12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата02.01.2017
өлшемі1,5 Mb.
#969
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



12 жылдық бастауыш мектептің

базалық білім мазмұнын анықтау әдістері

Астана


2013

2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).

12 жылдық бастауыш  мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері.

Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім

академиясы, 2013. – 83 б.

Әдістемелік

құралда


кіші 

жастағы 


балалардың

психологиялық,

физиологиялық ерекшеліктері сипатталып, соған сәйкес бастауыш сыныптарда

оқытылатын пәндердің базалық білім мазмұны ұсынылады.

Әдістемелік құрал мектеп басшыларына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы

білім беру саласының мамандарына арналған.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



3

Кіріспе

Мемлекет  экономикасының  қалыпты өсуiн қамтамасыз  ететін  негiзгi

факторлардың бiрi  және  оның дамуының  өзегi – бiлiм  берудiң тиiмдi  жүйесiн

құру.  Бiлiм  беру  жүйесi  және  азаматтардың бiлiм  деңгейi  мемлекет  дамуының

стратегиялық қоры болып табылады.

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев:  «Болашақта өркениетті  дамыған  елдердің  қатарына

ену үшін  заман  талабына  сай  білім қажет. Қазақстанды  дамыған  елдердің

қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең ететін – білім»  екенін  айта  келіп,  ол үшін

«Бізге  экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы

заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін

2012  жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан - 2050»  стратегиясы – қалыптасқан

мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты»  атты Қазақстан  халқына  Жолдауында алға

қойған болатын.

Орта  білім  беру  жүйесіне  сапалық  өзгерістер  енгізу қажеттігі Қазақстан

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған

мемлекеттік  бағдарламасында, Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейін

білім 

беруді 


дамыту 

Тұжырымдамасында 

айқындалып,

Қазақстан

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған

мемлекеттік  бағдарламасында жалғасын  тапты.  Осыған  орай  мемлекетіміздің

әлемдегі  бәсекеге қабілетті  елу  елдің  қатарына  және әлемдік  білім  беру

кеңістігіне  ену үшін  жаңа  мазмұндағы  білім  беру жүйесін құру қажет. Білім

беруді 

заман 


талабына 

сай 


жаңа 

мазмұнда


ұйымдастыру

12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.

Қазақстандық білім  беру  жүйесінің  12 жылдық білім  моделіне  көшуі  жас

ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отандық білім беру жүйесін әлемдік

білім  беру  жүйесіне  кіріктіру  мақсатынан  туындады.  Мектеп  бітірушінің

әлеуметтік  және қоғамдық  өмірдегі өзгерістерге  икемделе  отырып,  мектепте

алған  білімдері  негізінде әрекет  етуге қабілеттілігі  мен  дайындығын  тың

мазмұнды  жаңа  мектеп қана қамтамасыз  ететінін әлемдік  тәжірибе  көрсетіп

отыр.  Мәселен,  (Финляндия,  Сингапур,  АҚШ)  алдыңғы қатарлы  дамыған

елдердің 12 жылдық білім беруге көшудегі нақты қадамдары еліміздің білім беру

жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәлелдейді.

12  жылдық білім  жүйесінің негізгі  мақсаты – қарқынды  дамып  келе  жатқан

өзгермелі қоғамда өмір  сүруге  икемді, өздігінен  білім  алуға,  алған  білімін

өмірлік  жағдаяттарға  сәйкес қолдана  білуге, өзін-өзі  толық жүзеге  асыруға

дайын,  шығармашылыққа  бейім, құзыретті  және  бәсекеге қабілетті  тұлғаны

қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Ал  оқушы  тұлғасының  қалыптасуы  мен  дамуы қарқынды  жүретін  ең

маңызды буын – бастауыш мектеп екені белгілі. Осыған орай, интеллектуалдық,

біліктілік,  коммуникативтік  жағынан  баланы әлеуметтік  ортамен  (табиғатпен,

басқа адамдармен, өзімен-өзі, т.б.) белсенді қарым-қатынасқа түсуге, сол ортаға

барынша  тез  бейімделе  алуға  дайындау  осы  бастауыш  оқыту  кезеңінің негізгі

қызметі болып табылады.



4

XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин,

Ш.Уәлиханов  оқушы  тұлғасын  дамыту  мәселелерін  көтерсе,  XX ғасырдың бас

кезінде Қазақстанда  педагогикалық теория  негіздерінің  қалыптасуына  ат

салысқан 

көрнекті


қайраткерлер 

Ж.Аймауытов,

Ш.Құдайбердиев,

А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында

білім беру үрдісінде балалардың жеке тұлғасын дамыту мәселесімен айналысты.

Білім  беру  мазмұнын құру  мәселесі әлемдік  педагогика  классиктері

Я.А.Коменский, 

И.Г.Песталоцци,

И.Гербарт, 

К.Д.Ушинский,

т.б.

ұлы


педагогтардың есімдерімен тығыз байланысты және олардың еңбектерінде терең

қарастырылған.

Бастауыш білім  беру  мазмұны мәселелерімен  И.П.Подласый, оқу  мазмұнын

құру  мәселесімен  Ю.К.Бабанский,  Т.А.Ильина,  И.О.Харламов,  Н.А.Сорокин.

В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Д.Д.Зуев, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько айналысты.

Қазақстанда педагогика ғылымы  саласында осы  мәселеге қатысты келесі

ғалымдардың еңбектері бар: ХІХ ғасырдың екінші жартысында халық ағарту ісі

мен  мектеп  тарихын  Т.Тәжібаев,  А.І.Сембаев,  бастауыш  мектептегі  білім  беру

мазмұнының дамуын А.Н.  Ильясова,  бастауыш  мектептегі  білім  беру  мазмұны

мәселелерін Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев зерттеді. Оның ішінде оқыту мазмұнын

құру  мәселесімен

Қ.А.Аймағамбетова,  Г.А.Бадамбаева,  А.Е.Әбілқасымова,

Ә.Әмірова, 

Т.Жексенбай, 

Т.Қ.Оспанов, 

Н.П.Павленко, 

С.Р.Рахметова,

Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев т.б. айналысты.

Әдістемелік құралдың мақсаты – 12  жылдық білім  беру  жүйесіндегі

бастауыш білім беру мазмұнын

айқындау.

Әдістемелік құралдың міндеттері:

- бастауыш  мектеп  оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері  мен  оқу

жүктемесіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сипаттау;

- бастауыш 

мектеп 


оқушыларының

психологиялық-педагогикалық

ерекшеліктерін айқындау;

- бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің ерекшеліктерін айқындау;

- бастауыш  мектепте оқыту  нәтижелерінің  қазіргі  кездегі  талаптарын

талдау;


- оқу  пәндерінің базалық мазмұнын  анықтау әдістерін  дидактикалық және

жекеәдістемелік оқытудың принциптерін есепке ала отырып зерттеу;

- 1-4  сыныптардың оқу пәндері бойынша  базалық мазмұнын үлгі  ретінде

беру.


Әдістемелік құрал  кіріспеден, бес  бөлімнен, қорытындыдан,  пайдаланылған

әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.



5

1

Бастауыш 

мектептің

базалық

білім 

мазмұны

ұғымының

педагогикалық мәні

Қоғамның дамып өркендеуіне  байланысты қазіргі  таңда  білім  саласында  ең

өзекті  мәселенің бірі – әлемдік  білім  кеңістігіне  жол  ашатын  12  жылдық білім

беру  жүйесіне  көшу  болып  отыр.  Білім  берудің

бұл  моделі

әлемнің


80%-дан астам  елдерінде қолдау  тапқан. Соңғы  жиырма-отыз  жылда әлемде

ғылым 


мен 

техниканың

орасан 

жетістіктерге



қол 

жеткізіп, 

жаңа

технологиялардың



қоғам

өмірінің  әртүрлі  саласына  кеңінен  енгізілуіне

байланысты жас ұрпақты жаңа кезеңнің талаптарына сай оқыту қажет. Қазақстан

мемлекеті үшін әлемнің сұранысына  сай  тұлға қалыптастырып, дүниежүзілік

қауымдастыққа  ену жолы 12  жылдық білім  беру  жүйесіне  көшу  болып

табылады.

Бұған

Қазақстан 



Республикасының

2015 


жылдан 

бастап


12 жылдық білім беру жүйесіне жаппай көшуге ұмтылысы айғақ болып отыр.

Білім  негізі  бастауышта қалыптасатындықтан, 11  жылдық білім  беру

жүйесіндегі  бастауыш білім  мазмұнымен салыстырғанда  12  жылдық білім  беру

жүйесіндегі бастауыш білім  мазмұны қандай  болу  керек, қандай басты

бағыттары  мен жаңашылықтары  болу  керек деген  сұрақтар өз  шешімін тауып,

уақытпен бір қадамда болуын талап етеді.

Қазақстан  Республикасының «Білім  туралы» Заңында (2011.24.10.  берілген

өзгерістер  мен  толықтыруларымен): «Білім  беру  мазмұнына  келесі  анықтама

беріледі: жеке  адамның біліктілігі  мен  жан-жақты  дамуын қалыптастыру үшін

негіз  болып  табылатын  білім  берудің  әрбір  деңгейі  бойынша  білімдер  жүйесі

(кешені)  және  білім  беру  мазмұны  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті

стандарттары  негізінде әзірленетін  білім  беретін  оқу  бағдарламаларымен

айқындалады», – делінген [1].

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасында 

еліміздің 

12

жылдық


оқыту

моделіне  кезеңдік  көшу  мәселесі  негізгі  бағдарламалық мақсат  ретінде

қарастырылған [2].

12  жылдық мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандарты жобасында білімнің



базалық мазмұны дегеніміз – жалпы  орта  білім  беретін ұйымдардың меншік

нысанына,  типі  мен  түріне қарамастан,  меңгеруге  міндетті,  орта  білім  берудің

деңгейлерінде  оқуды  жалғастыруға  жеткілікті  болатын білім  мазмұнының

құрамы мен көлемі деген анықтама беріледі [3].

12 жылдық білім беру жүйесіне толыққанды ену үшін, оқыту табыстылығын

қамтамасыз ету үшін  білім  мазмұны қандай  болуы  керектігін  анықтап  алу –

міндетті шарт болып табылады.

Дəстүрлі педагогикада  білім  мазмұны  оқушылар  игеруі  тиіс  педагогикалық

икем  мен  сəйкестікке  келтірілген ғылыми  ақпарат  жəне  оған  байланысты

тəжірибелік  ептіліктер  мен  дағдылар  жүйесі  ретінде қабылданған. Білім

мазмұнының мəнін  ашуда  бұл  бағыт  білімдік  бағдарға бағытталған. Оқу

жүйесінде  адамзаттың тарихи  дамуы  барысында  жинақталған  білімдерді ғана

əлеуметтік құндылық ретінде қарастыру керек.


6

Білім 


мазмұнын

қалыптастыруға 

байланысты 

негізгі 


теорияларды

қарастырсақ, олар тарихи  сипатқа  ие.  Ол қоғам  дамуының белгілі  кезеңдерінде

алға  тартылатын  білім  міндеттері  мен  мақсаттарына  орай  анықталады. Əртүрлі

əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біркелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми

білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі болып келеді.

Білім  мазмұны  оқушылардың сол  білімді  меңгеруге  бағытталған ұжымдық

еңбегі жəне белгіленген мəселені шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет

ететін  пəнаралық біліктер  жүйесімен  белгіленуі  тиіс.  Осы  теорияға  орай

оқушылар  мейлінше  еркіндікпен  оқу  пəндерін  таңдауға құқылы,  оқу-тəрбие

жұмысы 


оқушылардың

субъективті

сұраныстары 

мен


қызығуларына

икемдестіріледі.

XIX

ғасырда


қазақ

халық


ағартушылары  оқушы  тұлғасын  дамыту

мәселелерін көтере бастады.

Абай Құнанбаев  адамды қоршаған  орта - табиғаттың бір  бөлігі  дей  келе,

табиғаттың адам  баласына  берген керемет  сыйы - туылғаннан  бастап  білуге,

түсінуге  деген ұмтылысы  деп  есептейді.  Бірақ, бала өсе  келе  осы қасиетті

біртіндеп  жоғалта  береді. Ұлы  ойшыл  адамның ойы  мен  санасы  оқу  іс-әрекеті

кезінде қалыптасады  деп  тұжырымдайды:  «Кей қасиет  туа  бітеді,  ал  кейбірі

еңбек арқылы қалыптасады».

Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы мынадай

пікір  айтады:  «Жас  бала  анадан  туғанда  2  түрлі  мінезбен  туады.  Біреуі - ішсем,

жесем, ұйықтасам  деп  туады.  Бұлар - тәннің  құмары,  бұлар  болмаса,  тән  жанға

қонақ  үй  бола  алмайды, һәм өзі өспейді,  таппайды.  Біреуі  білсем  екен  деп,  не

көрсе  соған  талпынып,  жалтыр-жұлтыр  еткен  болса,  оған қызығып,  аузына

салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса,

дауысына ұмтылып,  онан  ержетіңкірегенде  ит үрсе  де,  мал  шуласа  да  тұра

жүгіріп, «ол немене?», «бұл не?», деп «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп,

көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан

құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».

Ағартушы Ы.Алтынсарин: «Ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса,

оны  дамытып өзі  көрмегенді  де  танып  білуге  мүмкіндік  жасайтын  тек қана

өркениетке жетелейтін озық білім», - дейді.

Қазақ ағартушылары  бастауыш  мектепте ғана  білім  негізі қаланатыны

мойындай  отырып,  бала  дамуына  білім  мен  тәрбиенің, еңбектің,  қоршаған

ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Ш.Уәлиханов  шығармаларында  жеке  тұлға  тәрбиесіндегі  білім  мен

тәрбиенің шешуші  рөлі  көрсетілген.  Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой

қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой

жүйріктілігімен,  таңқаларлық көңілшектілігімен  ерекшеленеді». Ш.Уәлиханов

тәрбиеге үлкен мән бере отырып, адамның дамуына оның табиғи бейімінің мәні

зор екендігін алға тартады.

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда  педагогикалық теория  негіздерінің

қалыптасуына 

ат 

салысқан 



көрнекті

қайраткерлер 

Ж.Аймауытов,

Ш.Құдайбердиев, 

А.Байтұрсынов, 

М.Дулатов, 

М.Жұмабаевтардың


7

педагогикалық мұраларында  білім  беру үрдісінде  балалардың жеке  тұлғасын

дамыту мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.

Міржақып  Дулатов қазақ арасында  көбіне  көзге  түспей,  түссе  де  еленбей

жүрген ғылым-білімге, өнерге  зерек  балаларды  оқытып  тәрбиелеудің мәні

жайында  сөз  ете  келіп,  тұлға  дамытудың кейбір  психологиялық астарына

үңіледі.  М.Дулатов:  «Туысында қанша  зеректік  болса  да, ғылымсыз,  оқусыз

кемеліне жетпейді..», деді.

Шәкәрім Құдайбердиев  те  «Насихат»  атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер

мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым - таусылмас кен, оны

жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Жүсіпбек  Аймауытовтың пікірінше,  «Неғұрлым  баланың  қабілеті  мен

талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.

Бала  бойындағы қасиеттерді,  оған  жақын  жасы үлкендер  ерте  ескеру қажет.

Сонымен қатар  Ж.  Аймауытовтың ойынша, әрбір  адамның белгілі  бір

мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына

тән қызметпен айналысқаны тиімді болатынын айтты.

М.  Жұмабаев өзінің  «Педагогика»  еңбегінде  адамның дамуы  туралы  айта

келіп,  тәрбиені  ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық деп  бірнеше  түрге  бөліп

қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін оқумен баланыста қарастырады.

Белгілі  поляк ғалымы  В.Оконь функционалды  материализм атты  білім

мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай

дидактикалық теория  болмасын,  ол  оқушылардың білім  алуын қамтамасыз

етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де

жетілуіне  негіз  болуы  шарт,  яғни  таным  мен  іс-əрекет  ажырамас  байланыста

болуы қажет.  Жеке  пəндер  мазмұнында  да  сол  пəннің жетекші ұғымы  басты

назарға алынуы тиіс. Мысалы, биологияда – эволюция теориясы, математикада –

функционалды  тəуелсізділік,  тарихта – тарихи  шарттылық жəне  т.б. яғни  білім

мазмұнын анықтауда  дүниетанымдық көзқарастарды  басшылыққа  алған  жөн.

Оқыту  барысында  оқушылар өздері меңгерген  білімдерін  тәжірибеде қолданып

үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс.

Көзделген  нақты  практикалық мəселелерді  білім  негізінде  шеше  отырып,

оқушы  табиғи,  техникалық,

мəдени  жəне

қоғамдық

болмысқа  сай

өз

мүмкіндіктерін қайта қарап, өзгертуге үйренеді.



В.Оконь теориясы қоғамның білімге қойған талаптарын жəне оқушылардың

жеке  сұраныс, қызығуларын  біріктіре қамтиды. Сондықтан  соңғы  кезеңдерде

білімді  гуманизациялау  идеясында  білім  мазмұнының мəнін  айқындауда

тұлғалық бағдарлы оқу  бағытына  ерекше  назар  аударылуда. Осы  бағытқа  орай

оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.

Оқу процесі барысында ең алдымен білім алушыларда құндылықты – мəнді

сұраныстары мен қажеттіліктерін қамтамасыз  ету  міндеті  тұрады.  Ол  міндет

тұлғаға қажет сапалық қасиеттерін негіз ретінде қалыптастыру болып табылады.

Тұлғалық бағдардағы  білім  мазмұнының толық  құрылымы  педагогикалық

тұрғыда ғылыми  негізделіп, əлеуметтік  тəжірибе  күйінде  төрт  элементтен

құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді:



8

-

нəтижелік  формасы – білім (қоғам,  табиғат,  техника,  ойлау,  іс-əрекет



əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;

-

үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер



мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу;

-

көкейкесті  жағдайларда қалыптан тыс  шешімдер қабылдау ептіліктері



формасындағы – шығармашыл іс-əрекет, қызмет;

-

тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль

нормаларына,  көзқарастық идеяларға  жəне  т.б.)  формасындағы  көңіл – күй

құндылықты қатынастарды орындай білу.

Қазіргі  кезеңде  білім  мазмұнын  анықтауда  оқушыларды  шектен  тыс

ақпаратпен жүктеу проблемасы ашық тұр.

Бастауыш  білім  берудің мазмұны  оқушылардың жан-жақты  дамуы  және

олардың ой-өрісі  мен  танымдық  қызығушылығын қалыптастыруға,  сонымен

қатар  одан әрі  білім  алуға  және  келешектегі  еңбек  іс-әрекетіне  деген  негізді

құрайды.


Педагогикада «білім  беру  мазмұнын» күрделі  көп  аспектілі ұғым ретінде

А.Г.Асмолов қарастырып, білім мазмұнын білім беру процесімен байланыстыра

отырып, мынадай анықтама берген: «білім  беру  мазмұны» – тұлғаның  өмір

жолында өзін-өзі  дамытуға,  мүмкіншілігін  жете  білуге  бағытталған  кең

таңдау процесі. Демек, білім беру адамның дүниені тану процесін қалыптастыру

арқылы  жүйелі  білім мен  іс-әрекет  тәсілдерін  игеру, біліктіліктері  мен

дағдыларын дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.

А.Г.Асмолов бойынша «білім  беру  мазмұны» ұғымы  білім  беру,  білімділік

ұғымдарымен тығыз байланысты.

А.Г.Асмоловтың айтуынша, білімді (білімді  адам) – қабілетті, жан  жақты

дамыған, шығармашыл, дербес ой сонылығы бар, жинақтаған білімді тәжірибеде

қолдана  білетін адам. Бұдан  көріп  отырғанымыздай, білім  берудің нәтижесі

білім, білік және  дағды ғана  емес,  сын  көзбен қарап  ойлай  білетін, айналадағы

құбылыстарды  адамгершілік  тұрғысынан  бағалай  білетін  адамды қалыптастыру

болып та табылады.

Білім  беру  мазмұнының мәні  оның нәтижесімен  анықталады.  Білім  беру

мазмұны үшін  оның  құндылығы  білім  беру  мазмұнының бірізділігін  сақтау,

білімнің қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Себебі, білім берудің мазмұны

мен  мәнін  ашуда  соңғы  он  жылдықта  білім  беруді  ізгілендіру  идеясын  жүзеге

асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды.



Білім беру ұғымының мағынасы  арнайы ұйымдастырылатын нормаланған

және арнайы нәтижелік көрсеткіші бар процесс дегенді білдіреді, яғни білім беру

– аға ұрпақтың  әлеуметтік  мәнді  тәжірибесін  келесі ұрпаққа  беріп  отыру  және

жеке тұлғаны әлеуметтендіру әрі жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Сонымен

білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  дамытудың және  базалық мәдениетін

қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады[5].

Қоғам  және тұлғаның сұранысын қанағаттандыратын білім беру мазмұнын

анықтау үшін алдымен білімнің берудің мақсатын айқындап алу қажет.

Қазіргі заманда білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-

әрекетті жүзеге  асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді  дамыту.  Оқытуға мұндай



9

мақсат қою  тұлғаның білім,  білік, дағдыларының жан-жақты, толыққанды

жетілуін,  ақыл-ойы,  дене  бітімі, ерік-жігерінің дамуын қамтамасыз  етеді.

Сондықтан  да  білім  ордаларында өнер  мен ғылымның негізін  оқыту өз  мүддесі

үшін емес, балаларды өзін қоршаған ортаны танып білуге үйретуге бағдарлануы

тиіс.


Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын динамикалық

жүйе.  Тұлғаның қалыптасуы заман  талабының өзгеруіне  байланысты  және

адамның  (онтогенетикалық)

организмінің

дамуына  сәйкес.  Ол  іс-әрекет

жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда, субъектінің дамуы – іс-әрекеттің

(ойын, оқу, еңбек) жемісі. Бұл жерде тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай

жасау туралы сөз болып отыр [6].

Ғалымдар білім  беру  мазмұнын қалыптастырудың логикалық-құрылымын

анықтай  отырып, онда  білім  беру  мазмұнын қалыптастырудың көздерін,  білім

беру  мазмұнының категорияларын,  білім  беру  мазмұнының компоненттерін,

білім беру  мазмұнын  іріктеудің принциптерін,  білім  беру  мазмұнын  анықтауда

басшылыққа алынатын құқықтық – нормативтік құжаттарын ұсынады.

білім беру мазмұнын қалыптастырудың көздері:

-

қоғам;



-

адам;


-

табиғат;


-

техника;


-

ғылым;


-

өндіріс;


-

мәдениет.

Білім мазмұнын іріктеуде осы аталған басты бөлімдер ескерілуі тиіс.

Білім  мазмұнын  іріктеу  барысында  төменде  көрсетілген  шарттар  да

басты назарда болуы керек:

-

оқытудың мақсаты;



-

әлеуметтік және ғылыми жетістіктер;

-

қоғамдық қажеттіліктер;



-

жеке тұлғаның қызығушылықтары мен сұраныстары;

-

педагогикалық



мүмкіндіктер  немесе  мектептің

оқу


әдістемелік

базасының материалдық жағдайының сәйкестілігі;

-

пәнді оқытуға бөлінген сағатпен сәйкестігі;



-

дүниежүзілік тәжірибенің ұтымды жақтары.

Бастауыш  білім  беру деңгейіндегі  оқытудың мақсаты – баланың жеке

тұлғасының адамгершілік қасиеттерінің, оның  қоршаған  ортаға  эмоционалдық-

құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және

таным әрекетіндегі  жеке қабілеттері  мен  біліктерінің дамуын қамтамасыз  ету.

Сондықтан білімнің базалық мазмұны осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы

тиіс.


Ескерілетін  жайт – әлеуметтік және ғылыми  жетістіктерді  ескеру.  Яғни

бастауыш  мектепте ғылым  негіздерін  меңгерте  отырып,  заман  талабына  сәйкес

білім мазмұнын жаңартып, жетілдіріп отыру қажет.


10

Бастауыш білім  мазмұнын анықтауда  ескерілетін қажеттіліктер: қоғамдық

қажеттіліктер және жеке қажеттіліктер.

Осы қажеттіліктер  білім  мазмұнын қалыптастырудағы басты  фактор

болып  саналады.  Себебі, қазіргі  кезеңде  білім  мазмұны – жаңа  демократиялық

мемлекет құруға, адамзат іс-әрекетінің барлық сферасының мәдени және рухани

қайта  жаңаруына,  демократиялық мемлекет,  мәдени  және  рухани  жаңарудың,

қоғам  мен  нарықтық  қарым-қатынасты,  отандық  ғылым  мен  техниканың даму

деңгейін әлемдік стандарт деңгейіне көтерілудің негізі болады.

Осыған орай білім мазмұнын игерту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін –

қоғам қажеттілігі  мен  жеке  тұлға қажеттілігін үйлестіре  отырып,  бірліктіру

қажет.  Себебі әр  жеке  тұлғаның  қалыптасуы үшін  білім  маңызды, қажетті

екендігін  дәріптей  отырып,  мемлекеттік, қоғамдық  қажеттілігін  басты  бағдар

ретінде ұстану қажет.

Бастауыш білім мазмұнын игерту мүмкіндіктері – ол педагогикалық процесті

ұйымдастыруды қамтамасыз  ету үшін  материалдық – техникалық және

экономикалық ресурстар  деңгейін  реттеу.  Мектептің оқу  бағдарламасына

бастауыш  білім  мазмұнын  одан әрі  жетілдіру  мақсатында  жоғары  сыныпта

оқытылатын күрделі бөлімдерді енгізу әлемдік тәжірибеде өз мақсатына жетпей,

табысқа әкелмегендіктен,  бастауыш  мектеп  оқушысының жас  ерекшелігі  мен

қабылдау  мүмкіншілігімен  санасу  керектігін  дәлелдеді.  Атап  айтқанда,  бала

бәрін қабылдай алады, ал ең бастысы – білім түсінікті, ұғымына сай, әрі саналы

түрде меңгерілуі тиіс.

Бастауыш  білім  мазмұнын  игерту  талаптары – мемлекеттің стратегиясын

айқындайды. 

Талаптар 

екі 

аспектіде



қарастырылады:

ұлттық


және

жалпыадамзаттық. Білім мазмұнын игертуге қойылатын талаптарды мемлекеттік

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  анықтайды.  Ол білім  беру  саласындағы

бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ететін, әрбір азаматтың сапалы білім

алуына  конституциялық кепілдік  беретін,  тұлғаның жан-жақты  дамуына  және

білімін  жалғастыруына  негіз  болатын, тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің

мүдделерін көздейтін нормативтік – құқықтық құжат болып табылады.

Қазіргі  демократиялық  қоғамның

басты  міндеттерінің

бірі


еркін,


шығармашылықпен ойлай білетін тұлғаны қалыптастыру. И.Ф.Харламов «оқыту

барысында  оқушылар  міндетті  түрде  білім  мазмұнының компоненті ретінде

ғылыми білімдер негіздерін, тәжірибелік іс – әрекет дағдысын меңгере отырып,

дүниетанымдық және  адамгершілік,  эстетикалық идеяларды  түсінуі қажет» деп

есептейді.  Бұл  анықтама  адамзаттық мәдениеттің барлық  құрамын  талдауға

негізделмеген  және  білім  мен  дағдының негізгі  сипатын  аша  алмайды.  Негізгі

білім мен ғылымды  меңгеру  адамға қалыптасқан қоғам құрылысының ішкі

жағдайына  сәйкес қызмет  жасауға  мүмкіндік  береді.  Адамнан  білуді  және  не

істеу  керек  екенін  талап  ету  жеткілікті.  Бұл  жағдайда  білім  беру  мазмұнының

талаптарына  сәйкес жеткіншек ұрпаққа өз ана  тілінде пәндік білімді  және

дағдыны  жеткілікті  жеткізілуі қажет. Қазіргі  даму  жағдайында Қазақстандағы

жалпы білім беретін мектептерде мұның барлығы жеткіліксіз байқалуда [5].

білім беру мазмұнының компоненттері:

-

табиғат, қоғам, техника туралы білімдер;



11

-

шығармашылық тәжірибе;



-

оқитын объектінің нақтылығы;

-

бағдарлы эмоционалдық құндылық тәжірибесі.



В.В.Краевскийдің педагогикалық теориясында  жалпы  білім  беру  мазмұнын

қалыптастыру принципі қарастырылған.  Ол  принцип  білім  берудің барлық

элементтері мен  барлық деңгейлерінде қоғамның, ғылым,  мәдениет  және

тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір

сүруі үшін  дәстүрлі білім, білік, дағдыларды қоғамның әлеуметтік дамуы

деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына ендіру қажет дейді.

Оқытудың процессуалдық және  мазмұндық бірлігі  принципі ескеріледі.

Білімнің базалық мазмұны бір  жақты  пәндік-ғылыми  бағдарлы  болып қана

қоймай, 

оқушылардың

біліктіліктері 

мен 


дағдыларын

қалыптастыруға

бағытталуы керек.

Білім  беру  мазмұнының  құрылымдық бірлігі  принципі әр  деңгейде  оқушы

тұлғасы  мен  педагогикалық іс-әрекетті  оқу  материалы,  оқу  пәнін  теориялық

жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда

бағдарлы білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды.

Жалпы 


адамзаттық

мәдениетті 

оқушылардың

тәжірибелік

және

шығармашылық жағынан  меңгеруге  жағдай  жасауды көздейді.  Бұл  принцип



оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға  дайындаумен  байланысты. Қазіргі

кездегі қоғамның даму жағдайында тұлғаның өмірлік өзін-өзі анықтауы; еңбек

мәдениеті және  экономикалық мәдениеті;  саяси және құқықтық мәдениеті;

интеллектуалдық, адамгершілік,  экологиялық,  өнер  және  дене  мәдениеті,

отбасымен  мәдени қарым – қатынас  жағдайы  сияқты  көптеген  аспектілерден

тұрады [6].



Білім беру мазмұнын анықтауда

-

тұлғаның,  қоғамның мәдениет пен ғылымның білім  беру  мазмұнының



принциптеріне қоятын талаптарына сәйкестілігі;

-

оқытудың мазмұндық және процессуалдық бірлікте болу принципі;



-

білім  беру  мазмұнының  әртүрлі  деңгейде қалыптасуының  құрылымдық

бірлігі принципі;

-

білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі;



-

білім беру мазмұнының фундаменталдылық принципі жатады.

Бастауыш  білім  беруде  білімнің базалық мазмұнын  тұрақтылыққа  жеткізу

маңызды  болып  табылады.  Осы  маңызды  мәселе  12  жылдық білім  беру

жүйесінде  сақталуы  тиіс.  Себебі,  ЮНЕСКО өлшемдері  бойынша  меңгеруі  тиіс

білімнің  80 пайызы  бастауыш  мектепте  міндетті  білім  компоненті  болып

табылады.  Сондықтан,  бастауыш  білім  берудің базалық компонентінің оның

инвариантты  бөлігінде  табиғи  жағдайлар  мен  аумақтық

ерекшеліктер

ескерілмейтін принципін атап керек.

Білім беру мазмұнын игерту әдістерін:

-

білімді кіріктіру;



-

талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру;

-

саралау әдісі;



-

спиральдық әдіс;



12

-

аралас құрылым әдістері.



Қазіргі  мектептер қоршаған  орта  мен қоғам  дамуы  туралы  білімді кіріктіру

әдісімен ерекшеленеді.  Себебі  бала  ішкі  дүниесінде әлемді  тұтас қабылдайды.

Баланың мектепке  келуімен  пәндер  арасындағы әлсіз  байланыс бұл  тұтастықты

бұзады. Кейбір мұғалімдер өз сабақтарында пәнаралық байланысты ескермейді,

кіріктіру  немесе  пәнаралық байланыстың болмауы  немесе эпизодтық сипатта

болуы оқушының білімді тұтас қабылдауына кері әсерін тигізеді.

Пәндер  арасындағы  байланысты  орнату үшін  оны  басты  түсініктер  немесе

тақырыптар  аясына  топтастыру қажет.  Бұл  пәнді әр қырынан қарауға,  оның

барлық байланыстарын ашуға мүмкіндік береді. Ең дұрысы, талдау, жинақтау,



салыстыру, біріктіру әдістері мен тәсілдерін қолдану. Тиімді қолданылған әдіс-

тәсілдер 

оқушылардың

дүниетанымдық,

адамгершілік, 

экологиялық,

коммуникативтік

құзыреттілігін

қалыптастыру

үшін  маңызды.  Пәндерді

кіріктіру  мен  пәнаралық байланысты  тиімді қолдану  білім  мазмұнын  игеруге

немесе  бекітуге,  уақыттың  үнемделуіне  мүмкіншілік тудырады.  Кіріктіру

міндетті  пәндердің санын  азайтуға жағдай  жасайды.  Бастауыш  мектепте

кіріктіру жүйе құрайтын түсініктер: сөз, шама, форма, өлшем, кеңістік, уақыт

және т.б. төңірегінде жүзеге асады [6].

Әлемдік  тәжірибеде (АҚШ,  Англия,  Франция, т.б.) білім  беру  жүйесінде

жеке  тұлғаға  «жалпыадамзаттық тәрбие»  беруде,  табиғи құбылыстарды  және

қоғам өміріндегі жағдайларды,сондай-ақ олардың өзара байланысын түсіндіруде,

оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін негізге алып отыр.

Мысалы, әлемдік  тәжірибеде кіріктіру әдісі қолданылады. «Бізді қоршаған

әлем», «Көркем еңбек», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Туған өлке», «Музыка

және қимыл-қозғалыс» сынды кіріктірілген курстар енгізілген. Сол сияқты «Сөз

шеберханасы»,  «Сауат  ашу»  (математика,  тіл, қоршаған әлеммен  таныстыру)

және  т.б.  жинақталған  курстар  апробациядан өткізілді.  «Көркем  мәдениет»,

«Әлем және адам», «Мен және қоршаған әлем», «Әлем, табиғат және мен», «Мен

және  менің  әлемім»,  «Валеология»,  «Танымдық  қабілетті  дамыту»  және  т.б.

пәндерді кіріктіріп  оқыту  мәселесі  де жүзеге  асырылып отыр.  Шетелдік

мектептерде  (Англия,  АҚШ,  Жапония)  кіріктірілген  курстар  кең  қолданылады

және  ол  тірі  және өлі  табиғат,  техника,  адам  және  т.б.  туралы  білімдер  аясын

қамтиды.


Білім мазмұнын құруда саралау әдісі міндетті ұстаным болып саналады. Ол

бастауыш  мектептің бір  мақсаты әр  түрлі  материалдарда  жүзеге  асуынан

көрінеді.  Мысалы,  оқушыларды  сауат  ашуға үйрету  кезінде  мұғалім өзінің

оқушылары

үшін

әліппеде  айқындалып  көрсетілген  нұсқаулардың



бірін

таңдайды.

Оқытудың бастапқы  деңгейінде қарапайым  түсініктер  беріледі,  ол  білімді

толықтыру және танымдық мүмкіншіліктерінің өсуіне байланысты тереңдетіледі

және кеңейтіледі.

Сонымен қоса әлемдік  тәжірибеде  спиральдық  құрылым қолданылады.



Спиральдық  құрылымның ерекшелігі – оқушыларға ұсынылатын білім мазмұны

қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп тереңдеп отырады. Мысалы, 1-сыныпта

заттың атын білдіретін  сөздер  деп  оқылса,  келесі сыныптарда  термин  енгізіліп,


13

зат  есім деген  атауымен  беріледі,  осылайша «Зат  есім»  тақырыбы  барлық

сыныптарда өтіледі, бірақ ол әр сыныпта белгілі бір деңгейде күрделеніп беріліп

отырады.  Онымен байланысты оқушылардың білімі  біртіндеп  кеңейеді  және

тереңдейді.

Спиральдық  құрылымда  концентрлік құрылымға  тән  болатын үзіліс  және

онда  сызықтық  құрылымнан  ерекшелендіретін қайталанбаушылық болмайды.

Бүгінгі  таңда  оқулықты құрастырушы  авторлар  сызықтық, концентрлік  және

спиральдық  құрылымдардың басын  біріктіретін аралас құрылым әдістерін

қолданады. Ол мазмұнды құру барысында оны икемді орналастыруға және жеке

бөліктерін әртүрлі  тәсілдермен  баяндауға  мүмкіндік  береді. Құрылымды

таңдауда  оқытудың

мақсаты,  білімділік  деңгейіне

қойылатын  талаптар,

меңгерілетін  пәннің сипаты  мен  ерекшеліктері,  сондай-ақ оқушылардың жас

ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері ескеріледі [6].



Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу-нормативтік құжаттар:

жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты;

базистік оқу жоспары;

оқу бағдарламасы;

оқу құралы және оқулықтар.

Мемлекеттік  білім  стандарты. ҚР «Білім туралы» Заңына сəйкес  білім

стандарттары қабылданып, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

«Стандарт» түсінігі латын тілінен алынған, «үлгі», «өлшем» деген мағынаны

білдіреді.  Білім  стандарты – мəн-мағыналық тұрғыдан оқушыларға  берілген

білім,  білік,  дағдылардың мемлекеттік өлшемі  ретінде қабылданып, қоғамдық

мұратқа  орайластырылған,  тұлға  мен  білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін

ескерген, олардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар  жиынтығын

қамтитын нормативтік құжат.

Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты – жалпы білім берудің негізгі білім

бағдарламасының

міндетті  минимум  мазмұнын,  білім  беру

ұйымдары


түлектерінің дайындық деңгейін,  сонымен қатар оқыту процесінің негізгі

талаптарын 

(материалдық-техникалық,

оқу-зертханалық,

ақпараттық-

әдістемелік, кадрлармен қамтамасыз ететін) анықтайтын нормалар мен талаптар

жиынтығы.

Білім беруді стандарттаудың негізгі нысандары – білім беру деңгейлері, оқу

жүктемесінің жоғары шекті көлемі жəне оқушының дайындық деңгейі. Стандарт

бойынша белгіленген  деңгейлер мен  талаптар  білім  сапасын  бағалау  мен оқыту

процесінің негізгі қырларын  сараптауда  мызғымас  шек  (эталон)  сипатында

қабылданады.

Білім беруді  стандарттаудың  қажеттігі қоғамдық  құбылыс  ретінде  танылған

білім беру  жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге  орай  туындап  отыр. Қазақстан

Республикасының егеменді  елдер қатарында  демократияға,  тұлғаның  құқы  мен

еркіндігіне  бетбұрысы  білім  аймағындағы  саясатты

қайта

қарастырып,



жаңаланған  заман  көзқарасымен  түсінуді  талап  етіп  отыр. Білім беру  жүйесі

қазіргі заман талабына орай жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыруға

бет  бұрды.  Бұл өз  кезегінде оқу  процесін ұйымдастыру, оқыту  формалары  мен


14

əдістерін  таңдау  жəне  білім  мазмұнын  іріктеуге көптеген өзгерістердің енуіне

себепші болды.

Оқу бағдарламасы- оқытудың мазмұнын сипаттайды. Бастауыш мектепте

оқыту  бағдарламасы  олардың жас  ерекшелік  мүмкіндіктері  оқушыларды  оқыту

мақсатына  сәйкес  келуі  тиіс.  Сондықтан,  ең бірінші  оқыту  мазмұнының басты

деген талаптарына тоқталайық:

‒ оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;

‒ оқыту мазмұны әрбір оқу пәнінің мазмұнына сәйкестігі;

‒ тақырыптық тараулар мол мазмұнды және оқушы тұлғасын дамытушылық

сипатта болып келеуі;

‒ әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.

Бұл  тәсіл  оқытудың негізгі  бағыттарына,  яғни  білім,  білік,  дағдыны

меңгерулеріне  жақсы әсер  етеді.  Мұндай әдіс  оқытудың жаңа  бағыттарын

шешуге, яғни балалардың қабілетін жүйелі ой санасын ашып, одан әрі дамытуға

мүмкіндіктер беретіндей болуымен маңызды.

Бағдарлама  бөлімдері  арасында және пәндер  арасында өзара  мазмұнды

қарым-қатынас болмауы оқушының жүйелі ойлауы мен дамуына кері әсер етеді.

Нәтижесінде  баланың дүниеге  деген  тұтас,  жалпы  көзқарасын қалыптастыруда

қиындықтар  туады.  Мұндай  балалардың абстрактылы  идеялар  мен  теорияға

қызығушылығы  мектеп  бағдарламасынан  тыс

қалауы  баланың

сабақтан


жалығуына ықпалын тигізеді.

Оқытудың мазмұнын құрудың дәстүрлі  сипаты  нақтылықтың жоғары

деңгейіне  деген  балалардың білімпаздығын, қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Бастауыш 

мектеп 

балаларының



жастық

ерекшеліктерін, 

жан-жақты

қызығушылығын, мінез-құлқының айырмашылықтарын есепке алу қажет.

Бастауышта оқу мазмұн көлемін кеңейту, пәндер бойынша оқыту мазмұнын

ұйымдастырудың тәсілі  ретінде  «тақырыптық тараулардың» орнына қызықты

мазмұнды  тақырыптарға  ауысу.  Мысалы,  «Өсімдіктер»  мен  «Жануарлар»

тақырыптарының орнына  «Өсімдіктер  мен  жануарлар әлемінің жоғалуы»  т.б.

алмастыруға  болады.  Осындай қысқа  мазмұнды  тақырыптардың ауыстырылуы

балалардың

ауқымды

мәселелерге, 



идеялар 

мен 


теорияларға 

деген


қызығушылығын 

тудырады. 

Мұғалім 

танымдық 

қызығушылығын

қалыптастыратын әдіс негізінде бала өзіне білім негізін жинақтайды.

Осы  тәсілмен  біз  12  жылдық білім  беру  жүйесінің бастауыш  мектептегі

оқыту мазмұнын ұйымдастырудың 4 негізгі принципін айта аламыз:

1.Тақырыптық тараулар бойынша мазмұндық сипатының толықтығы;

2. Ғаламдық, кең таралған тақырыптар мен мәселелерді оқыту;

3. Бастауыш 

баласының

білімге

құштарлығын 



оятатын 

мазмұнды


тақырыптарды  оқытуға, қабілеттерін  арттыруға,  дүниенің дамуына  байланысты

тапсырмаларға деген пәнаралық көзқарасты қалыптастыру;

4. Мазмұндық  өзара  ішкі  байланысты қалыпқа  келтіру,  білім  саласына

байланысты өзекті оқыту мәселелері мен тақырыптарының бірігуі.

Аталған  төрт  принцип  те  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  біреуінің жүзеге

асуы  басқасына әсер  етеді.  Пәнаралық көзқарастың іске  асуы  пәндер  арасында

тақырыптардың бірігуін қамтамасыз  етеді.  Оқушы қажеттіліктерінің ақыл-ой


15

жүктемесінде  бесінші  принцип  пайда  болады,  бұл - оқыту  мазмұнының



нақтылық принципі.

Оқыту  мазмұнын,  оқушы  мүмкіндігі  мен қызығушылығына сай өзгерту

білім алушы үшін «құнарлы орта» болып табылады.

Егер  12  жылдық бастауыш  мектепте  оқыту  бағдарламасының талаптарын

одан

әрі 


талқыласақ,

бастауыш 

мектеп 

оқушысының



мінез-құлық

ерекшеліктерімен қатар,  жеке  дамуы  мен  осы  талаптардың тікелей  байланысын

көре аламыз.

12  жылдық

бастауыш  мектепке  арналған  бағдарламалар  талаптар

сипаттамасы төмендегідей:

‒ Оқыту  барысында өзіндік  жауапкершілікті,  яғни  бала өзін-өзі  басқара

отырып, өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;

‒ Оқытудың шығармашылық тәсілдерін дамыту;

‒ Абстрактылы-логикалық, ойлау қабілеттерін арттыру;

‒ Жаңа білімді қабылдауды ынталандыру;

‒ Алуан  түрлі әдіс-тәсілдер,  мәліметтер қолдану  арқылы  жаңа мазмұнмен

ынталандыру;

‒ Өзін-өзі танып біліп, қабілеттерінің дамуына әсер ету;

‒ Әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын бағалай

білуге ынталандыру.

12 

жылдық


мектептің

бастауыш 

буынында 

оқытудың


мақсатты

бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Алайда, тәжірибе барысында

бағдарламалардың кейбір  түлері  бір  талапқа  сәйкес  келсе,  екіншісіне  сәйкес

болмай  жатады.  Бұл  жай  бағдарламаның кемеліне  жетпегендіктен ғана  емес,

олардың шешілу  жолдарына  да  байланысты.  Сондықтан  бар  бағдарламаларды

шешілу  жолдарына қарай  топтастыруды қолданған  дұрыс  болады.  Топтастыру

кезінде  барлығы  талапқа  сай  болуы  керек  екендігіне  назар  аударуымыз  керек.

Жіктеудің  «таза»  және  «аралас»  (әр  түрлі  топтардың бірігуінен  жасалған)



түрлері бар.

Ортақ бағыт ретінде білім, білік, дағдыларының меңгерілуі немесе баланың

жеке  тұлғасы  мен  ойлауын  дамыта  алынуы  мүмкін.  Бұл  бағыттар  тығыз

байланысты,  ал  олардың  қайсысы  бағыныңқы, қайсысы  басыңқы  екендігін

мазмұнының

ерекшелігіне,  оқыту

әдістеріне,  сонымен

қатар  олардың

нәтижелеріне қарап  анықтаймыз.  Бұл  екі  бағыттың  өзара  байланысын  Д.Дьюи

жақсы  аңғарған:  «...  мәлімет  алу  барысында  ойды  жанама  жағдай  етіп

қарастыруға  да  болады,  керісінше,  ойды  дамыту үрдісінде  мәліметтер  алуды

негізгі жағдай етіп қарастыруға да болады».

Оқу 

пәндерінің



көбеюі,

қазіргі 


кездегі 

ақпараттық-технологиялық

өзгерістердің пайда  болуы бізге  оқыту  мазмұнын  кіріктіру  керек  деген  ой

салады. Ғалымдар  мен  мұғалімдер  тарапынан  көп  пәнділіктен  және  пәнаралық

мазмұнның тұтастығы  болмауынан қосымша  мәселелер  пайда  болатындығын

айтылды.  Сондықтан  соңғы  жылдарда  кіріктірілген  пәндердің саны  күрт өсті

десек, таңқаларлық жай емес. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап

айтуға болады:

‒ пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;


16

‒ пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.

Аталған  мазмұндық ортаның ерекшелігіне  және  тақырыптар  арасындағы

байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға айтуға болады.

Жай  кіріктірулер  кезінде  бағдарлама  негізі әр  алуан  тақырыптарды  немесе

бөлімдерді қамтиды.  Ю.В.Громыконың пікірі бойынша,  оқу  мәліметтерін

кіріктірудің бұл түрін тақырыптық үйлестіру деп те атауға болады. Бірнеше пән

арасындағы  тақырыптар  мен  бөлімдерді  кіріктіру  пәнаралық деп  аталады.

Көптеген кіріктірілген пәндер осы түрге сәйкес келеді. Кіріктірілген курстардың

американдық мамандардың  ұйымдастырумен  біздің елімізде  таралған  түрлері,

«Дүниежүзілік  көркемөнер  мәдениеті»,  «Step  by  step»  бағдарламалары  жай

пәнаралық кіріктіруге  жатады.  Еңбек  мектебінің тәжірибешісі  С.И.Гессен

ұсынған оқу мазмұнын кіріктіру тәсілі жайында айтып өтейік. Жай кіріктірулер

жағдайында  оқыту  бағдарламалары қысқаша  тақырыптардан  тұрады.  Мысалы,

«Step  by  step»  бағдарламасында  «Жанұя»  және  «Нан»  тақырыптары  алынады.

Жанұяның


биологиялық

белгілері 

жаратылыстану 

пәнінен, 

жанұялық

байланыстар  тарих пәнінен  оқытылады. Әр  пәннен  тақырыптардың біріктірілуі

оқу материалдарының сапалы меңгерілуіне әсер етеді.

Дегенмен, жай кіріктірулер кезінде пәннің ішкі мазмұны, әр пәннен алынған

тақырыптық тараулар  арасындағы  байланыс  толық ашылып  көрсетілмейді.  Бұл

дегеніміз  жан-жақты  оқытылса  да,  білім  меңгерту  мен  шынайы  дамытушылық

арасы  алшақтап  кетуі  мүмкін  деген  сөз.  «Мұны  жай  тасымалдау  мен қалыпты

дамытуды ажырата алу үшін білуіміз керек», - деп жазады Л.Ф.Обухова.

Жанама түрдегі кіріктірудің жақсы нұсқалары ретінде Эльконин-Давыдовтың

дамыта  оқыту  теориясы  негізінде құрылған  бағдарламаларын  айтуға  болады.

Эльконин-Давыдов жүйесінде негізделген оқытуды дамыту бағдарламаларының

негізі әртүрлі бөлімдерде оқылатын қарапайым қысқаша ғана тақырыптар емес.

Оқу мазмұнын арттырудың бірінші тәсілі, әр тақырыпты терең, шығармашыл

сипатта  меңгерту  болып  саналады.  Ал  екіншісі - тиімділік  принципі,  пән

бойынша  идеялар  мен  түсініктерді  ортақ сапа  ретінде қолдану  оқу  материалын

тиімді меңгертуге, оқу процесінің тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ресейде  кеңінен  танымал  дамыта  оқытуға  бағытталған  Эльконин-Давыдов

жүйесі пәнішілік  талдау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Осы  тәсіл  мен  жүйе  бізге

оқыту  мәселелерін  шешуге  және  балаларды әрбір  жеке  пән  бойынша  дамытуға

мүмкіндік  береді.  Осы  беріліп  отырған  жүйе  негізінде  білім  алып  отырған

балалар әр  пәнді өз  мүмкіндігі  мен қызығушылығына  сай  терең меңгереді.

12 жылдық мектепті зерттеушілер пікірінше, 12 жылдық мектепте осы жүйемен

оқыту тиімді деп санайды. Себебі, бір жағынан мазмұны жуық, ұқсас бірін- бірі

қайталайтын  тақырыптар  мен  пәндер  біріктірілсе,  екінші  жағынан  бастауыш

мектепте  апталық жүктеме  жеңілдейді.  Дегенмен,  12  жылдықта  оқыту  жөнінде

сөз қозғалған  кезде  бұл  жүйенің мүмкіндіктері  баланың дүниеге  деген  тұтас

көзқарасын, жаңа мәселелерді қабылдауын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен,  12  жылдық бастауыш  мектепте өз  деңгейінде оқытуды  жүзеге

асыруды  мақсат  етсек,  олардың білімге  деген құштарлығын,  мүмкіндіктері  мен

абстрактылы  теориялар  мен  ойларға қызығушылығын  бастауыш  балаларының

ерекшеліктерін ерекше назарға алуымыз қажет.


17

Пәнаралық кіріктіре оқыту моделі білім беру, дамыту, оқыта отырып дамыту

бағдарламаларының пайда  болуына әсер  ететіндігі  белгілі.  Оқу  мазмұнын

кеңейту,  жай  және  жанама  кіріктіру,  пәнішілік  және  пәнаралық кіріктіру –

барлығы тақырыптық пәнаралық оқыту моделі негізінде өңделген оқыта отырып

дамыту бағдарламасының ішіне енеді. Бұл мүмкіндіктердің толық таралуы оқыта

отырып  дамыту  жүйесінің тұтастай  пайда  болуымен қатар  жүзеге  асады.

Шетелдік  тәжірибелерде  пәнаралық оқыту  бағдарламалары  кең таралған.  Олар

балалардың мүмкіндіктері  мен қажеттіліктерін  бейімдеу  мақсатында  оқу

бағдарламаларының мазмұнын жіктеу үшін қолданылады.

Педагогикада әдіс ұғымы- мақсатқа  жету  жолы  деген  мағына  береді.  Ал

12  жылдық бастауыш  мектептегі  білім  мазмұнын  анықтаудың  әдістерін  келесі

тұрғыда  топтаймыз:

кiрiктiру

әдістері,

жас  ерекшелiгiн  ескеру

әдісі,

мәдениеттендiру әдісі, экологиялық әдіс, өлкетану әдісі,  бiлiмнiң жеңiлден



ауырға, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлу әдісі.

Кiрiктiру әдістері – ғылыми жаратылыстанулық бiлiм мен адам әрекетiнiң

түрлерi  және қоғам  туралы ұғымдар  кiрiктiрiлiп  бiртұтастықта  берiлуi.  Адам,

табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-әрекетi үнемi табиғи ортада, қоғамда

(отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, т. б.) бiр-бiрiмен байланыста қаралады.

Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi

солармен  бiрлiкте,  байланыста қаралады.  Кiрiктiру  «адам – табиғат – қоғам»

ретiнде ғана  емес,  «адам – заттар»,  «адам – басқа  адамдар»,  «адам – отбасы»,

«адам – оның шығармашылық әрекеттерi», т. б. арқылы да жүзеге асады.



Жас ерекшелiгiн ескеру әдісі – бастауыш сынып оқушыларының ұғымына

жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне лайықты, бiлiм деңгейлерiне сай келетiн

және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдар қамтылды.

Мәдениеттендiру әдісі – оқушылардың жалпы  мәдениетiн  көтеруге  баса

көңiл  бөлiнiп,  жекебас  гигиенасынан  бастап,  жергiлiктi  мәдени  орталықтармен

таныстыру,  жалпы  халықтық мәдениет  туралы  мәлiметтер  беру  көзделiп,

бағдарламаға әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мазмұн енгiзiлдi.



Экологиялық әдіс – әр  сынып  сайын  оқушының  өзiн-өзi  байқауы, өз

әрекеттерiн  басқаның пайдалы әрекет өлшемдерiмен  салыстыруына  мүмкiндiк

берiлдi.  Оқушылардың табиғатқа,  адамдарға, бүкiл қоршаған  ортаға  жағымды,

мәдени, адами қатысын қалыптастыру көзделдi.



Өлкетану әдісі – сынып  сайын әрбiр  тарауды  оқыту үнемi  жергiлiктi

материалдармен тығыз байланыста қарастырылды.



Бiлiмнiң жеңiлден  ауырға,  нақтыдан  белгiсiзге қарай  берiлу әдісі 

оқушылардың келешекте  оқу  пәндерiн  меңгеруге  дайындық деңгейлерiнiң

дамуына көңiл бөлiндi.

Осыған орай 12 жылдық бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауда осы

ұсынылған әдістер  сақталса,  оқу  мақсатына  жету  шарты  орындалғаны  деп

есептейміз.



18


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет