Жұмыс барысы. Жансыздандырылған егеуқұйрық операциялық үстелге жатқызылған күйде бекітіледі. Ақ сызық бойымен іш қуысы ашылып, аш ішектің қозғалғыштығы байқалады. Ішек моторикасын бақылағаннан кейін кезбе нервтің тітіркенуі жүзеге асады және ішек моторикасының өзгеруі байқалады.
Нәтижелер. Өз бақылауларыңызды дәптерге жазыңыз. Кезбе нервінің ішек қозғалғыштығына әсерін талдаңыз және оның әсерін түсіндіріңіз.
1.сур. Ішек моторикасының реттелуі 2. Асқорыту «конвейеріндегі» процестердің реттілігі