтылық - жарықтықты бақылаудан келісілген жағдайларында түйсіктің сипаттамасы.
Сглаживание - тегістеу а) контурлардың деңгейлі бұрмалаушыларын (синтездің ажыратушылық қабілетінің бастапқы файлдікінен артық болғанында) белгінің қосымша мағыналарын (әдетте интерполяциялау жолымен) aлy есебінен жою; б) бейненің реңдік бөліктеріндегі жоғарғы жиіліктегі шулары (түйіршектілігі) мен реңнің қажетсіз секірістерін жою.