Әліппеден кейінгі кезең
Оқу және тіл дамыту. Мәтінмен жұмыс: оқыған мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру, таңдап оқу, мұғалімнің сұрағына жауап
болатын сөйлемдерді тауып оқу, оқыған әңгімеге немесе оқиғаға баға беру.
Мәтіннің мазмұнын толық айту, мәтінді өз әсерлерімен толықтырып айту.
Мәтінге берілген суреттерді сөзбен сипаттау, әңгіме құрастыру, мәтінді
бөлімдерге бөлу, бөлімдерге ат қою.
Мәтіннің көркемдік ерекшеліктерімен жұмыс: теңеу, эпитеттерді (термин
аталмайды) және оқиғаларды, кейіпкерлерді сипаттайтын сөздерді табу.
Мәтінді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу, буындап үзбей оқу
және сөзді тұтас оқу дағдыларын жетілдіру. Қазақ, орыс, әлем әдебиеті ақын-
жазушыларының өлеңдері, ғылыми-көпшілік әңгімелері, көркем шығармалары.
Үлгі тақырыптар: «Адам болам десеңіз», «Шаңырақ шуағы», «Отан»,
«Өнегелі өмір», «Табиғат», «Халық ауыз әдебиеті».
Мәнерлеп және дұрыс оқуды жетілдіру. Хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді дауыс кідірісін сақтап, сөзді тұтастай оқу. Мәтінді мазмұны
бойынша
әңгімелеу, шығармашылық
тапсырмалар (мәтінді
өз
әсерімен,
қиялымен толықтыру). Тақпақ оқып, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ жаттау.
Грамматика, емле және тіл дамыту.
Сөйлеу. Сөйлеу туралы қарапайым ұғым. Сөйлеудің мағыналық жағынан
байланысқан сөйлемдерден тұратыны. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу,
сөйлеуге қойылатын басты талаптар – дәлдік, мәнерлілік, сыпайылылық.
Дыбыс және әріп. Орфография. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен
олардың әріптері. Қазақ әліпбиі. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар, қатаң,
ұяң, үнді дауыссыздар және олардың әріптері. Жуан және жіңішке айтылатын
сөздер. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал.
Сөз. Орфография. Сөз және оның мағынасы: мәндес сөздер (синонимдер),
мағынасы қарама-қарсы сөздер (антонимдер), жазылуы мен айтылуы бірдей,
бірақ мағынасы басқа сөздер (омонимдер) (терминдер аталмайды).
Заттың атын білдіретін сөздер (сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?); бас
әріптен басталып жазылатын сөздер (адамның аты-жөні, жер-су аттары,
жануарларға қойылатын аттар т.б.); заттың қимылын білдіретін сөздер
(сұрақтары: не істеді? не қылды?); заттың сынын білдіретін сөздер (сұрақтары:
қандай? қай?); заттың санын, ретін білдіретін сөздер (сұрақтары: қанша? неше?
нешінші?).
41
Сөйлем. Сөйлем туралы ұғым. Бір немесе бірнеше сөзден құралып, аяқталған
ойды білдіретіні. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер. Сөйлемнің
бірінші сөзі бас әріптен басталатыны.
Мәтін. Мәтіннің тақырыбын анықтау. Мәтінге ат қою. Мәтіннен түсініксіз
сөздерді табу. Берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру.
Оқу және жазу. Жазу мен оқу дағдысын жетілдіру, оқу техникасын сақтау,
жылдам оқу, алғашқы грамматикалық түсініктерді қалыптастыру. Көркем жазу,
сыныптан тыс оқу және қарым-қатынас дағдысын дамыту. Көркем жазу
сабағында байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорын дамыту. Сөз, сөйлемдерді
көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, жатқа жазу, мұғалімнің айтуымен жазу.
Сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Тапсырмаларды орындау.
«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәні бойынша оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар
Бірінші сыныпты аяқтаған оқушы:
– қазақ әліпбиіндегі барлық әріптерді;
– сөздерді дұрыс оқуды;
– оқығанының мағынасын түсінуді;
– сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді дұрыс түсініп және мәнерлеп оқуды;
буындап үзбей оқуды және тұтас сөзбен оқуды білуі тиіс:
Жазу дағдысына қойылатын талаптар бойынша:
– бірінші жарты жылдықтың соңында мұғалімнің айтуымен 4-5 сөзді;
2-3 сөзден тұратын қысқа сөйлемдерді жаза білуді;
– сөйлемді және жалқы есімдерді бас әріптен бастап жазуды;
– сөйлем соңына нүкте қоюды;
– берілген тақырып бойынша 2-4 сөйлем құрауды және оны жазуды меңгеруі
тиіс.
Байланыстырып сөйлеу тіліне қойылатын талаптар бойынша:
– оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап беру;
– мәтіннің мазмұн жүйесін сақтай отырып әңгімелеу;
– сюжетті суреттер бойынша, ұсынылған тақырып бойынша ойша әңгіме
құрастыру;
– көркем мәтін кейіпкерлерінің диалогтерін рөлге бөліп орындау;
– мәтін ішіндегі диалогтерді мәнерлеп оқу біліктіліктері мен дағдыларын
меңгеруі тиіс.
Грамматикалық дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бойынша:
– дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс ажырату;
– дыбыс пен әріпті ажырата білу;
– сөз бен сөйлемді ажырата білу;
– сөйлемді сөйлеуден, сөзді сөйлемнен, буын мен дыбысты сөзден айыра
білу;
– сөйлемнің сызбасын құру, дыбыстық, дыбыстық-әріптік сызбаларды құру;
– буындық-дыбыстық талдау жасау біліктіліктері мен дағдыларын меңгеруі
тиіс.
42
Қазақ тілі
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу қызметінің барлық
түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, шығармашылық
қабілеттері мен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша
және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы
мен дамуына мүмкіндік жасау.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың басты міндеттері:
– оқушылардың өз ана тілі – қазақ тілін білуге деген ұмтылысын,
қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын
сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін
құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;
– ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
– тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік (өз ана тілінде
дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу), дағдыларды
қалыптастыру және дамыту;
– алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды
талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
– оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, шығармашылық, сыни
ойлауын жетілдіру.
Құзыреттіліктер. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің базалық білім
мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Тілдік құзыреттілік:
дыбыс түрлерін ажыратады; сөзге толық дыбыстық талдау жасайды;
сөздерді буынға бөледі, дұрыс тасымалдап жазады;
айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар дауысты дыбыстардың (а, ә, о, ө,
ұ, ү, ы, і, и) емлесін біледі;
у, и, я, ю, п-б, қ-ғ, к-г, л, м, н, ң әріптерінің және қосымшаның емлесін
біледі;
э, в, ф, ц, ч, щ, х, һ дыбыстарының ерекшеліктерін және емлесін біледі;
сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін (хабарлы, сұраулы,
лепті) ажыратады және оларды сөйлеу әрекетінде пайдаланады;
мәтінді мазмұндайды;
сөздің лексикалық мағыналарын: көп мағыналы сөздер, мәндес, қарама-
қарсы мағыналары бар сөздерді ажырата алады;
сөз құрамына талдайды, түбірі мен қосымшасын біледі;
заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратады,
олардың сұрақтарын дұрыс қояды;
– сөйлемді сөйлем мүшелеріне (тұрлаулы, тұрлаусыз) талдайды;
– мәтінді талдайды және мәтін түрлерін айырады;
– тілдік фактілерді ажыратады, талдайды және оларды топтастырады, өзара
салыстырады;
– ұлттық-мәдени мазмұндағы материалдарды сөйлеу кезінде пайдалана
алады;
сөйлемді сөйлем мүшесінің дара, күрделі және бірыңғай түрлерін
ажыратады;
43
сөз тіркесіне талдайды;
жалаң сөйлемді жайылмаға, жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;
мәтінді талдайды және мәтін түрлерін айырады;
тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді, өз тәжірибесінде пайдаланады;
күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады және оларды емлеге сай
жазады.
Сауаттылық (каллиграфиялық, орфографиялық және тыныс белгілері)
құзыреттілігі:
баспа және жазба мәтінді каллиграфиялық ережелерге сәйкес әріп
қалдырмай қатесіз жазады;
көлемі 70-75 сөзден тұратын диктантты сауатты жазады;
көлемі 60-70 сөзден тұратын мәтінді жазбаша мазмұндайды;
шығарма, сипаттау, әңгімелеу және пайымдау (үлгі бойынша көлемі 60-80
сөз) мәтіндерін құрастырады;
сөзді ережеге сәйкес тасымалдайды;
сөйлемнің соңына тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ, леп белгілері) дұрыс
қойып жазады.
орфографиялық ережеге сәйкес дұрыс жаза алады;
сөйлемді тыныс белгілерінің ережесін қолданады.
Коммуникативтік құзыреттілік:
түрлі жағдайларда әңгімелесе алады (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
оқылған мәтінді түрлеріне (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) ажыратады;
өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттай алады;
– өз ойларын білдіре алады және дәлелдей, тұжырымдай біледі;
берілген мәтінге жоспар құрады немесе жоспар, тірек сөздер арқылы мәтін
құрайды;
сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен тақырыбына сәйкес диалог, монолог
құрай алады;
өздіктерінен мәтін құрайды.
Қазақ тілі пәнінің базалық білім мазмұны
Тіл және сөйлеу
Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен
оның қажеттілігі. Сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері.
Мәтiн
Мәтiн және оның түрлерi. Әңгiмелеу мәтiнi, оның құрылысы. Тiрек сөздер,
суреттер, диафильмдер және оқығандары бойынша әңгiме құрау.
Сипаттау мәтiнi, оның құрылысы. Затты нақты сипаттау, көркемдеп
сипаттау, салыстырмалы түрде сипаттау. Көркем және ғылыми сипаттауды өзара
салыстыру. Көркем сипаттауды өзгертiп қайта жазу. Салыстырып сипаттау.
Пайымдау
мәтiнi.
Пайымдаудың
мазмұндық
және
құрылымдық
ерекшелiктерi.
Пiкiр айту бiлiгiн қалыптастыру, дәлелдей, қорытынды жасай бiлуге үйрету.
Өздiгінен мәтiн құрау дағдысын жетiлдiру: айтқандарының тақырыпқа сай
болуы, мазмұндау логикасын сақтау, сөйлемдердiң дұрыс құрылуы, орынсыз
қайталауларға жол бермеу, т.б.
44
Дыбыс және әрiп
Дауысты дыбыстар, олардың түрлерi, емлесi. Дауыссыз дыбыстар, олардың
түрлерi, емлесi. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелiктерi. Орыс
тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар және олардың түрлерi, емлесi;
айтылу, жазылу ерекшелiктерi.
Буын. Екпін. Тасымал.
Сөз тiркесi және сөйлем
Сөз тiркесi туралы түсiнiк. Сөйлемнен сөз тiркесiн табу.
Жай сөйлем және оның жалаң, жайылма түрлерi. Құрмалас сөйлем туралы
түсiнiк. Құрмалас сөйлемнiң тыныс белгiсi.
Сөйлемнiң дара және күрделi мүшелерi. Бiрыңғай мүшелер. Жалғаулықсыз
қолданылған бiрыңғай мүшелi сөйлемдер, тыныс белгiлерi. Бiрыңғай
мүшелердiң интонациясы.
Сөз
Сөз мағыналары. Көп мағыналы сөздер, синоним, антоним және тұрақты сөз
тiркестерi. Мәтiннен антоним, синоним сөздердi, тұрақты сөз тiркестерiн табу.
Оларды қатыстырып сөйлемдер құрау.
Күрделi сөздер. Күрделi сөз туралы жалпы түсiнiк. Бiрiккен сөз. Бiрiккен
сөздiң жасалуы, жиi кездесетiн түрлерi.
Қос сөз. Қос сөздердiң жасалуы. Қос сөздердiң мәнi және емлесi. Қос
сөздердiң жиi кездесетiн түрлерiн, емлесiн меңгертуге арналған жаттығулар.
Қысқарған сөздер, анықтамасы, жасалу жолдары. Мәтiннен қысқарған
сөздердi тапқызу, қалай жасалып тұрғанын, емлесiн айтқызу.
Сөз таптары
Зат есiм. Зат есiмнiң септелуi. Септiк жалғауының аттары мен септелуi.
Септiк жалғауларының емлесi. Тәуелденген сөздердiң септелуi. Көптiк жалғаулы
сөздердiң септелуi. Зат есiмнiң жiктелуi. Жiктiк жалғаулары, олардың жекеше,
көпше түрлерi.
Етiстiк, оның жiктелуi. Жекеше және көпше түрде жiктеу үлгiлерi. Етiстiктiң
шақтары. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Сын есiм. Сын есiмнiң дара және күрделi түрлерi, олардың емлесi. Қарсы
мәндес сын есiмдер.
Сан есiм. Дара және күрделi сан есiмдер, олардың емлесi.
Есiмдiк туралы жалпы түсiнiк. Жiктеу есiмдiктерi, олардың септелуi.
Үстеу туралы түсiнiк және олардың түрлері.
Шылау туралы түсiнiк, олардың мәнi. Шылау мен шылау тұлғалас
қосымшалардың жазылуы.
Одағай сөздер, олардың мәнi мен емлесi.
Сөйлеу мәдениетi
Сөйлеу әдептiлiгi бойынша берiлген түсiнiктi кеңейту: сөйлесiп отырған
адамның сөзiн бөлмеу, онымен ақжарқын, байыпты қалыпта сөйлесу, өзiң
туралы көп айта бермеу, дөрекi сөйлемеу, т.б.
Ауызекi және жазба тiлде кешiрiм сұрауға немесе келiспегенiн бiлдiруге
қажеттi сыпайы сөздердi қолдана бiлу.
45
«Қазақ
тілі» пәні бойынша оқушылардың
дайындық
деңгейіне
қойылатын талаптар
Бастауыш сыныптарды аяқтаған оқушы:
сөйлеудiң күнделiктi өмiрдегi мәнi мен қажеттiлiгiн;
тiл дыбыстарының ерекшелiктерiн;
мәтiннiң түрлерiн, құрылысын;
сөз тiркесiн;
сөйлемнiң жай және құрмалас болып бөлiнетiнiн;
жай сөйлемнiң жалаң және жайылма түрлерiн;
сөйлем мүшелерiнiң дара, күрделi және бiрыңғай болып келетiнiн;
күрделi сөздерді, олардың бiрiккен және қос сөз болып бөлiнетiнiн;
қысқарған сөздерді;
зат есiмнiң септелуiн және жiктелуiн;
етiстiктiң жiктелуiн және шақтарын;
сын есiмнiң дара және күрделi түрлерiн, қарсы мәндес сын есiмдерді;
сан есiмнiң дара, күрделi түрлерiн;
есiмдiк, жiктеу есiмдiктерi мен олардың септелуiн;
үстеуді, оның мағыналық түрлерiн;
шылауды, оның түрлерiн;
одағай сөздерді білуі тиіс.
Сонымен қатар:
– сөзге толық дыбыстық талдау жасауды;
– э, в, ф, ч, щ, х, һ, ц әрiптерi кездесетiн сөздердi қатесiз жазуды;
– мәтiннiң түрлерiн айыруды;
– сипаттау мәтiнiн құрастыруды;
– пiкiр айтуды, өз ойын дәлелдеуді;
– сөйлемнiң жай, құрмалас, жалаң, жайылма екенiн ажыратуды;
– сөйлем мүшелерiнiң дара, күрделi, бiрыңғай екенiн айыруды;
– сөздердi мағыналарына қарай талдауды;
– күрделi сөзді, оларды түрлерiне қарай талдауды;
– күрделi атауларды қысқартып айтуды, керiсiнше, қысқарған сөздердi
толық айтуды;
– зат есiмдi септеуді, жiктеуді;
– мәтiндегi зат есiмнiң қай септiкте тұрғанын табуды;
– тәуелдеулi зат есiмнiң құрамындағы септiк жалғауын айыра бiлуді;
– етiстiктi жiктеуді, мәтiннен жiктiк жалғаулы етiстiктi табуды;
– етiстiктiң қай шақта тұрғанын айыруды;
– сын есiмнiң дара, күрделi түрлерiн ажыратуды;
– берiлген сын есiмге қарсы мәндес сын есiм табуды;
– сан есiмнiң дара, күрделi түрлерiн айыруды;
– сөйлемнен есiмдiктi табуды, олардың қай сөз табының
орнына
қолданылып тұрғанын бiлуді;
– жiктеу есiмдiктерiн табуды және оларды септеуді;
– үстеудi табуды, олардың түрлерiн айыруды;
46
– шылауларды сөйлем iшiнен табуды, оларды өзiне ұқсас тұлғалардан
ажыратып, қатесiз жазуды;
– одағай сөздердi табуды, оларды дұрыс жазуды үйренуі тиіс.
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – оқушылардың әдеби сауатын ашу,
оларды көркем шығарманың мазмұнын түсінуге бағыттап, оқу дағдыларын
және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын
жетілдіре отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өмірге сезімдік-
құндылық қатынасын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындау келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
– оқушылардың оқу дағдыларын (дауыстап оқу, іштей оқу, түсініп және
мәнерлеп оқу) қалыптастыру;
– қазақ және әлем әдебиетінің балаларға арналған озық шығармаларымен
таныстыру;
– көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын ояту;
– ауызекі және жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық әрекетке баулу.
Құзыреттiлiктер. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінің базалық
білім мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы
тиіс.
Аналитикалық-бағалау құзыреттiлiгі:
– мәтiндi белгiлi мен белгiсiзге бөледi;
– ұсынылған ақпараттан қойылған мiндеттердi шешуге қажеттiсiн бөлiп
алады;
– алынған ақпаратты қарапайым берiлген құрылым аясында жүйелейдi
(1 белгi бойынша);
– өлеңнiң қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзiне тән
ерекшелiктерiн (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан,
мөлшерлi ырғақтан) ажырата алады;
– мәтiндегi ақпаратты сызба түрiнде немесе керiсiнше ауыстырады;
– мәтiндердi талдау барысында логикалық амалдарды (талдау, жинақтау,
салыстыру, нақтылау, жалпылау, абстракциялау) қолданады;
– оқушы топтық талқының iс-әрекетiне өз ойын қоса алады;
– сөздiктердi, энциклопедияларды қолданады;
– алынған ақпаратты қарапайым берiлген құрылым аясында жүйелейдi
(1 белгi бойынша);
– шығармадағы
оқиғаның
ретiн,
себеп-салдарын
және
уақытпен
байланысын таба алады;
– мәтiндi талқылау кезiнде автор сөзiн дәлел ретiнде келтiре алады;
– көркем шығармада суреттелген оқиға, кейiпкерлер iс-әрекетi мен қарым-
қатынасының нақты өмiрмен байланысын көрсете алады;
– жанр түрлерiн (шағын фольклорлық жанр, халық ауыз әдебиетi үлгiлерi,
әңгiме, мысал, өлең, ғылыми-танымдық шығарма, мақала, жарнамалық мәтiн)
ажырата алады;
– сөздiктердi, энциклопедияларды қолданады.
47
Коммуникативтік құзыреттiлiк:
– көлемi шағын мәтiннің мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша
талдап, әңгiмелей алады;
– тыңдаған мәтiндерi бойынша өздерi сұрақтар қоя алады;
– сөйлеу әрекетінде көркем сөз, шешендiк сөз үлгiлерiн қолдана алады;
– мәтiндi оқу және әңгiмелеу барысында мәнерлеп оқу құралдарын қолдана
алады: ой екпiнi, дауыс ырғағы, дауыс күшi, кiдiрiсi, қарқыны;
– ауызша сөйлеуде мақал-мәтелдердi орынды қолдана алады.
Оқырмандық құзыреттiлiк:
– таныс емес мәтiндердi тiл нормаларына сай оқиды, логикалық ойды
сақтайды;
– мәтiндегi, контекстегi сөздердiң мағынасын оңай түсiнедi және ажырата
алады;
– шығарманың негiзгi ойын табады;
– жанр түрлерiн (шағын фольклорлық жанр, халық ауыз әдебиетi үлгiлерi,
әңгiме, мысал, өлең, ғылыми-танымдық шығарма, мақала) ажырата алады;
– ғылыми-танымдық мәтiндерден өзiне қажеттi мәлiметтi таба алады және
оны берiлген үлгiге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеп, жүйелейдi;
– көркем шығармадан алған әсерiн жазбаша түрде (8-10 сөйлем) бiлдiре
алады;
– оқылған шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Шығармашылық құзыреттiлiк:
– оқыған көркем шығарма кейiпкерлерi арасында диалог (5-6 сұрақ,
5-6 жауаптан тұратын) құра алады;
– шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын бiлдiруге талпынады;
– әдеби кейiпкерлерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау мәтінін
жазады;
– мәтiн туралы ауызша және жазбаша пiкiр бiлдiре алады;
– оқыған шығармалар негiзiнде хабарландыру мәтiнiн, нұсқаулар мен
жадынама (8-10 сөйлемнен тұратын) құрастыра алады;
– мәтiнге жоспар құра алады;
– портретi арқылы және шығармалардағы iс-әрекетiне сәйкес кейiпкерлерге
мiнездеме бере алады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық білім мазмұны
Ауыз әдебиеті үлгілері. Бесік жырлары, арнау-тілек өлеңдері, төрт түлік
туралы жырлар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ертегілер,
батырлар жырлары, өтірік өлеңдер, айтыс, аңыздар, шешендік сөздер.
Әлем халықтарының
аңыздары мен мифтері.
Әлем халықтарының
ертегілері. Қазақ эпостық жырлары. Қазақ балалар фольклоры. Балаларға
арналған
қазақ
және
әлем
классиктерінің
шығармалары.
Қазақстан
халықтарының әдеби шығармалары.
Жазба балалар әдебиеті үлгілері
Қазақ
ақындарының
(А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев,
Ж.Жабаев,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Ғ.Орманов, И.Байзақов,
І.Жансүгіров, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов,
Қ.Аманжолов, М.Мақатаев,
48
Ж.Смақов, Т.Айбергенов,
Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев,
Қ.Мырза
Әлі,
Ә.Тәжібаев,
С.Жиенбаев,
М.Шаханов,
О.Сүлейменов,
А.Асылбеков,
Ж.Әбдірашев, Б.Ысқақов, Қ.Баянбай, С.Қалиев, Т.Молдағалиев, С.Мәуленов,
Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров,
Ш.Смаханұлы, Е.Өтетілеу, Е.Елубаев, Н.Айтов және т.б.) өлеңдері, қазақ
жазушыларының (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Әуезов,
С.Көбеев, С.Сарғасқаев, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ш.Мұртаза,
М.Иманжанов,
С.Бегалин,
Б.Соқпақбаев,
С.Шаймерденов,
Ғ.Мұстафин,
Б.Момышұлы, Ә.Сәрсенбаев, О.Бөкей, Ә.Нұрпейісов, С.Жүнісов, Қ.Жұмаділов
және т.б.), орыс және әлем классиктерінің (А.Пушкин, С.Маршак, М.Гумеров,
М.Зверев, Д.Лондон, Л.Толстой, Ш.Айтматов, А.Гайдар, И.Крылов және т.б.)
және педагог-ғалымдардың (В.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б.)
шығармалары.
Жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер.
Ғылыми-танымдық
шығармалар:
мақалалар,
очерктер,
естеліктер,
өмірбаяндар, күнделіктер.
Әдеби-теориялық білім
Қарапайым әдеби түсініктерді қалыптастыру:
– көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы; сюжет пен композиция,
көркем шығарманың тілі;
– көркем шығарма жанрлары: халықтық және әдеби;
– халық ауыз әдебиеті: ертегілер (хайуанаттар жайлы, тұрмыстық, қиял-
ғажайып); шешендік сөздер, өтірік өлеңдер, жырлар, батырлар жыры,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және т.б.
– өлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, сықақ
өлеңдер және т.б.; өлеңнің ұйқасқа құрылатыны;
– мәтін түрлері (әңгімелеу, пайымдау, сипаттау), мәтіндегі негізгі ой,
мәтіннің құрылымы және т.б.;
– әдебиет теориясының жеке ұғымдары: теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора,
портрет, пейзаж, мінездеме және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |