12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.01.2017
өлшемі1,5 Mb.
#969
1   2   3   4   5   6   7   8

Мәтінмен жұмыс

Әдеби  мәтіндерді  талдау.  Оқу  мәдениеті.  Тіл  дамыту.  Ауызша  және

жазбаша сөйлеу. Оқу дағдысы. Сабақтан тыс оқу.

«Әдебиеттік  оқу»  пәні  бойынша  оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:

халық ауыз әдебиетi  негiзгi  жанрларының  (ертегi,  аңыз,  наным-сенiм

өлеңдерi,  тұрмыс-салт  жырлары,  жұмбақ,

жаңылтпаш,  мақал-мәтелдер,

батырлар жыры, айтыс, шешендiк сөздер) негiзгi сипаттарын;

жанр  түрлерiнiң  (шағын  фольклорлық жанр, әңгiме,  мысал, өлең,

ғылыми-танымдық

шығарма,  очерк,  мақала,  жарнамалық

мәтiн)  негiзгi

белгiлерiн:

қара  сөз  бен өлеңнiң  ұқсастығын  (екеуiнiң де  бiр  ойға құрылатындығы,

тақырып пен идеяның бiрлiгi, оқушының ой-сезiмiне көркем сурет арқылы әсер

етуi);


49

өлеңнiң қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзiне тән

ерекшелiктерiн  (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан,  тармақтардан,  бунақтардан,

мөлшерлi ырғақтан тұратыны);

басқа  шығармаларда  мысалдардың  өзiндiк  ерекшелiктерiн  (жағымсыз

жәйт,  кемшiлiк, ұнамсыз  мiнез-құлықты  ашық, тура  сынамай  астарлап,  яғни

аллегориялап  сынауы,  белгiлi  бiр үгiт,  тәлiм-тәрбие айтылатын  кiрiспе  немесе

қорытынды  шумақ болатыны,  монологты-диалогты құрылымының дауысты

құбылтып оқуға мiндеттейтiнi);

шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын келтiрудi бiлуi тиiс.



Сонымен қатар:

мәтiндегi  көркем  сөздердi  тауып,  олардың шығармадағы  рөлiн,  мәнiн

анықтауды;

мәтiндi оқиға желiсiне қарай ажырата алуды;

мәтiндi нұсқауға, тапсырмаға сәйкес терiп оқуды;

ғылыми-танымдық және  публицистикалық мәтiндерден өзiне қажеттi

мәлiметтi  таба  алуды  және  берiлген үлгiге  (кестеге,  сызбаға,  т.б.)  сай өңдеп

жүйелеудi;

әртүрлi жанрлы шығармалардағы көркем сөздердi салыстыруды;

жазушының тiлiне талдау жасай алуды және өз тiлiнде қолдануды;

тегi,  жанры әртүрлi  шығармаларды  оларда  бейнеленген  оқиғалар  мен

кейiпкерлердiң iс-әрекетiне өзiндiк қарым-қатынасын бiлдiре отырып, мәнерлеп

оқи алуды;

мәнерлеп  оқу құралдарын  (ой  екпiнiн,  дауыс  ырғағын,  дауыс  күшiн,

кiдiрiсiн, қарқынын) дұрыс қоя алуды;

көлемi  300-350  сөзден  тұратын  мәтiн  мазмұнын  толық,  қысқаша  және

жоспар бойынша әңгiмелей алуды;

мәтiндегi оқиғаның әсер еткен тұстарын әңгiмелеуді;

мәтiн туралы ауызша және жазбаша пiкiр бiлдiруді;

сөйлегенде,  жазғанда  көркем  сөз,  шешендiк  сөз үлгiлерiн,  мақал-

мәтелдердi орынды қолдануды меңгеруi тиiс.

«Математика» білім саласы

«Математика» білім саласы «Математика» пәні мазмұнын қамтиды.



Математика

«Математика»  пәнін  оқытудың



мақсаты

оқушылардың



жалпы

интеллектуалдық даму  деңгейін

қамтамасыз  ету,

математикалық

ойлау

негіздерін қалыптастыру,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты



деңгейінде  математикалық білім,  білік  және  дағдыларды  игерту, негізгі  орта

мектепте алгебра мен геометрияны оқытудың практикалық негізін құру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

– оқушылардың жас  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктеріне  сәйкес  деңгейде

ойлаудың математикалық стилін дамыту;

– бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін қалыптастыру:

жоспарлау,  жоспар  бойынша әртүрлі әрекеттерді  орындау,  оның ішінде  ойлау


50

(талдау,  жинақтау,  жалпылау,  модельдеу  және  т.б.), өзіндік  тексеру  және

өзіндік бағалауды үйрену;

– математикалық білімді,  білікті,  орта  мектептің келесі  сатыларында

оқытуды жалғастыру үшін оқушыларға қажетті есептеу, өлшеу және графиктік

дағдыларды қалыптастыру;

– оқушылардың интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын

дамыту;


– балалардың жеке  тұлғаға қатысты  жауапкершілік,  нақтылық,  әдептілік,

ынталық қасиеттерін, сонымен қатар олардың әртүрлі қабілеттерін тәрбиелеу.



Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда математика пәнінің базалық білім

мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.



Пәндік құзыреттілік – оқыту қызметінің және  математикалық білім  мен

біліктіліктің  қалыптасу  деңгейімен, оларды  практикада қолдана  білуімен

сипатталады.

Ақпараттық  құзыреттілік – оқушының оқулықтан,  дамытушы  және

танымдық компьютерлік  бағдарламалардан,  ойындардан  және  т.б. әртүрлі

деректерден ақпаратты алу білігін меңгеруімен, сонымен қатар алған ақпаратты

қолдана білуімен сипатталады.



Мәдени құзыреттілік – өз  халқы  мен  басқа  халықтардың мәдениетін,

дәстүрін білуінен және оларға құрметпен қарауынан көрінеді.



Әлеуметтік құзыреттілік – өз құқығы  мен  міндеттерін  білумен, өзінің

тәрбиелік деңгейімен және оқуға деген жауапкершілігімен сипатталады.



Коммуникативтік құзыреттілік – жұп және топпен жұмыс жасай білуімен,

қойылған  мәселеге  ортақ шешім  табуымен,  мәселені  көппен бірге  талқылауға

қатыса білуімен, өз ойын айта білуімен сипатталады.

«Математика» пәнінің базалық білім мазмұны

Сандар  және  шамалар. Сан  және  цифра.  Натурал  сандар  және  0-ден

1 000 000-ға дейінгі натурал сандардың реті мен аталуы. Натурал сандарды оқу,

жазу және салыстыру. Кластар, разрядтар.

Арифметикалық амалдар  және  олардың мән-мағынасы  мен қасиеттері.

Олардың компоненттерінің атаулары. Қосу,  азайту,  көбейту,  бөлу  және өзара

кері амалдар. Қосу және көбейту кестелері.

Арифметикалық амалдардағы 0 және 1 сандарының қасиеттері.

«

», «



», « = » белгілері.

Есеп.  3-4  амал  арқылы  есептер құрастыру  және  шығару.  Ауызша  және

жазбаша есептеу тәсілдері.

Шамалар: ұзындық, аудан,  көлем  (сыйымдылық), масса,  уақыт,  баға, құн,

жылдамдық. Шамалардың бірліктері.  Шамаларды  салыстыру.  Шамаларға

арифметикалық амалдарды қолдану:  шамаларды қосу,  азайту,  бөлу,  шаманы

санға көбейту.

Алгебра элементтері

Санды  теңдіктер,  теңсіздіктер  және өрнектер. Әріпті өрнектер.  Жақшалы

және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдарды орындаудың рет-

тәртібі.  Санды өрнектердің мәндерін  табу. Қарапайым  теңдеулер. Теңдеулерді

әр түрлі тәсілмен шешу. Құрылымы күрделі теңдеулер.


51

Геометрия элементтері

Геометриялық фигуралар  (үшбұрыш,  төртбұрыш,  шаршы,  тіктөртбұрыш,

параллелепипед)  және  олардың  қасиеттері.  Геометриялық фигуралардың

периметрін, ауданын, көлемін табу.

Геометриялық

фигуралардың

аудандарын

өлшеу. 


Палетка. 

Аудан


бірліктері:  квадрат  метр  (1  м

2

),  квадрат  дециметр  (1  дм



2

),  квадрат  сантиметр

(1 см

2

). Бірнеше рет арттыруға және кемітуге арналған есептер.



Нүкте,  сызық  (түзу, қисық, сынық). Кесінді. Бұрыш  (тік бұрыш,  сүйір

бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш).

Көпбұрыш (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш). Тік төртбұрыш. Шаршы. Тік

төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары және олардың қасиеті.

Тор көзді қағазда тік төртбұрыш пен шаршыны салу.

Шеңбер, дөңгелек және олардың центрі, радиусы, диаметрі.



«Математика»  пәні  бойынша  оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:

арифметикалық амалдардың компоненттерінің атауларын;

арифметикалық амалдардың белгісіз  компоненттерін  табу  ережелерін

және оларды қолдануды;

қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу

мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін және өрнектердің

мәнін табуда аталған қасиеттерді қолдануды;

сандарды  айырмалық және  еселік  салыстыру  ережелерін  (бір  санның

екінші саннан  неше  есе үлкен  (кіші);  бір  санның екінші  саннан қаншаға үлкен

(кіші) екенін табу) және ол ережелерді қолдануды;

өрнектерге  арифметикалық амалдарды  орындау  ережелерін  білу  және

өрнектердің мәнін табуда ол ережелерді қолдануды;

шамалардың  1 сағ,  1 см,  1  дм,  1  тг  ,  1  л,  1  кг,  1  м,  1  мин,  1  с,  1  тәулік,

1 мм, 1 км, 1 мм

2

, 1 см


2

, 1 дм


2

, 1 м


2

, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с, 1 мм

3

,

1 см



3

, 1 дм


3

, 1 м


3

, 1 км


3

және т.с.с. бірліктерін белгілеуді;

ұзындықтың,

массаның,

уақыттың

бірліктерінің

арасындағы

қатынастарды;

тік  төртбұрыштың  (шаршының) периметрін  және  ауданын,  тікбұрышты

параллелепипедтің (текшенің) көлемін табу ережелерін білуі керек.



Сонымен қатар:

оқулықпен  жұмыс  істей  білу,  онда  берілген  суреттер  мен  сызбалардың,

тапсырмалар мен онда берілген талаптардың мағынасын түсіну;

есептердің

және 

теңдеулердің



шығарылуының,

тапсырмалардың

орындалуының дұрыстығын тексеру;

математикалық белгілерді дұрыс қолдану;

талдауды, салыстыруды, үйлестікті қолдануды және жалпылау жасау;

миллионға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;

миллионға  дейінгі  натурал  сандарды қосу,  азайту,  көбейту  және  бөлу

дағдылары;



52

есептің  құрылымын,  оны  арифметикалық тәсілмен  (амалдармен  немесе

өрнек құрастырып  және  оның мәнін  табу  арқылы)  және  теңдеу құру  арқылы

шығару;


қосындыны (қалдықты) табуға; бірнеше бірлікке, бірнеше есе рет бірлікке

арттыруға 

(кемітуге); 

белгісіз


қосылғышты, 

азайғышты, 

азайтқышты,

көбейткішті, бөлінгішті, бөлгішті табуға; бір санның екінші саннан бірнеше есе

рет үлкен (кіші) екенін табуға; бір санның екінші саннан қаншаға үлкен (кіші)

екенін табуға есептер шығару;

шамалар арасындағы тәуелділікке (баға, мөлшер, құн; жылдамдық, уақыт,

жүрген жол); қозғалысқа (бір бағытта, бір-біріне қарсы, қарама-қарсы бағытта);

бірлесіп орындайтын жұмысқа есептер шығару;

теңдік пен теңсіздікті; өрнек пен теңдеуді ажырату;

натурал  сандарды қосу  мен  көбейту қасиеттерін  (ауыстырымдылық,

терімділік және үлестірімділік қасиеттері) әріпті теңдіктер арқылы жазу;

арифметикалық амалдардың белгісіз  компоненттерін  табу  негізінде

теңдеулерді шешу;

кесіндіні  салу,  кесіндінің және  сынықтың  ұзындығын өлшеу  дағдысын

меңгеру;


тор көз қағазда тік төртбұрышты (шаршыны) кескіндеу;

тік, сүйір, доғал, жазыңқы бұрыштарды анықтау;

шеңберді дөңгелектен ажырату;

геометриялық фигураларды  латын әріптерімен  белгілеуді  және  ол

әріптерді дұрыс оқу білігі болуы тиіс.

«Жаратылыстану» білім саласы

«Жаратылыстану»  білім  саласы  «Қоршаған  дүние»  пәнінің мазмұнынан

тұрады.

Қоршаған дүние

«Қоршаған  дүние»  пәнінің ерекшелігі – адамды  оны қоршаған  ортамен

өзара байланыста қарастырады.

«Қоршаған  дүние»  пәнін  оқытудың мақсаты – оқушылардың  қоршаған

орта  туралы,  дүниенің алуан  түрлілігі  мен  тұтастығы  туралы,  адам,  табиғат,

қоғам және олардың өзара байланысы туралы білімдерін кеңейту.

«Қоршаған дүние» пәнін оқытудың міндеттері:

– заттар, денелер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары

туралы түсініктермен таныстыру;

– қоршаған  ортадағы  заттар  мен құбылыстарды  бақылау  және  тәжірибе

жасау дағдыларын қалыптастыру;

– өзіндік шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;

– табиғатты қорғау,  табиғат  байлықтарын  сақтау,  табиғатқа қамқорлық

жасау және табиғи байлықты үнемдеудің жолдарын үйрету;

– мектептің келесі  сатыларында  оқуын  жалғастыруға қажетті  және

жеткілікті дайындығын жүзеге асыру.



53

Құзыреттіліктер. Бастауыш  сыныптарда қоршаған  дүние  пәнінің базалық

білім  мазмұны  төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағытталуы

тиіс.

Ақпараттық құзыреттілік:

қоршаған ортадан ақпарат алудың әртүрлі жолын білу; теледидар, радио,

Интернет  арқылы,  мұғалімнен,  ата-анадан, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден

түрлі  ақпараттарды  ала  отырып,  осыларды  пайдалану  негізінде  мысалдар

келтіру, ең басты белгілерін атау, өзінің көзқарасын дәлелдеу.

Қарым-қатынастық құзыреттілік:

өз өмірінің қауіпсіздігін сақтай білу;

адамды тұлға ретінде, қоғам мүшесі ретінде танып білу;

әлеуметтік және  табиғи  ортада,  аулада,  көшеде,  подъезде,  лифтіде өзін

дұрыс ұстау;

отбасында,  мектепте,  көпшілік  орындарда өзін ұстау  ережелерін  сақтай

білу;

жолдастарымен,  айналасындағы  адамдармен қарым-қатынас этикасын



ұстай білу.

кенет болған жағдаяттарда ережелерді қолдану;

құқығы мен міндетін түсініп, ұжымда өзін дұрыс ұстау;

әдет-ғұрып ережелерін  білу; әдептілік,  сыпайылық, мейірімділік  туралы

ұғымды түсіну және оларды қолдана білу.

Ғылыми-жаратылыстанушылық құзыреттілік:

өлі және тірі табиғаттың бір-бірімен байланысын білу, білімдерін өмірде

қолдану;

адам қолымен жасалған заттарды ажыратып, керегіне қарай пайдалану;

ғылыми-жаратылыстанушылық түсінігінің негізінде  табиғи  нысандарға

сипаттама беру;

әртүрлі  заттарды,  табиғат құбылыстарын  салыстыру,  олардың жалпы

және ерекше белгілерін ажырату;

өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды білу;

ауаның, судың, топырақтың  қасиетін  білу  және  бұл  білімдерін  тиісті

жерде қолдану;

жергілікті  жердегі әртүрлі  белгілер  бойынша  бағытты  анықтай  алу;

өсімдіктер мен жануарлардың көп түрлілігін түсіну;

картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білу;

өсімдіктер мен жануарлардың көп түрлілігін түсіну.

Физиологиялық құзыреттілік:

адам табиғаттың бір бөлігі және тірі ағза екендігі туралы білімі болу;

адамның дене құрылысын білу;

өз өмірі мен денсаулығын сақтау және қарапайым қауіпсіздік ережелерін

білу;

адам  ағзасының  құрылысындағы



әрбір  мүшенің

маңызы  туралы

ақпаратты меңгеру;

салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттігін түсіну;



54

жеке гигиена және дұрыс тамақтану ережелерін меңгеру.



Экологиялық құзыреттілік:

адамның табиғатты тиімді  пайдалануының  қажеттігін  және  оны қорғау

ережелерін түсінеді; адамның топырақты, суды, ауаны ластаудағы рөлін ұғады;

табиғатқа ұқыпты қарау ережелерін сақтайды;

Қазақстанның табиғаты  және  мәдениеті  туралы  біледу,  оған ұқыпты

қарым-қатынас жасау ережесін қолдана алады;

Қазақстанның «Қызыл  кітабы»  туралы  ақпаратты  меңгерген, өсімдіктер

мен жануарлардың оған неліктен енгізілетінін біледі;

қорықтар, қорықшалар, жануарлар парктерінің маңызы туралы білімдерін

кез келген жағдайларда пайдалана алады.



«Қоршаған дүние» пәнінің базалық білім мазмұны

Қоршаған дүние

Қоршаған  дүние  туралы  жалпы  түсінік.  Денелер.  Табиғат.  Тірі  және өлі

табиғат. Тірі және өлі табиғат арасындағы өзара байланыс. Адамның тірі және

өлі табиғатпен өзара байланысы. Табиғаттағы өзгерістер.

Табиғат құбылыстары.  Күн  және  түн,  олардың адам, өсімдік  және

жануарлар тіршілігі үшін маңызы. Айналадағы дүниені бақылау.



Адам

Адам – табиғат  перзенті.  Ағза  мүшелері,  оның  қызметі.  Тері – ағзаның

қорғаныс мүшесі, оның атқаратын қызметі. Қаңқа. Бұлшық ет. Қимыл-қозғалыс

мүшелері.

Адамның сезім  мүшелері.  Көз.  Тері. Құлақ. Мұрын.  Тіл.  Оларды  күту

ережесі.


Қан айналым мүшелері. Жүрек және оның негізгі қызметі.

Тыныс алу мүшелері.

Ас қорыту мүшелері, оның қызметі.

Жүйке, оның қызметі.

Дене еңбегі. Спорт, таза ауаның адам ағзасы үшін маңызы.

Дұрыс тамақтану. Зиянды әдеттер.



Табиғат

Ауа.  Ауаның  қасиеті.  Ауа  және  ауа  райы.  Ауаның адам,  жануарлар,

өсімдіктер өмірі үшін маңызы.

Ауаның  құрамы, қабығы.  Ауа  райын  болжау.  Ауаны  ластаушы  заттар.

Ауаны тазарту және қорғау.

Су.  Судың  қасиеті.  Су  айналымы.  Жер  асты  сулары.  Минералды  сулар.

Өзендер  мен  көлдер.  Судың адам,  жануарлар, өсімдіктер  тіршілігі үшін

маңызы. Суды қорғау.

Топырақ. Топырақтың  құрамы,  пайдасы  туралы  түсінік.  Топырақтың

маңызы.


Құрлық беті:  жазықтар,  таулар.  Адам әрекетінен  жер  бетінің  өзгеруі.

Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнеленуі.

Пайдалы қазбалар,  олардың топтары. Қара  және  түсті  металл  кендері.

Жанғыш  пайдалы қазбалар.  Кенге  жатпайтын  пайдалы қазбалар:  фосфорит,

асбест, әктас, бор, мәрмәр.


55

Өсімдік – тірі  ағза. Өсімдік  мүшелері:  тамыр,  сабақ, жапырақ. Олардың

қызметі. Өсімдіктердің өсуі және тіршілік ортасы. Мәдени өсімдіктер. Мәдени

өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар.

Өсімдіктердің топтары, мүшелері және олардың атқаратын қызметі. Өсімдік

жемістері.  Тұқым.  Тағамға  пайдаланылатын  көкөністер  және  оларды өсіру

жолдары. Өсімдіктердің көбеюі.

Өсімдіктер  тіршілігіндегі  маусымдық  өзгерістер. Өсімдіктердің жануарлар

тіршілігіндегі  маңызы. Өсімдіктердің адам өмірі үшін  маңызы. Өсімдіктерді

қорғау.


Жануарлар.

Құстар. 


Балықтар,

қосмекенділер, 

жорғалаушылар,

бунақденелілер  туралы  мағлұматтар.  Олардың түрлері,  тіршілігі,  мекендеу

ортасы. Олардың өсімдікке келтіретін пайдасы мен зияны.

Жануарлар  тіршілігіндегі  маусымдық  өзгерістер.  Аңдардың тіршілігі,

азықтануы,  түлеуі,  күз  және қыс  мезгілдеріне  дайындығы. Құстардың  қысқа

дайындығы. Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Малдардың төлдеуі. Құстардың

оралуы. Үй құстары, олардың тіршілігі.

Жануарлардың көптүрлілігі.  Жануарлардың тіршілігіне қажетті  жағдайлар.

Жануарлардың мекендеу ортасы. Үй жануарлары және жабайы жануарлар.

Жануарлардың көбеюі және қоректенуі.

Адамның жануарларға қамқорлығы.

Өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірінде атқаратын рөлі.

Өсімдіктер  мен  жануарларды қорғау  жолдары.  «Қызыл  кітапқа»  енген

өсімдіктер мен жануарлар.

Қазақстанның  өсімдіктері  мен  жануарлары.  Шалғын өсімдіктері  мен

жануарлары.  Дала

өсімдіктері  мен  жануарлары.  Шөл

өсімдіктері  мен

жануарлары. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары. Су қоймасы өсімдіктері

мен жануарлары. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Еліміздің

егін  және  мал  шаруашылығы.  Адамның

егін  және  мал

шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары.

Жер – біздің ғаламшар. Күн – жылу мен жарық көзі. Табиғи құбылыстардың

себептері  және  салдары.  Жер  бетінің пішіні. Қазақстанның негізгі  пайдалы

қазбалары, оларды қорғау.

Қоғам

Қоғам. Отбасы. Отан. Туған өлке табиғаты.



«Қоршаған  дүние»  пәні  бойынша  оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:

жер шарындағы табиғи белдеулерiнің түрлерін;

масштаб туралы;

жер бедерiнiң ерекшеліктерін;

пайдалы қазбалар түрлерiн, қасиеттерін, өндiру әдiстерiн;

пайдалы қазбалар шығатын кен орындарын картадан көрсетуді;

Қазақстанның табиғи белдеулерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың атауын;

адам денесiнiң құрылысын талдап айтуды;



56

Қазақстан тарихының атаулы даталарын білуі тиіс.



Сонымен қатар:

картаның масштабын оқу және түсінуді;

пайдалы қазбалар түрлерiн ажыратуды;

географиялық картаның шартты белгiлерін және оларды қолдануды;

тiршiлiк ортасы бойынша өсiмдiктер мен жануарларды ажыратуды;

адам қаңқасы бөлiктерiн анықтауды;

денсаулықты 

сақтау


үшiн 

ағзаның 


құрылысы 

туралы 


бiлiмдi

пайдалануды;

ауаның қасиеттерiн анықтауды;

географиялық картадан табиғи белдеулерді табуды меңгеруі қажет.



«Өнер» білім саласы

«Өнер»  білім  саласы  «Музыка»  және  «Бейнелеу өнері»  пәндерінің

мазмұнын қамтиды.

Музыка

«Музыка»  оқу  пәнiн  оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық

мәдениетiнің негізін қалыптастыру,  музыка өнері  арқылы  рухани  бай,

шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.



Міндеттері:

– музыка туралы алғашқы түсініктермен таныстыру;

–музыкалық 

қабілеттерін, 

шығармашылық

белсенділігін 

(түрлі

практикалық  әрекеттер  барысында:  музыка  тыңдау, ән  айту,  музыкалық-



ырғақтық қозғалыстар, музыкалық аспаптарда ойнау) дамыту;

– халық музыкасына құрметпен қарауға, ұлттық салт-дәстүріміз  бен әдет-

ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу;

– қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.



Құзыреттіліктер. Бастауыш  сыныптарда  музыка  пәнінің базалық білім

мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.



Мәдениеттану құзыреттілігі:

қазіргі



қоғамдағы  музыка

өнерінің


мағынасы  туралы  түсінігінің

болуынан; Қазақстан  және  шетел  композиторларының есімдері  мен  олардың

шығармаларын  білуінен;  түрлі  музыкалық жанрлар  және  олардың түрлері

туралы  түсініктерінің болуынан; өнердің  өмірмен  байланысын  түсінуінен;

халық музыкаларының арасындағы  жалпы  мәдени  байланысты  таба  білуінен

көрінеді;

қоршаған  ортада  болып  жатқан құбылыстардың шын  бейнесін  танып

білуден; қоғамның  әлеуметтік  сұранысын  білуден;  түрлі  жырларда, әуез-

әндерде, күйлерде көрініс тапқан мән-мазмұнды түсінуінен байқалады;

ғасырлар  бойы  жинақталған  ата-баба  мұрасындағы  бай құндылықтарды

түйсініп-түсінуінен;  жыр-күйлерде  сақталған әсем  де  сұлу  саз-нақыштарды

халықтың тарихынан  сезінуінен;  халық мұраларындағы  мәдени қазыналарды

қабылдап-қолдануынан көрінеді;


57

– бүгінгі  күнгі өнер  туындыларының адамзат  арасындағы  орны  туралы

өзіндік ойы  мен  бүкіләлемдік  музыка өнерінің жалпылама  адам өміріне әсері

туралы түсінігі болуынан байқалады;

– Қазақстанның халық музыкасы  мен қазіргі  заманғы  музыка өнері

түрлерінен  және  олардың  өзара  байланысын  түсінуінен; қазақ жеріндегі  түрлі

ұлт

өкілдерінің



музыка

өнері  жөніндегі  ой-түсінігінен,  дүниежүзілік

классикалық музыка мен ірі тұлғалар жөнінде алған мағлұматтарынан көрінеді.

Эстетикалық құзыреттілік:

– музыкалық шығармаларды  эмоционалды  сезінуінен;  көркемдік  талғам

негіздерін  игеруінен; өз  Отанының мәдениетін құрметтеу  және қоршаған

дүниенің әсемділігін түсінуінен білінеді;

өз  елінің жыр-әуендерінде  сақталған,  тәрбиенің түп-тамыры  саналатын

халық

музыкасын  түсініп



қабылдауынан;  музыкалық

көркем  бейнеге

эмоциялық сезімінен, талғамынан көрінеді;

ән-әуендерде,  күй-жырларда  шырқалатын  туған  жер  топырағының,

табиғатының,

сұлу  сезімдерінің  әуезін,  дыбысын  естіп  ажыратуынан,

түсінуінен, одан әсер алуынан байқалады;

– музыкалық шығармаларды естіп-сезіну қасиеттерінен; эстетикалық сезім

мен  көркемдік  талғамынан;  халықтың музыка  мәдениетіне  деген қадір-

құрметінен,  басқа ұлттардың музыка өнеріне деген  сый-құрмет көрсетуінен

көрінеді.



Коммуникативтік құзыреттілік:

– өнердің адамдар  арасында  байланыс  тәсілі  ретінде қызмет  атқаратынын

түсінуінен; музыканы нақты бір сезімді және көңіл-күйді сездіру үшін қолдана

білуінен байқалады;

өзара қарым-қатынас  негізінде  орнайтын  байланыс  жүйелерін  білуінен;

шын

өмір  мен  ертегі  арасындағы  адами



қасиеттердің  өзара

ұқсас-


айырмашылықтарын байқауынан; музыкалық бейнелердегі жағымды-жағымсыз

қатынастарды түсінуінен білінеді;

кешегі мен бүгінгі өнердің өзара байланысын, ерекшелігін саралауынан;

халықтар  арасындағы  байланыс  ретіндегі  музыка

өнерінің

орны  мен

маңыздылығын түсінуінен көрінеді;

– адамдар  арасындағы  мәдени-көркемдік  негізінде қаланған  байланыстың

атқаратын

қызметін 

түсінуінен; 

тыңдап-орындалатын 

музыкалық

шығармалардың басты айтар ойын, мазмұнын түсінуінен, мектепішілік, қоғами

ортада


өтілетін  іс-әрекеттерге

араласып,

өнер  туындыларын  орындау

машығынан байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет