12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Ақпаратты жазу тәсіліне қарай



бет35/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

4. Ақпаратты жазу тәсіліне қарай:
- пішімдеп жазу;
- элементтері бойынша жазу.
Басу қалыбының жалпы көрсеткіштері.
1. Басу қалыбының өзіндік құны.
2. Басу қалыбын даярлау айналымының ұзақтығы.
3. Сапасы.
4. Элементтерді ұдайы өндірістік мүмкіншілігі.
5. Экология.
6. Процестің автоматтандырылу дәрежесі мен оның тұрақтылығы.
7. Материалдардың тапшылығы.
8. Еңбек жағдайлары.
9. Қалдықсыз технология.
10. Өлшемдік көрсеткіштері (мм, см) басу машиналарының пішімдеріне байланысты. Табақтық машиналар үшін басу қалыптарының пішімі, баспа табақтың пшімдері кіші болмауы тиіс; басу қалыптарының рулондық пішімдері үшін, бұл өлшем қатаң түрде белгіленеді


Басу — техникалық көрсеткіштері.
1. Таралым тұрақтылығы.
2. Басылатын табақ қағаздың жазықтығы және бояуды қабылдау.
3. Басу бояулары мен ерітінділеріне төзімділігі. Репродукция — графикалық көрсеткіштер.
1. Жеке берілген сызықтар саны, шешу қабілеттілігі;
2. Ерекшелену қабілеті - басу қалыбының жеке тұрған сызықтың ең аз қабатын бере алу қабілеті.
3. Реңдік түпнұсқаны үдемелі түрде беруі.
4. Қаріптік элементтердің ұдайы өндірістік графикалық дәлме-дәлдігі.
5. Полиграфиялық қаріптің ұдайы өндірістік дәлдігі.
Сенситометриялық көрсеткіштері.
1. Жарық сезгіштігі;
2. Түстердің кереғарлығы (контрастность);
3. Спектрлік жарық сезімділігі (жарық көзінің спектрлік сипатын анықтайды).
Технологиялық көрсеткіштері.
1. Суретті айқындау қабілеттілігі;
2. Физика-химиялық қасиеттері (молекулярлы қабаттық).
3. Көшірім қабатының астарға жабысқыштығы.
4. Гидрофильдік жабыны мен анодтық пленкасының төзімділігі (босаралық элементтерінің төзімділігі).
5. Қорғаныс қасиеттері (қышқылға төзімділігі). Табиғатына қарай металл, полимер және қағаз қалыптық пластиналар монометалдық және биметалдық болып бөлінеді: монометалдық қалыптарының басылатын және бос элементтері бір металл жазықтықта болады. Биметалдық қалыптарда басылушы элементтер бір металға (әдетте, мысқа), ал бос элементтер екінші металға (хром, сирегірек никель) орналастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет