12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


12  жылдық мектепте бастауыш білімнің базалық мазмұнын



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.01.2017
өлшемі1,5 Mb.
#969
1   2   3   4   5   6   7   8

4

12  жылдық мектепте бастауыш білімнің базалық мазмұнын

анықтау әдістемесі

Еуропа 


Кеңесінің

Декларациясына 

(1992) 

сай 


дүние

жүзінде


136  мемлекетте  12 жылдық білім  жүргізілуде,  оның ішінде  АҚШ,  Жапония,

Германия,  Франция,  Финляндия,

ТМД  елдерінен

Өзбекстан,  Балтық

мемлекеттері және т.б. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшті.

Қазақстан  Республикасында 12  жылдық бастауыш  мектептердегі  білім

беру мазмұнының қалыптасып, дамуының негізіне алыс, жақын шетел елдері

және Қазақстан  педагогика  классиктерінің жасаған  теориялары  басшылыққа

алынып, соның негізінде 12 жылдық білім беру мазмұны құрылуда.

Еліміздегі  12  жылдық білім беру  мазмұнының дамуына

қатысты

мәселелер  ең алдымен  нақтылы-тарихи  келістер  позициясы  мәселенің



шынайы жағдайына толыққанды талдау жасалып, осы саладағы жинақталған

жағымды  тәжірибені  сақтап қалуды  және әрі қарай  даму  жолдарын

анықтауды талап етеді.

12  жылдық оқыту  мерзімін  енгізудегі  негізгі  мақсатты  анықтайтын



факторлар анықталды. Олар:

-

білім  беру  парадигмасының  өзгеруі  (бұрын  терең білімді,  тәртіпті



бала  ең жақсы  оқушы  саналса, қазір  бұл  талаптарға қоғамдық белсенділік,

әлеуметтік бейімделу, өз бетінше білім алу сияқты қасиеттер қосылып отыр);

-

білім сапасын арттыру қажеттілігі (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы



пән  бағдарламаларына өзгеріс  енгізу,  нәтижелі  білім  беру  тактикасын

басшылыққа алу, оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру);

-

оқушылардың денсаулығын  сақтау  (апталық жүктемені  жеңілдету,



пәннің базалық білім  мазмұнын  оқушының физиологиялық, психологиялық

ерешеліктеріне сәйкестендіру, т.б.);

-

оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету [19];



12  жылдық жалпы  орта  білім  берудің  құрылымдық-мазмұндық моделі

төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

- жеке тұлғаның жас ерекшеліктерінің ескерілуі;

- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

- оқытудың сабақтастығы;

- әрбір оқыту сатысының даралығы.

12  жылдық жалпы  орта  білім берудің бірінші  сатысы – жалпы бастауыш

білім беру (1-4-сыныптар).

Оқуды бастау жасы – 6.

Оқыту ұзақтығы – 4 жыл.

1-сатыдағы  негізгі  бағдар – тұлғалық  қалыптасуын,  оның  қабілеттерінің

тұтастай  дамуын қамтамасыз  ету,  оқушының  өзін-өзі  таныту  мүмкіндігін

ашу, қоршаған әлемнің шынайылығы  туралы  білімді  игерту,  оқуға  деген

ынта-ықыласын  және  танымдық  қызығушылығын

қалыптастыру,  яғни

оқытудың келесі сатыларына қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландыру,

оқу,  жазу,  санау,  шығармашылықпен  ойлау  элементтерінің, жеке  гигиенасы


32

мен  денсаулығын  сақтау  негіздерінің болуына  ықпал  ететін  оқу әрекетін

ұйымдастыру.

Қазіргі  кезеңде Қазақстан  Республикасында  104  мектеп 12  жылдық

оқытуға көшудің эксперименттік алаңы ретінде жұмыс жасауда.

12  жылдық оқытуға  көшу  эксперименті  2003-2004  оқу  жылы  басталды.

Алғашқы  жылы  эксперименттік  алаң ретінде  Республикамыздың барлық

облыстары, Астана  және  Алматы қалаларынан  51  мектеп  белгіленді.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және ғылым  министрлігінің  2002 жылғы

1  шілдедегі  №  524  бұйрығын  іске  асыру  аясында  2004-2005  оқу  жылында

эксперимент 

көрсеткіші 

кеңейтіліп,

қазақ


және 

орыс 


тілінде

104 эксперименттік мектеп іске қосылды.



Эксперимент барысында:

- бастауыш мектепте информатика және шет тілі пәндері енгізілді;

- 12  жылдық орта  білім  берудің мемлекеттік  стандартының жобасы

дайындалды (бірінші саты);

- 1-4 сыныптарға  арналған  эксперименттік базистік  оқу жоспары

дайындалды;

- 1-4 сыныптарға  арналған  эксперименттік  оқу  бағдарламалары  (байқау

нұсқасы) дайындалды.

12  жылдық білім  мазмұнының міндеті – қоғамның əлемдік  деңгейге  сай

жалпы  жəне  кəсіби  мəдениетін  көтеру,  тұлғаның  ұлттық жəне əлемдік

мəдениетке  араласуына мүмкіндік  жасау;  осы  күнгі қоғамның төл  тумасына

айналған  жəне  сол қоғамды  жетілдіруді  мүдделеген  адам  жəне  азамат

тəрбиелеу [1].

Осыған  орай  12  жылдық мектепте  берілетін  білім  мазмұнын  іріктеуде

келесідей талаптардың орындалуы міндетті:

– тұлғаның жан-жақты  дамуы  жəне  оның оқу әрекетінің қалыптасуына

қажет білім, білік, дағдылардың қамтылуын қамтамасыз ету;

– базалық білім  мазмұнының ғылымилық,  сабақтастық, жүйелілік,

көрнекілік жəне түсініктілік принциптерін жүзеге асыру;

– базалық білім  мазмұны оқушылардың жас  ерекшеліктеріне  және

қабылдау мүмкіндіктеріне сəйкес болуын ескеру;

– базалық білім мазмұнының көлемі санитарлық-эпидемиологиялық

нормалар  мен  ережелерде  бекітілген  оқу  жүктемесінің жоғары  шекті

көлеміне сəйкес келуін қадағалау;

– базалық білім мазмұнын жасауда халықаралық тəжірибені ескеру;

– білім  беру  мазмұнын қоғамның  қазіргі әлеуметтік-экономикалық

сұранысына сәйкестендіру;

– білім беру мазмұнын ізгілендіру,

– өздігінен білім  алуға,  оны  практикада қолдана  білуге  тәрбиелеуге

бағытталған, негізгі құзырлылықтар қалыптастыруға ықпал ететін білім беру

мазмұнымен қамтамасыз ету;

– дүниетанымын қалыптастыруға  бағытталған  білім  беру  мазмұнын

іріктеу;


33

– білім беру мазмұнының оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өздігінен

ізденуіне бағдарлау;

білім  мазмұнын



ұлттық

мәдениетті

құрметтеуге,

өзге  мәдени

бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау [18], [20].

Білім  берудің

күтілетін  нәтижелері  белгіленген  мақсатқа  сәйкес

бастауыш мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:



Тұлғалық құзыреттіліктер:

– қоршаған дүниені тану және түсіну, онда бағдар жасау қабілеттілігі;

– өзінің іс-әрекетінің мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау,  оның

нәтижесін болжау білігі;

– қоршаған дүние  аясында  пайда болған  міндеттерді  шешу  тәсілін  табу,

ұсыну, қабылдау білігі;

– өзінің іс-әрекетін және оның нәтижесін бағалау білігі;

– қоршаған дүниені тану үшін ынта-ықыласын көрсету;

– адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін айыру білігі;

– өзінің жағымды тұлғалық қасиеттерін дамытуға деген ұмтылысы;

– әлеуметтік ортада эмоционалды жағымды ішкі ахуалын құру білігі;

– жас ерекшеліктеріне сәйкес логикалық ойлауын меңгеру;

– жасына  сәйкес әртүрлі әлеуметтік  рөлді  орындауға қабілеті өзін

қоғамның толыққанды мүшесі ретінде көру;

– өзінің қауіпсіздігін сақтау ережесін меңгеру;

– салауатты өмір салтын түсіну;

– шығармашылық жұмыс түрлеріне ұмтылыс жасау;

– физикалық (дене шынықтыру) тұрғыдан өзін-өзі дамыту;

– өнер түрлерін  және  нақты  объектілерді  зерттеуге қызығушылық

білдіру.


Азаматтық құзыреттіліктер:

– өзін өз елінің азаматы  ретінде сезіну, өз  Отанына  мақтаныш  сезімін

білдіру;

– әлем картасында өз елінің орналасу жерін білу;

– ұлт батырлары мен негізгі тарихи оқиғаларды білу;

– өз елінің жетістіктеріне қызығушылық білдіру;

– өз елінің гимнін білу,  мемлекеттік  символдарды  сипаттау  білігі,

Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет  көрсету,  күнделікті

қарым-қатынас деңгейінде мемлекеттік тілді меңгеру;

– патриоттық сезімін  білдіру, өз  Отанына қызмет  ету  және  оның

мүдделерін қорғауға дайындығын көрсету;

– болып жатқан әлеуметтік жағдайларға қызығушылық білдіру.



Әлеуметтік құзыреттіліктер:

– ұжымның қоғамдық, әлеуметтік-еңбек өміріне белсенді қатысу;

– қоғамдық

қарым-қатынастың

стандарттық

жағдайында 

шешім

қабылдау қабілеттілігі;



34

– қоғамдағы жалпыадами және ұлттық мәдени, этномәдени құбылыс пен

салт-дәстүрі,  жеке  бас,  жанұя  және әлеуметтік өмірдің мәдениеттану  негізін

білу;


– қазақ халқы  мен Қазақстан  тұратын  басқа  этностардың тарихы,

мәдениеті, салт-дәстүрі мен басқа да құндылықтарына құрмет көрсету;

– мемлекеттік  тілді құрметтеу  және  оны  күнделікті қарым-қатынас

құралы ретінде меңгеру;

– орыс  тілін  күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде  және  ағылшын

тілін қарым-қатынастың тұрақтылық формуласы деңгейінде меңгеру;

– өз жерінің, елінің табиғатын  сақтауға  деген ұмтылысын, қоршаған

ортаны қорғауға белсенділік көзқарасын білдіру;

– қоршаған ортада өзара қарым-қатынастың этикалық нормасын  сақтау;

жанұя  мүшелері  мен қоршаған  адамдарға  ізгілік, қайырымдылық көрсету;

жанұяның салт-дәстүрін қадірлеу, жанұяда өзінің міндеттерін орындау.

Басқару құзыреттіліктер:

– жас  мүмкіншілік  шегінде ұжым  мен  отбасында  оқу, қоғамдық және

еңбек іс-әрекетін жоспарлау білігі;

– ұжымда ұйымдастырушылық білігін көрсету;

– алдағы  іс-әрекет түрлері  бойынша  күтілетін  нәтижені  көру  және

нәтижеге  жетпеген  жағдайда  іс-әрекетті жүзеге  асырудың басқа  да  тәсілдері

мен әдістерін іске асыру білігі;

– қоғамдық өмір жағдайында дұрыс шешім қабылдау білігі;

– өзара байланысты, қоршаған әлемдегі қарым-қатынастың көптілігін

түсіну;


– шығармашылық іс-әрекетке ұмтылысы.

Коммуникативтік құзыреттіліктер:

– күнделікті қарым-қатынас аясында қазақ, орыс тілдерін қолдану білігі;

– күнделікті

қарым-қатынастың

дәстүрлі

жағдайында

қарапайым

ағылшын тілінде қарым-қатынас жүргізу білігі.



Ақпараттық құзыреттіліктер:

– компьютермен 

жұмыс 

істеудің


алғашқы 

дағдысын 

меңгеру

(компьютердің негізгі құрылғылары);



– қоғам өмірінде ақпараттың рөлін түсіну;

– ақпараттық процестердің жүру заңдылығын ескеру білігі;

– ақпаратты талдау және бағалау дағдысын меңгеру.

Технологиялық құзыреттіліктер:

– қол еңбегі құралдарын қолдану және  адам  еңбегінің іс-әрекетін

механикаландыру  және  автоматизациялаудың негізі  ретінде қол  еңбегі

(инструменталды) технологияларын меңгеру білігі;

– модельдеу,  нысандарды үлгілеу  мен құрастыру  тәсілдерін  меңгеру

(тұтасты 

бөлшектерге 

бөлу, 


элементтерді 

біртұтас 

етіп 

біріктіру,



бөлшектердің  өзара  орналасуын қиыстыру,  бөлшектерді  алып  тастау,  жаңа

элементтерді қайта құрастыру және т.б.);



35

– көзбен  шолу  арқылы  графикалық тәсіл  мен  ақпаратты  көрсетуді  және

жобалау іс-әрекетінің элементтерін меңгеру.

Аталған құзыреттіліктерді тұлға бойына  дарытуда  педагог қауымның

арнайы әлеуметтік  білім  беру құзыреттіліктерінің жан-жақты  болуы  талап

етіледі.  Егер  педагог өзінің кәсіби өсу  жобасын  дұрыс  жолға қоя  отырып,

өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде

қолдана  білетіндей  тапсырмалар  жүйесін ұсына  алатын  жағдайда  болғанда

ғана педагог құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.

Отандық және  халықаралық мектептердің орта  білім  беру  мазмұнын

ұйымдастырудағы  тәжірибесін  ескере  отырып, Қазақстан Республикасының

бастауыш білім  беру  мазмұны құрамына жеті білім саласы енгізілді:  «Тіл

және әдебиет»,  «Математика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және қоғам»,

«Технология», «Өнер», «Дене шынықтыру» [3].

Бастауыш  білім мазмұнын инварианттық компонент (өзінің мазмұны

мен  жүйесі  бойынша  мемлекеттік  базалық білім  беру  стандарттарының

талаптарына  жауап  беретін  оқу  бағдарламасының жалпы  міндетті  бөлігі)

және вариативтік компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан

өздерінің

қалауы  және  таңдауы  бойынша  игеретін  оқу  жоспарының

вариативті бөлігі) құрайды.

Мектепте оқытудың нәтижелері – әрбір  оқушының оқудағы  күтілетін

нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға ынтасы мен тұлғаның даму

динамикасы.

Күтілетін  нәтиже жан-жақты  және әділ  бағалауды  талап  етеді.  Күтілетін

нәтижені бағалаудың екі жолы қарастырылады:

- білім  берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандартын  игеру  деңгейі

(сыртқы нәтижелер);

- оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).

Сонымен,  12  жылдық оқытуға  көшу мәселесі шығармашыл,  зерттеуші

тұлға дамытуға бағытталған жаңа үлгіден тұратын қазақстандық білім беруді

жаңартудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.

12 жылдық білім берудің ерекшелігі:

– білім  беру  парадигмасының  өзгеруі: білім,  білік,  дағдыға  негізделген

білім  беру  мазмұнынан құзыреттілікке  негізделген  білім  беру  мазмұнына

ауысу;


– оқушылардың денсаулығын сақтау;

– оқушы тұлғасын әлеуметтендіру;

– білім сапасын арттыру.

12  жылдық мектепте  оқытуды ұйымдастыру  жалпы  дидактикалық

принциптерге негізделген:

- жеке  тұлғаның жас және  психофизиологиялық даму  ерекшелігінің

ескерілуі;

- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;

- ашықтығы;

- оқытудың сабақтастығы;



36

- әрбір оқыту сатысының даралығы;

- интерактивтігі.

Жалпы, 12  жылдық білім беру  моделіне

көшу  барысында  мына

мәселелерге баса көңіл бөлініп отыр:

1)

білім 


беруге 

арналған 

оқулықтар 

мен 


оқу

құралдарының

оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

2) білім  беру  барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің оқушылармен

жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы;

3) бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне  негізделіп,

біртіндеп  оқу әрекетіне  көшу  талабының орындалуы,  алты  жасар  баланың

ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі;

4) оқушының ой-өрісі мен  тілін,  олардың еркін  сөйлеуін дамыту,  пікір

сайысына қатысу деңгейін байқау;

5)  берілетін  білімнің  өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен,  жергілікті

өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі;

6) білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды

қолдана білу шеберлігі;

7) сабақ ұзақтығының 35 минуттан аспауы.

8) мұғалімнің оқу-әдістемелік  кешендерді  пайдалану  және  оған  талдау

жасау шеберлігі [15].

12  жылдық оқытуға  көшу, жалпы  алғанда, қазақстандық білім  беру

жүйесінің стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны

қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім

беру» үлгісінен «әрбір  адамға өмір  бойында  білім  беру» үлгісіне өтуге

мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз

етеді.

Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті



түрде

қарастырылады. 

Міндетті 

оқылатын 

пәндер 

мазмұнында



республиканың

кейбір


өңірлерінде

экономикалық және  мәдени-тарихи

ерекшеліктері көрініс табады.


37

5 Бастауыш мектептегі негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық мазмұны

Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары 7 білім аймағынан тұрады:

1. Тіл және әдебиет

2. Математика

3. Жаратылыстану

4. Адам және қоғам

5. Өнер

6. Технология



7. Дене шынықтыру

«Тіл және әдебиет» білім саласы

«Тіл және әдебиет» білім саласы сауат ашу (оқу, жазу), қазақ тілі, әдебиеттік

оқу, орыс тілі пәндерін қамтиды.

Сауат ашу (оқу, жазу)

«Сауат  ашу  (оқу,  жазу)»  пәнінің ерекшелігі – оқушылардың оқу  және  жазу

дағдыларын қалыптастыру, қарапайым  грамматикалық  ұғымдармен  таныстыру,

айтатын  ойын  толық, түсінікті,  жүйелі  жеткізе  білуге,  байланыстыра  сөйлеуге

үйрету,  ауызша,  жазбаша  тілін  дамыту,  сөздік қорын  байыту  және  белсендіру

мақсаттарын  жүзеге  асыруға  бағытталады.  Бұл  мақсат  оқу  және  жазу

сабақтарында  ауызша  және  жазбаша  сөйлеудің  үйлесімділік ұстанымын  ескере

отырып оның үш кезеңінің (әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі және әліппеден

кейінгі кезең) негізгі міндеттерін шешу арқылы қамтамасыз етіледі.

Әлiппеге  дейiнгi  кезеңнің міндеттері – балалардың  өмірінде  жаңа  пайда

болған  жетекші әрекет – оқу әрекетіне  бейімдеу,  тұрақты  зейіні  мен  жадын,

логикалық ойлауы  мен  есте  сақтау қабілетін қалыптастыру,  баланың тұлғалық

қасиеттерін  тәрбиелеу,  оқуға  және  жазуға  дайындау,  сөздік қорын  молайту,

байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Әлiппе  кезеңiнің міндеттері – қазақ  әліпбиіндегі әріптермен  (баспа  және

жазба  түрі,  бас әріп  және  кіші әріп)  таныстыру, әріптен  буын,  буыннан  сөз,

сөзден  сөйлем құрап  оқуға  және  жазуға  дағдыландыру,  байланыстыра  сөйлеу

тілін  дамыту,  сөздік қорын  байыту  және  белсендіру,  оқу  дағдысы  мен  жазу

икемділігін қалыптастыру.

Әлiппеден  кейiнгi  кезеңнің міндеттері – оқу  (сөзді,  сөйлемді  саналы,  дұрыс

және  түсініп  оқу)  және  жазу  (қатесіз,  сауатты,  таза,  каллиграфия  ережелерін

сақтай  отырып  жазу)  дағдыларын  жетілдіру,  тіл  бірліктері  (дыбыс,  буын,  сөз,

сөйлем,  мәтін)  туралы қарапайым  түсініктер қалыптастыру,  оқылған  мәтіннің

мазмұнын  талдауға үйрету,  байланыстыра  сөйлеу  тілін  дамыту, қарым-

қатынастың әртүрлі жағдайында ана тілін еркін қолдануға бейімдеу.



Құзыреттіліктер. Бастауыш  сыныптарда сауат  ашу  (оқу,  жазу)  пәнінің

базалық


білім  мазмұны  төмендегідей

құзыреттіліктерді

қалыптастыруға

бағытталуы тиіс.



Оқу құзыреттілігі:

– қазақ  әліпбиіндегі  дыбыстар  мен әріптерді  білу, әліпбидегі  барлық

әріптерді қатыстырып, сөздерді дұрыс оқу, оқығандарының мәнін түсіну;

– сөздерді буынға бөлу;



38

– оқу  барысында  мәтін  мазмұнына  сәйкес  дауыс  кідірісін,  ырғағын  сақтап

оқу;

– сөзді буындап оқу, сөзден сөз туындату арқылы түсініп, дұрыс оқу;



– сөзге  дыбыстық талдау,  дыбыстардан  сөз құрату; әріптік  және әріптік-

дыбыстық таңбалар бойынша сөз құрау және оны оқу.



