Көшірім қабаты— жұқа (1-4мкм), сәулелендіру әрекетінің нәтижесінде өзінің ерігіштігін өзгертуге (қосуға немесе азайтуға) қабілетті құрғақ полимерлі материал.
Көшірім қабатының құрамы:
- пленка түзуші полимер (әдетте, жарық сезбейтін);
- жарық сезгіш қабаты (УФ=320-460мм сезетін);
- еріткіш (алғашқы екеуі сияқты - ұнтақтар);
- бояғыш (алғашқы екеуі сияқты - түссіз);
- қосымша қоспалар.
Көшірім қабаттары позитивті және негативті болады. Позитивті қабаттардың ерігіштігі сәулелендіру процесінде көбейеді, ал негативтік қабаттарының ерігіштігі сәуленің әсерінен керісінші азаяды. Көшірім қабатының қызметі оның нақтылы технологиялық процестегі функцияларына байланысты.
1. Шығыңқы басылымда: қорғау функциясы (басылушы элементтерді күйдірілуден сақтайды);
- негізгі жұмыс функциясы (фотополимерленуші құрылымдар үшін);
2. Жазық офсеттік басылымда:
- жұмыс функциясы (басылушы элементтерді құрастыру үшін) монометалл;
- қорғау функциясы (бос орындық элементтерді қорғау үшін биметалл).
3. Ойыңқы басылымда - күйдіру реттестірушісі (пигменттік тәсілде және ойыңқы автотипияда).
Құрамдарына қарай, көшірім қабаттары мынандай топқа бөлінеді:
- хром қышқылының тұзы бар ылғалдандырылған полимерлер (қазіргі кезде өндірістен алынып тасталынған);
- диазоқосылғыштар негізіндегі ылғалдандырылған полимерлер;
- фотополимерленуші көшірім қабаттары.
Көшірім қабаттарына қойылатын негізгі талаптар:
- заттың суланбауы, дымқылданбауы;
- қалыпты пластина жабысқақтығы;
- жарық әсеріне төзгіштігі;
- баспа бояулары мен жуу материалдарының әсерлеріне төзімділігі. Жалпы алғанда, көшірім қабатындағы физика-химиялық процесс үш сатыдан тұрады:
1.Жарық квантын жұтуының нәтижесінде молекулалардың электрондық қозу жағдайына келуі.
2. Аралық өнімдер құралатын алғашқы физика-химиялық процесс.
3. Аралық өнімдердің екінші мәрте реакцияларға түсуі.
Көшірім қабатындағы молекулалардың электронды қозу жағдайы, химиялық өзгерістерге (ерушілігінің өзгеруіне) алып келеді. Барлық химиялық өзгерістер көшірім қабатының полимерлік пленкаларындағы өзгерістерге байланысты. Көшірім қабаттарына қойылатын технологиялық талаптар:
- жарық сезгіштігінің салыстырмалы жоғарылығы;
- сәулелену барысынды ерігіштігін өзгертуге қабілеттілігі;
- астардың бетіне жабысқыштығы.
Көшірім қабатын бірнеше тәсілмен жазуға болады:
1. Біліктік тәсіл (ерітіндінің белгілі мөлшері пластинаның сыртына біліктердің көмегімен жағылып, мөлшерленеді).
2. Ерітіндімен әсер ету тәсілі (пластинаны ерітіндімен шаю).
3 Жоғарғы кернеулі электрлік өрісте бүркеу тәсілі (көшірім ерітіндісінің зарядталған бөліктерін астарға көшіру).
Электрлік тозаңдату тәсілінің артықшылықтары:
- көшірім ерітіндісі шығынының аздығы;
- көшірім қабатының астарға күшті жабысатындығы.
Көшірім қабатын кептірудің негізгі тәсілдері:
- үстіңгі жағынан ыстық ауамен конвекциялық құрғату еріткіштің алдымен қататын пленканың жоғарғы қабатының төменгі жағынан ұшып-кебуінің қиындығына байланысты, сапасыз;
- терморадиациялық - астарды сәулемен астынан қыздыру (ерітіндінің кедергісіз ұшып кетуін қамтамасыз етеді);
- индукциялық – астарда токтың құйынданып айналуына мүмкіндік жасау (қыздырып, астыңғы қабаттарынан еріткіштің ұшып кетуіне алып келеді). Даярланған қалыптың пластиналары мынандай көрсеткіштеріне бағаланады:
- кедір-бұдырлығы;
- қалыңдығы;
- алюминий пластина мен көшіру қабатының қалыңдығы (өлшеу тәсілі, аналитикалық таразыларда);
- үстіңгі қабат молекулалық қасиеттері ылғалданбау қабілеті мен суланбауы ылғалдандырудың шеткі бұрышын өлшеумен тексеріледі;
- репродукциялық-графикалық қасиеттері;
- технологиялық қасиеттері;