Технологиялық қасиеттері. Айқындалғыштығы - қабаттың оны одан әрі қарай қашықтау жағдайындағы еру қабілеті. Айқындалғыштық (көшірім қабатының астарға жабысқақтығының тандаулы көрініс табуы тұрғысынан, көшірім қабатының өндеуші ерітіндіге төзімділігі, гидрофильдік жабынның тұрақтылығы) белгілі мөлшерде көшірім қабатының таралым төзімділігіне, сақтау кезінде тұрақтылығына, қорғаушылық қасиеттеріне әсер етеді.
Айқындалуға мынандай факторлар әсер етеді:
- көшірім қабатының құрамы;
- экспозицияның көлемі;
- көшірім қабатының қалындығы;
- айқындағыштың құрамы;
- айқындалу жағдайлары.
Қорғаушылық қасиеттері- қышқылға төзімділік. Оған мынандай факторлар әсер етеді:
- көшірім қабатының құрамы;
- фотоматериалдың жарықтану мөлшері;
- көшірім қабатының қалыңдығы;
- көшірім қабаты жағылған бет;
- күйдіргіш ерітіндімен өңдеу тәсілі — ерітіндінің құрамы;
- қосалқы бөліктердің бар екендігі.
Физика-химиялық қасиеттері— молекулярлық фотоматериалдың беті.
Сусіңіргіштігі мен су өтпейтіндігі суланғыштықтың шеткі бұрышы ылғалдау арқылы анықталады.
Көшірім қабатының астарға жабысқыштығы мынандай тәсілдермен тексеріледі:
-бүгілімдердің санына қарай;
-таралым төзімділігіне қарай (кездейсоқтық факторымен: бояу, қағаз т.б.).
Сусіңіргіш қабілеті мен анодтық пленканың төзімділіктері босаралық элементтердің тұрақтылығын сипаттайды. Тәсіл анодтық пленканың үйкеліп бітуіне негізделінген. Бұл тәсіл көшірім қабатының беріктігін бағалау үшін де қолданылады.
Қайталау үшін сұрақтар
1. Құрамдас басу қалыбы деген не?
2. Басу қалыбын таңдау неге байланысты?
3. Көшірім қабаты дегеніміз не?
4. Көшірім қабаттары қандай болады, олардың қызметі неде?
5. Көшірім қабаттарына қойылатын талаптар.
6. Қалыптық пластиналарды даярлау тәртібі қандай?
7. Көшірім қабаттарының негізгі қасиеттерін атандар.
8. Жарықсезгіштікке әсер етуші факторлар.
9. Басу қалыбының айқындалғыштық және ерекшелеушілік қабілеттеріне қандай факторлар әсер етеді?
10. Басу қалыбының көшірім қабатының өңдеуші ерітіндіге төзімділігі неге байланысты?