Жазу және каллиграфия құзыреттілігі:

– әріп элементтерін – бас және кіші әріптерді жазу, каллиграфия нормаларын

сақтап қосып жазу;

– бір және екі буынды сөзді жатқа жазу;

– айтылуы  мен  жазылуы  бірдей  сөздерді  (2-4  сөз)  жазу;  сөйлемді

(2-3 сөйлем) жазу;

– мәтінді (8-10 сөзден кем емес) көшіріп жазу;

– сөздегі дауысты және дауыссыз, қатаң және ұяң дыбыстарды айыру;

– сөйлеуден  сөйлемді,  сөйлемнен  сөзді,  сөзден әріп  пен  буынды  ажырату,

модульдік схема бойынша сөйлем құрау;

– сөйлемді, адам есімдерін бас әріптен бастап жазу;

– сөйлем  соңына  тыныс  белгілерін  (нүкте,  сұрақ, леп  белгілері) қою,  сөзді

буынға бөліп тасымалдау.

Байланыстырып сөйлеу құзыреттілігі:

– қазақ тілінің негізгі айтылым нормаларын меңгеру;

– сөздік қорында 1000 лексикалық бірлікті белсенді қолдану;

– айтылғанды  түсіну,  сұраққа  жауап  беру, әңгімелесуге қатысу,  белгілі

тақырып және оқылған мәтін бойынша әңгімелеу;

– белгілі тақырып бойынша диалогке қатысу, сөйлеу әдебін сақтау;

– диалогке құрылған  көркем  шығарманы  мәнерлеп  оқу,  рөлге  бөліп  оқуға

қатысу;


– оқылған  мәтін  және  сурет  бойынша өзінің алған әсері,  оқиға  желісі

бойынша әңгімелеу;

– жарыстарға, рөлдік ойындарға, сахналауға қатысу;

– сурет бойынша өз ойынан 2-4 сөйлемнен тұратын әңгіме жазу;

– сөйлеуде бейнелі-мәнерлі құралдарды пайдалану (эпитет, салыстыру).

Сауат ашу (оқу, жазу) пәнінің базалық білім мазмұны

Әліппеге дейінгі кезең

Дыбыс туралы  түсінік.  Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстар,  жуан  және

жіңішке  дауысты  дыбыстар.  Дыбыстардың графикалық таңбасы.  Сөзден

дыбысты бөліп алу. Сөздегі дыбыстардың санын, орнын, ретін анықтау, дауысты

немесе  дауыссыз  екенін  айыру.  Сөздің дыбыстық сызбасын,  дыбыстық

сызбадағы графикалық таңбаларды айыру (дауысты дыбыс – қызыл түсті текше,

дауыссыз дыбыс – көк түсті текше).



Сөзбен  жұмыс. Мектеп,  отбасы,  төрт  түлік, қала,  көлік,  жабайы  аңдар  мен

құстар,  жеміс-жидектер,  көкөніс,  дәнді  дақылдар,  жылдың төрт  мезгілі,  т.б.

тақырыптар  бойынша  сөздік қорын  анықтау,  байыту  және  оны қолдану

белсенділігін  арттыру.  Сөзге  дыбыстық талдау  жасау.  Сөзді  буынға  бөлудің

графикалық таңбасы.

Сөйлеммен жұмыс. Сөйлемнің графикалық таңбасы.


39

Кім?  не?  не  істеді? қайтті? қандай? сұрақтарына  жауап  беру.  Сөйлем

құрату.  Оқушының байланыстырып  сөйлеуін  дамыту.  Сұрақтарға  жауап  беру.

Сұраққа  жауап қайтару  кезінде  сөйлемнің түріне қарай  дұрыс  пунктуациялық

кідіріс  жасап  сөйлеу;  адамның аты-жөні,  жер-су  аттары,  жан-жануарларға

қойылған аттарды бас әріппен жазу.

Көркем  мәтіндерді  тыңдау  және  мазмұнын  айту,  мәтінді құрастыруға

арналған шығармашылық тапсырмалар: ертегіні  сахналау, өлеңді  жатқа  айту,

диалогке қатысу,  сюжетті  суреттер  және өмірден  алынған әсерлері  бойынша

әңгіме құрастыру.

Оқуға  дайындық. Сөйлеу,  сөйлем,  сөз,  буын,  дыбыс. Халық ауыз әдебиеті

және классикалық балалар әдебиеті шығармаларын тыңдау.



Жазуға  дайындық. Жазу  гигиенасын  (дұрыс  отыру, дәптерді  дұрыс

орналастыру, қаламды  дұрыс ұстау,  жарықтың сол  жағынан  түсуі)  сақтау.

Қолдың саусақтарын, бұлшық еттерін дамыту.

Дәптермен таныстыру, дәптердің үлкен, кіші жолдарын ажырату.

«Жазу үлгісін»  пайдалану:  сызықтарды қосу,  сұлбаларды,  ою-өрнектерді,

таңбаларды  бастырып  сызу,  штрихтау,  нүктелерді  сызықтармен қосу, үздіксіз

жүргізіп сызу; әріп элементтерін жазу.

Әліппе кезеңі

Оқуға үйрету. Сөзден  дыбыстарды  ажырату,  оларды әріптермен  таңбалау.

Дыбыстық-әріптік сызбаны оқу.

Қазақ алфавитіндегі дыбыстар мен әріптерді меңгерту. Дыбыстарды дұрыс

айту, буын, сөз, сөйлемдерді дұрыс оқуға жаттығу.

Әртүрлі буындық құрылымдағы сөздерді ажырату (екі, үш, төрт буын).

Әріптер мен буындардан (алдын ала жүргізілген дыбыстық талдаудан кейін)

сөз құрау,  оларды  оқу.  Сөздерді,  сөз  тіркестерін, қысқа  сөйлемдерді,  шағын

мәтіндерді  дұрыс,  саналы  түсініп,  мәнерлеп,  буындап үзбей  оқуға  және  тұтас

сөзбен оқуға үйрету.

Жазуға үйрету. Әріп  элементтерін  жазу,  бас әріп  және  кіші әріп

элементтерін  дұрыс қосып  жазу.  Дыбыстарды жазба әріптермен  таңбалай  білу.

Әріптерді  бір-бірімен  дұрыс  байланыстырып, үздіксіз  және  ырғақты  жазу.

Әріптер  мен  сөздерді  жазу  жолына  дұрыс  орналастыру.  Баспа әріптердің жазба

түрлерін меңгеріп, қатесіз, көркем жазу.

Тіл дамыту. Сөздің дыбысталуын байқау, оған зейін аудару. Баланың сөйлеу

тілінде кездесетін кемістіктерді түзету. Сөздің орфоэпиялық нормаларына сәйкес

айтылуын жетілдіру (айтылуы ұқсас дыбыстар).

Жаңылтпаштар, санамақтар айтқызу.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту: мәтін мазмұны бойынша шығармашылық

тапсырмалар, сұраққа жауап беру, әңгімелеу, ауызша суреттеу, оқылған мәтіннің

мазмұнын өздігінен  толықтыру,  мәтінге ұқсас әңгіме құрастыру. Әліппедегі

суреттерден өзінің алған әсері,  сурет  сериялары,  белгілі  бір  тақырып  бойынша

әңгіме құрастыру.

Сөзбен  жұмыс. Балалардың сөздік қорын  анықтау,  байыту  және  оны

қолдану белсенділігін арттыру. Заттың атын, іс-әрекетін, санын, күйін білдіретін

сөздерді дұрыс таңдау. Ойын жеткізу, сөзді қолдану. Сөздің көп мағыналылығы:


40

омоним,  синоним,  антоним  (терминдер  аталмайды)  сөздерді  ажырату  және

оларды орынды қолдану. Көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді түсіну.

Сөйлеммен  жұмыс. Мәтіндер  бойынша  сөйлемдер құрастыру,  оқығандары

бойынша сұрақтарға жауап беру.

Мәтінді  мазмұндап  айту.  Мәтін  мазмұны  бойынша  шығармашылық

тапсырмалар: мәтінге берілген суреттерді сөзбен сипаттау, сюжетті толықтырып

айту. Әңгіме  оқиғаларының желісін  есте  сақтау  бойынша  айту,  оны өмірмен

байланыстырып әңгімелеу.

Суреттер  бойынша  және  жеке әсерлері  туралы әңгіме құрастыру. Әліппе

мәтіндерінің мазмұнын түсіну. Тақырып бойынша әңгіме құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет