12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


«Музыка» пәнінің базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата02.01.2017
өлшемі1,5 Mb.
#969
1   2   3   4   5   6   7   8

«Музыка» пәнінің базалық білім мазмұны

Музыкалық сауаттылық

«Музыкалық бейне»,  «музыканың сипаты»,  «дыбыс  жуандығы»,  «дыбыс

ұзақтығы», «ырғақ», «метр», «дыбыс күші», «екпін», «дыбыс ерекшелігі», «ән»,

«күй», «би» туралы ұғымдар. Музыкалық аспаптар. Музыка сипаты. Музыканы

қабылдау  сапасының сипаттамасы.  Негізгі  адам  дауыстарының атаулары.

Музыкалық нақыш құралдары. Қазақтың халықтық және  кәсіптік  (сазгерлік)



58

музыка ұғымы.  Жанрлар.  Жыр,  терме,  айтыс ұғымдары.  Басқа  халықтардың

музыкасымен танысу. Қарапайым музыка формалары.

Музыканы тыңдау

Музыкалық шығармаларды  зейін қойып,  мұқият  тыңдау,  көңіл  күйін,

мазмұнын  түсініп  талдау.  Музыкалық сөйлемдердің басталуы  мен  аяқталуын

ажырата  алу.  Музыкалық жанр  түрлерін  ажырату. Қарапайым  нақыштық

құралдарды  (дыбыс  жуандығы,  екпін,  ырғақ, дыбыс  күші)  ажырата  білу.

Музыкалық аспаптардың үнін ажырата білу.



Музыкалық-ырғақтық дағдылар

Музыкалық фразалардың айырмашылығын,  басы  мен  соңын  көрсету  және

музыканың мінездемесін  беру.  Музыка  мінездемесінде  жинақталған  сезім  мен

көңіл-күйді  бере  білу.  Музыканың сүйемелімен қозғалыстарды  орындау;

қозғалысты  орындаудағы табиғилық, мәнерлілік қимылдарды өз  еркімен

ойластыру. Билік-музыкалық ырғақтар. Толық билер композицияларын үйрену

және орындау.

Ән орындау

Ән  орындау  ережесі. Ән  орындау  дағдылары. Әр  түрлі  сипаттағы әндер.

Әннің нақыштылығы  және әннің сипатын ұғыну.  Артикуляциялық аппаратты

жетілдіру,  ладтық-тональдық тыңдау қабілетін дамыту.  Дикциямен  жұмыс. Ән

айтуда  дұрыс  дем  алу.  Жеке,  топпен,  сүйемелдеумен,  сүйемелдеусіз ән

орындау. Бір дауысты және екі дауысты әндерді айту.



Музыкалық аспаптарда ойнау

Жеке  және

ұжымдық

музыкалық



аспаптарда  орындау  дағдысын

қалыптастыру.  Ырғақ

және  тыңдау  сезімдерін  дамытуға  бағытталған

музыкалық ойындар. Әнді  ырғақты  сүйемелдеу  және  дыбыс  ерекшеліктерін

сақтай отырып орындау.

Тыңдауға арналған шығармалар

Қазақстан  Республикасының  әнұраны. Қазақтың халық күйлері, әндері.

Жыр. 

Терме. 


Айтыс.

Қазақтың


белгілі 

күйшілерінің

шығармалары.

Қазақстандық сазгерлердің шығармалары. Классик-сазгерлердің шығармалары.

Қазақтың және  басқа  да  халықтардың музыкасы  мен  халық  әндері.  Белгілі

қазақстандық композиторлардың шығармалары.



Орындауға арналған шығармалар

Қазақстан  Республикасының  әнұраны.

Қазақтың

халық  әндері  мен

Қазақстан  композиторларының  әндері. Қазақстанда  тұратын өзге ұлттардың

халықтық әндері. Қысқа қайырымдар және дауыс жаттығулары.



Шығармашылық тапсырмалар

Музыкалық шығармалардың тақырыптары бойынша  сурет  салу. Әңгімелер

жазу. Әндерді  сахналау.  Музыканы  ыммен,  ишаратпен, қимылмен  жеткізу.

Берілген тақырып бойынша би қимылдарын жасау.



«Музыка» 

пәні 

бойынша 

оқушылардың

дайындық

деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:

– бір октавалы диапазоны бар әндерді орындауды;

– шығарманың көркемдік жағын ажыратуды;


59

– музыкалық

шығармалардың 

құрылымын 

ажыратып, 

көркемдік

құралдарын  (динамика,  екпіні,  ырғағы, өлшемі,  мәнері,  т.б.)  мазмұнына  орай

саралауды;

– сабақта тыңдалған немесе орындалған шығармалардың мазмұнын;

– музыкалық

көркемдеуші

құралдарды  (жылдамдығы,  дыбыс  күші,

әуенділігі, ырғағы, дыбыс биіктігі, т.б.);

– ноталардың орналасу ретін;

– музыкалық

сауаттылықты:  нүктелі  нота,

өлшемдер,  динамикалық

белгілер,  классикалық музыка  түрлері,  такт,  такт  сызығы,  пиано,  форте,

крещендо, диминуэндо, т.б.;

– музыкалық жанрларды, оларды есту арқылы айыруды;

– халық, эстрадалық, симфониялық музыкалық аспаптарды;

– аспаптармен сүйемелдеу арқылы әнді орындаудың қарапайым дағдысын;

– қарапайым музыкалық терминдерді;

– сабақ процесінде музыка туралы ақпаратты қолдануды;

– шығармашылық тапсырмаларды орындауды білуі/ меңгеруі тиіс.

Көркем еңбек

«Көркем  еңбек» пәнін  оқытудың басты мақсаты – оқушыларды  рухани

және материалдық мәдениеттің ажырамас  бөлігі  ретіндегі өнер әлеміне  тарту,

көркем өнер жайында білім және эстетикалық тәрбие беру.

«Көркем еңбек» пәнін оқыту мынадай міндеттерді жүктейді:

– шығармашылық  қабілеттері  мен  бейнелеу  дағдыларын қалыптастыру

және дамыту;

– кеңiстiк  туралы  түсiнiктерін,  болмысты  көркем-бейнелi қабылдауын,

әртүрлі түстердің үйлесiмдiлiгiне деген сезiмін қалыптастыру;

– бейнелеу сауаттылығының негіздеріне үйрету;

– көркем-шығармашылық  әрекеттің  қарапайым  түрлерімен жұмыс  істеудің

(затқа қарап  сурет  салу,  тақырып  бойынша  сурет  салу,  сәндік  жұмыстар,

аппликация, т.б.) практикалық дағдыларын қалыптастыру;

– отандық және әлемдiк өнер мұраларымен таныстыру.



Құзыреттіліктер. Бастауыш  сыныптарда қоршаған  дүние  пәнінің базалық

білім  мазмұны  төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағытталуы

тиіс.

Бейнелеушілік құзыреттілік – бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде

біліктілік пен дағдыны жүзеге асыру қабілеттілігі.



Мәдени құзыреттілігі – қазақ халқының және әлем  халықтарының  өнері

жайлы;  бейнелеу өнерінің заңдылықтарын,  бейнелеуді  айқындау  амалдары,

құралдары туралы білімді игеру.

Эстетикалық  құзыреттілік – қоршаған дүние  шынайылығын, өнер

шығармаларын көркемдік тұрғыдан қабылдау.



Өнертанушылық құзыреттілік – бейнелеу өнері,  суреттеу құралдары,

бейнелеу өнерінің даму  тарихы  жайлы,  бейнелеу өнерінің шеберлері  туралы

білімдерін қалыптастыру.


60

«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны

Кескіндеме

Табиғат пен тұрмыстағы суық және жылы түстер, олардың адамға тигізетін

әсері. Жылы және суық түстер – жылы түстердің заттарды жақындатқыш және

үлкейткіш,  ал  суық түстің кішірейткіш  және  алыстатқыш қасиеттері. Негізгі

түстер.  Түстер  реңктері.  Суық және  жылы  түстер үйлесімділігіндегі реңктер.

Түс  реңктерінің аталуы.  Бір  түстің бірнеше  реңктерін  алу, қажетті  реңкті алу.

Қоршаған ортадағы түстік реңктер. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау.

Көп  түс  реңктерін  пайдаланып  кескіндемелік  және  сәндік  жұмыстар  орындау.

Кескіндемелік  және  сәндік өнер  шығармаларына  талдау  жасау,  жұмыстардағы

түс реңктерін анықтау.

Жақын түстер мен қарама-қарсы түстер. Қарама-қарсы түстердің қасиеттері.

Жақын  және

қарама-қарсы  түстер  гаммасының

эмоционалдық

сипаты.

Пейзажда,  портретте,  натюрмортта  нақты  бір  эмоциялық күйді  жақын  және



қарама-қарсы түстер гаммасы арқылы беру.

Өң ұғымы. Қанық түстер. Қанық қара, қанық емес ашық түстер. Қанық және

қанық емес түстердің (ашық және қара) эмоционалдық сипаты.

Түстің жарыққа  тәуелділігі.  Таңертеңгі,  түс  кезіндегі,  кешкі,  түнгі  түстер,

ашық және бұлтты ауа райындағы түстер.

Жұмсақ  қарындаш  техникасымен  танысу.  Осы  техникада  кескіндемелік

жұмыстар орындау.

Сурет. Графика

Композициядағы  тік,  көлбеу  және  көлденең сызықтардың белгілі  бір  көңіл

күйді жасаудағы рөлі.

Түрлі  материалдар  мен құралдар  арқылы  (түстер  жиынтығы,  тушь –

қаламұш, тушь – бояу жаққыш, «құрғақ бояу жағу») орындалған белгілі сызық

пен  сызбалар – олардың материалдарының фактурасы  мен  текстураларын

берудегі  рөлі.  Түрлі  графикалық материалдар,  айқындайтын  сызықтар  мен

штрихтарды қолдана отырып, графикалық натюрморттар құрастыру.

Симметрия туралы ұғым.  Адам  бет әлпетінің көрінісі  (мимикасы  және

эмоциясы).  Белгілі  бір  мимикадағы  адам  бет әлпетінің  өзгерісін  талдау  (пішін

мен сызықтың сипаттары).

Адамның дене  бітімінің  құрылысы. Қозғалыстағы  адамның денесінің

кестелік суретін салу.

Табиғатта  кездесетін  сызықтар  мен  пішіндер.  Табиғаттағы  түрлі

нысандарды бақылау, сызықтарды, осы нысандардың пішіндерін талдау.

Графикадағы өң ұғымы туралы. Графикада (сызық, штрих, гуашь, акварель

көмегі арқылы) әртүрлі өң алу тәсілі.

Бейнелеу өнеріндегі  кеңістік.  Кеңістікті  бере  білу  тәсілі – сызықтық

перспектива. 

Сызықтық


перспективадағы 

сызықтың, 

өлшемнің

рөлі.


Пейзаждағы 

сызықтық


перспектива. 

Сызық 


қозғалысы. 

Сызықтық


перспективаны берудегі графикалық пейзаж.

Тепе-теңдік ұғымы.  Жануарлар  бейнесін  салудағы тепе-теңдік.  Ойыншық

нобайын жасаудағы тепе-теңдіктің ерекшелігі.


61

Көлем  берудегі  сызықтың, штрихтың рөлі.  Сызық және  штрихтың көмегі

арқылы затты көлемді етіп елестету.

Гравюра  және  гравюра  түрлері туралы қарапайым  түсінік.  Графикадағы

қара және ақ түстердің өзара қатынасы. Ақ немесе қара түстердің басымдылығы

бар гравюра жасау.

Қаріптің

айқындылық

мүмкінділігі.

Қаріптің


айқындылығындағы

сызықтың, таңбаның рөлі.



Композиция

Бейне. Нобай (эскиз) туралы ұғым. Бірнеше заттарды тік, көлденең, шаршы

пішінге топтау. Композициядағы  симметрия.  Композициядағы  тепе-теңдік.

Пішіннің тепе-теңдігі, түстің тепе-теңдігі.

Көпденелі  және  көпжоспарлы  композиция.  Көпденелі  композициядағы

негізгіні бөліп көрсету тәсілдері (өлшем, пішін, түс, өң, таңбалардың бір-біріне

қатысты  орналасуы,  амалдардың  үйлесімділігі).  Композицияның оқиғалық

(сюжеттік) негізі.

Басты  нысанды  бөліп  көрсету  арқылы  көпфигуралы  композиция  жасау

(түрлі тәсілдер).

Ашық және жабық композиция.

Иллюстрациялау өнерімен танысу.

Қамырдан ойыншық-сувенир нобайын құрастыру.

Статистикалық және динамикалық композиция. Қозғалысты берудегі ашық

және  жабық композицияның рөлі.  Композицияда қозғалысты  беру  тәсілдері.

Суретшілердің

шығармаларын  талдау.

Қозғалыс  арқылы  көпфигуралы

композицияны орындау.

Композицияда қарама-қарсы  түстерді  пайдалану  (өлшем,  пішін,  түс, өң,

көлем  және  жазықтық, эмоционалдық күй). Қарама-қарсы  түстерді қолданып

композиция жасау.



Сәндік-қолданбалы өнер

Халық шеберлерінің шығармашылығындағы өсімдік  тектес өрнек  түрлері

(қазақ ұлттық қолөнеріндегі, Хохлома, Жостово шеберлерінің жазбаларындағы

өсімдік тектес өрнектер және т.б.)

Өсімдік  пішінін  оқып-үйрену.  Пішінмен  жұмыс  жасау.

Өрнектегі

симметрия. Жолақта өсімдік өрнегін құрастыру.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Өрнекті оюдың негізі ретінде ұғыну. Қазақ

оюындағы негізгі өрнектер.

Жаңа  жылға  арналған  түрлі-түсті қағаздардан  жасалған  ойыншықтар.

Ойыншықтың

түрлеріне

қарай 

ерекшеліктері. 



Пішінді 

кішірейту.

Ойыншықтардың айқындылығын анық көру үшін тепе-теңдікті өзгерту. Түстік

шешім. Түрлі-түсті қағаздан көлемді ойыншықтар дайындау.

Халықтық кәсіпшілік түрлерімен танысу.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы  шығармашылығы.  Киіз үй – қазақ

халқының дәстүрлі  тұрғын-жайы.  Киіз үйдің  құрылымдық ерекшеліктері,  ішкі

жасаулары.  Сәндік-қолданбалы  шығармашылықтың жарқын  көрінісі  болып

табылатын қазақтың тұрмыстық заттары. Қазақтың  қарапайым  ою-өрнектерін

құрастыру.



62

Табиғи  материалдарды қолдану  арқылы қамырдан  ойыншық-сувенирлер

дайындау.

Киімнің адам өміріндегі рөлі. Түрлі халықтардың олар өмір сүрген дәуірдегі

киімдері. Қазақтың  ұлттық киімінің ерекшеліктері.  Сандыққа  салынатын

оюлар, өрнектерді қазіргі кездегі бұйымдарда қолдану.



Мүсін

Мүсін  түрлері.  Мүсін өнерінің белгілі  шеберлері.  Мүсіндегі  пішіннің

айқындылығы. Мүсіншіге қажет  материалдар. Геометриялық дене  туралы

ұғым.  Ермексаздан  геометриялық дене  жасау  және  оларды  нақты  заттармен

ұқсастыру.

Геометриялық

денелерден 

ертегілік,

қиял-ғажайып 

кейіпкерлерінің,

адамдардың бейнелерін құрастыру,  табиғи,  жасанды  материалдар қолданып

ермексаздан мүсіндеу.

Жануарлар  бейнесін әшекейлеу  тәсілдері – ұсақ бөлшектермен  сәндеу,

ермексазға тырнап таңба түсіру арқылы бейне жасау.

Шетелдің және Қазақстанның әйгілі мүсін ескерткіштерімен танысу.

Дизайн

Суретші-дизайнер деген кім? Дизайн принциптері. Ерекше механизмдердің

нобайын жасау (жұмыс агрегаттары, роботтар, алтыбақан және т.б.). Пішінмен

жұмыс – белгілі бір пішін негізінде жаңа пішінді құру – қиын пішінді құрайтын

бөліктерін  белгілеу.  Пішінмен  жұмыс – (бөлімдер  арақатынасының  өзгеруі,

сызық сипаттамасы,  бөлшектерді қосу  арқылы  тарту,  дөңгелектеу, қабыстыру)

пішінді өзгерту.

Сәулет

Сәулет  деген  не?  Сәулетші  дегеніміз  кім?  Сәулет өнерінің негізгі

принциптері.  Сәулет өнерінің  әлемдегі  белгілі  тарихи  және қазіргі  заманғы

ескерткіштерімен  танысу  (Египет  пирамидасы, Колизей,  Тәж-Махал,  Василий

Блаженный  соборы,  Кремль,  Эйфель  мұнарасы  және  Айша  бибі, Қожа  Ахмет

Яссауи кесенесі6 т.б. – мұғалімнің тандауымен).

Сәулет өнерінің стильдерімен танысу. Романдық және готикалық стильдер.

Азияның орта ғасырлық сәулет өнері. Ұлы Жібек жолындағы қалалар.



Пейзаж

Пейзаж  жасау әдістері  (қиял  бойынша,  есте  сақтау  бойынша,  көру

бойынша). Кескіндемелік, графикалық, сәндік пейзаж. Пейзажда жыл мезгілінің

көрініс табуы.

Пейзаждағы  кеңістік.  Пейзаждағы  сызықтық перспектива.  Графикалық

пейзаждағы сызықтың, таңбаның рөлі, қара, ақ, сұр түстердің үйлесуі.

Сызықтық перспектива беру арқылы графикалық пейзаж (ашық және жабық

композициялар) жасау.

Пейзаждың даму тарихы. Суретші-импрессионистердің пейзаж дамуындағы

рөлі.


Өзге  жанр  шығармаларында пейзаждың болуы  (В.Суриков,  П.Брейгель,

Б.Кустодиев, И.Крамский).



Натюрморт

Натюрморт  туралы  түсінік. Натюрморт  жасау  тәсілдері  (қиялы,  есте



63

сақтауы, көруі  бойынша).  Кескіндемелік,  графикалық, сәндік натюрморт.

Натюрморттағы  түстік  шешімдер  (жылы,  суық гамма,  жақын, қарама-қарсы).

Натюрмортта көңіл  күйді  бейнелеу.  Шетелдік  және қазақстандық  өнер

шеберлерінің қылқаламынан шыққан натюрморттармен танысу.

Натюрморт  түрлері.  Натюрморттағы  заттар әлемі.  Натюрморт құрастыру

өнері.

«Натюрморт»  жанрының даму  тарихы. Түрлі  бейнелеу өнерінде  берілген



натюрморт.

Бір 


натюрмортты 

түрлі 


техникада 

орындау


графикалық

(фломастерлермен, 

тушьпен,


қылқаламмен, 

және 


бояу 

жаққышпен);

кескіндемелік – акварель,  гуашь,  жұмсақ  қарындаш  (локальды  және  түрлі

өңдер,  жылы,  суық, жақын, қарама-қарсы, қанық және қанық емес  гамма);

сәндік  натюрморт (оқушылардың таңдауы  немесе  карточка  бойынша),  түрлі

материалдардан (қағаз, мата) коллаж жасау.



Портрет

Портрет жасау тәсілдері (қиялы, есте сақтауы, көруі бойынша). Портреттің

кескіндемелік,  графикалық, сәндік,  мүсіндік  шешімі. Портреттегі көңіл  күй

(шетелдік және қазақстандық өнер шеберлерінің портреттері). Сызық пен пішін

сипатын өзгерту арқылы берілетін адамның бет әлпетінің мимикасы.

Адамның бет әлпетінің әсерлілігі туралы. Портреттің мерекелік, камералық,

автопортрет,  топтық түрлері.  «Мен  автопортретіме қарасам...»  атты  ойлау-

сабағы. Әйгілі  суретшілердің  (Рембрандт,  Ван  Гог,  Крамский  және  т.б.)

автопортреттері туралы.

Портрет  түрлері.  Суретші  мен үлгінің  өзара қатынасы.  Суретшілердің

үлгілерге түрлі қөзқарасы.

Анималистикалық өнер

Суретші-анималистің суреттеу құралдары.  Жануарларды  кескіндемелік,

графикалық, мүсіндемелік,  сәндік  тұрғысынан  бейнелеу.  Ертегі  жануарлары.

Ертегі жануарларының бейнесін жасау.



«Көркем  еңбек» пәні  бойынша  оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:

– бейнелеу өнерінің негізгі терминдері мен ұғымдарын;

– нақты шығарманы белгілі бір түрге және жанрға жатқызуды;

– ұлттық киімдердің ерекшеліктерін;

– қазақтың ұлттық киім ерекшеліктерін;

– композицияда қарама-қарсы түстерді пайдалану ерекшелігін;

– композицияда қозғалысты беру тәсілін білуі тиіс.

Сонымен қатар:

– негізгі көркемөнер құралдарын пайдалануды;

– бояу  жаққыш  тақтайшасында қажетті  түстік  гамманы  таңдауды  (қанық,

қанық емес қара және қанық емес ашық түстер гамма өңдері);

– жарыққа қатысты  түстік  гамма өзгерісін  көру  және  осы өзгерістерді өз

жұмысында қолдана білуді;

– сызық және штрих арқылы заттың көлемін беруді;


64

– композицияда қарама-қарсы түстер заңын пайдалануды;

– алған  білімді  пайдалана  отырып,  бейнелеу

өнері  шығармаларын

талдауды;

– өз ойын түсіндіруді;

– алған  білімі  мен  білігін  пайдалана  отырып,  тақырыптық композиция

жасауды меңгеруі тиіс.



Көркем еңбек

«Көркем еңбек» пәні – кіріктірілген пән, ол бастауыш сыныптарға арналған

«Бейнелеу өнері»  және  «Еңбекке  баулу»  пәндерінің базалық мазмұнын

қамтиды. «Көркем еңбек» пәні «Өнер» білім саласына енеді.

«Көркем еңбек» пәнінің мақсаты:

– бейнелеу өнерінің шығармаларын  эмоционалды-құндылық тұрғыдан

қабылдау қабілеттілігін  дамыту,

қоршаған


ортаға  деген

өз

қатынасын



шығармашылық жұмыс арқылы көрсету;

– бейнелеу,  сәндік-қолданбалы,  архитектура,  дизайн өнер әлемі  туралы

алғашқы білімдерді меңгерту;

– көркем іс-әрекет тәсілдерін, қарапайым білік пен дағдыны меңгерту;

– қарапайым  көркем сауаттылықты меңгерту;  көркем  ой-өрісі  мен әртүрлі

көркем материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

– еңбек  көркем-шығармашылық іс-әрекеті әлемін  меңгеру  процесінде

оқушылардың алғашқы технологиялық дайындығын қалыптастыру;

– кәсіби  және  халық көркем өнерінің шығармаларына  деген  мәдени

көзқарасын; өз  жерінің табиғаты,  Отаны, қазақ және Қазақстанда  тұратын

халықтардың мәдениеті,  салт-дәстүрі, өз  халқының ерлігі  мен  тарихына  деген

адамгершілігін, сүйіспеншілігі мен эстетикалық сезімін тәрбиелеу.

Жоғарыда  аталған  мақсаттар  келесі міндеттерді шешу  арқылы  жүзеге

асады:


– оқушылардың рухани-адамгершілігін  дамыту,  материалдық мәдениетте

бейнеленген  адамзаттың адамгершілік-эстетикалық және әлеуметтік-тарихи

тәжірибесін меңгерту;

– қазақ және Қазақстанда  тұратын  халықтардың мәдениетін, өнерін,

қолөнерін, дәстүрін  білуге  деген әуестігі  мен қызығушылығын дамыту  және

ынталандыру;

– көркем-құрастырушылық білік-дағдысын қалыптастыру;

– кеңістік  ой-өрісі,  репродуктивтік қиялын,  шығармашылық ой-өрісін

дамыту;

– ақпаратты беру, жинақтау, қайта өңдеу, сақтау білігін меңгерту;



– әртүрлі көркем материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

– негізгі көркем іс-әрекет түрлерін айыру (сурет, кескіндеме, мүсін, көркем

құрастыру  және  дизайн,  сәндік-қолданбалы өнер), өз  ойын  беруде әртүрлі

көркем материалдарды және жұмыс тәсілдерін қолдану;

– суретші,  палитра,  композиция,  иллюстрация,  аппликация,  коллаж  және

т.б. сөздерінің мағынасын түсіну;

– атақты суретшілер мен халық шеберлерінің жеке шығармаларын тану;

– түрлі материалдарды өңдеу тәсілдерін білу;



65

– композиция құрастыруды дағдысын меңгеру;

– қағаздан, 

матадан, 

табиғи 

материалдар, 



ермексаз 

және 


т.б.

материалдардан жұмыс істеу дағдысын меңгеру;

– қарапайым мүсіндеу тәсілін қолдану;

– қажетті құралдарды қолдану барысында қауіпсіздік техникасы мен жеке

гигиенаны сақтау ережесін қолдану;

– өз жұмыс орнын ұйымдастыру, қылқалам, түрлі-түсті бояуларды, қайшы,

бояу тақтайшасын қолдану білігі.

Құзыреттіліктер. Бастауыш  сыныптарда  көркем  еңбек  пәнінің базалық

білім  мазмұны  төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағытталуы

қажет.

Тұлғалық құзыреттілік:

– көркем шығармашылық арқылы тұлға ретінде ашылуы;

– абстрактілі-логикалық ой-өрісі  мен  жадын  дамыту,  оқушының  өмірлік

тәжірибесін байыту;

– көру, көрнекі бейнелер арқылы өз ойын және сезімін білдіруге үйрету;

– оқу әрекеті түрлері бойынша жеке шығармашылық жетістіктерін дамыту;

– тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Коммуникативтік құзыреттілік:

мәтінді мағынасына және композициясына қарай жіктей алады;

тақырып бойынша берілген мағлұматтарды оқиды, оған сұрақ қояды және

жауап береді, мәтіннен түйінді сөздерді табады;

иллюстративтік материал негізінде қысқаша әңгіме құрастыра алады;

сөйлеу және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игереді;



Ақпараттық құзыреттілік:

ақпаратты қолданады және оны талдап, тұжырымдайды;

нақты  тапсырманы  шешу  кезінде қажет  болатын  ақпаратты  бөліп  ала

алады;


берілген екі-үш негізгі ақпарат көздері бойынша мәліметтерді жүйелейді;

сызбаларды, қарапайым сызуларды оқиды;

берілген тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды;

техникалық суретті, сызбаларды, қарапайым сызуларды оқиды;

анықтамалар, энциклопедиялар, қосымша материалдарды қолдана алады;

– қазақ халқының, Қазақстанда  тұратын басқа халықтардың және әлем

халықтарының өнері туралы мәліметтерді жинақтай алады.

Эстетикалық-технологиялық құзыреттілік:

– технологиялық мәдениет негіздерін меңгереді;

– көркем-графикалық әрекетті игереді;

– сәндік-қолданбалы өнер техникасы  арқылы көркем  мәнерлілігі  дағдысы

қалыптасады;

композиция,  түс,  реңк,  графика,  пейзаж,  натюрморт және  т.б.  туралы



түсініктері қалыптасады;

– өз


еңбегінің

нәтижесін  эстетикалық

тұрғыдан

қабылдайды

және

бағалайды;



66

– өнер шығармалары  арқылы  көркем қабілеттерін дамытады және  оған

деген қызығушылығы артады;

– материалды өңдеудің негізгі тәсілдерін біледі;

– күрделі емес бұйымдар мен заттарды өздігімен дайындай алады;

– өзінің еңбек әрекетінің бірізділігін жоспарлай алады;

– жоба құрып және оны қорғайды;

– материалды және жұмыс уақытын үнемді пайдалана алады;

– қоршаған дүние шынайылығын, өнер шығармаларын көркемдік тұрғыдан

қабылдай алады;

– белгілеу, бүктеу тәсілдерін қолданады;

– дайын және дайындалатын бұйымдардың өлшемдерін есептейді;

– құрал-саймандарды дұрыс және орнымен қолдана алады;

– жұмысты техникалық қауіпсіздік ережелерге сүйеніп орындайды.



Экологиялық құзыреттілік:

оқушы адамның  әрекетінің сыртқы  ортаға  және  адам  денсаулығына

әсерімен танысады;

қолданылатын материалдың экологиялық жарамдылығын түсінеді;

қолданылатын  материалдардың экологиялық жағынан  лайықтылығын

ажырата алады;

жобалық тапсырманың экологиялық негіздемесін талдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет