«Неоклассикалық синтез» тұжырымдамасында фискализм-
нің кейнстік идеялары ақшалай-кредиттік саясат арқылы экономиканы реттеуді қарастыратын неоклассиктердің тұжы-
рымдамасымен біріктірілді. Бұл теория жақтаушыларының (П.Самуэльсонның, Дж. Хикстің) пікірлері бойынша сұранымды реттеу мемлекеттің шығыстары немесе салықтары саласындағы өзгерістердің негізінде ғана емес, сондай-ақ пайыздың есептік мөлшерлемесінің шамасымен айла-шарғы жасаумен және ашық рынокта тиісті операцияларды жүргізумен де жүзеге асырылуы тиіс.
Ұлттық табыс өсуін зерделеудің кейнстік тәсілдемесін бағалардың, жалақының, пайданың қозғалысын талдап және толықтырып, «неоклассикалық синтез» зерттеудің макроэконо-
микалық әдістерін микроэкономикалық әдістермен біріктіреді. Мемлекеттік монополиялық реттеудің жаңа теориясында ұлттық өнімді бөлу мәселелеріне, бұдан және халыққа трансферттік жәрдемақылар жүйесін әзірлеуге және оның әлеуметтік функцияларымен байланысты мемлекет шығыстарының өсуіне айрықша көңіл бөлінген.
П. Самуэльсон «мемлекет шығыстарының таза теориясының» авторы болып табылады, бұл теория XІX-XX ғ. басында маржианалистік мектептің өкілдері жасаған «мемлекеттік қызметтер»тұжырымдамасын дамыту теориясы деп саналады. Ол айналымға «қоғамдық тауар» терминін кіргізді. «Мемлекеттік қызметтер» теориясы экономиканың мемлекеттік және жекеше секторлары арасында қоғамның қаржылық ресурстарын бөлу туралы мәселе қойды. Мемлекет пайдасыз немесе жекеше сектор үшін пайдалығы төмен экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды қаржылан-
дыруы тиіс. «Қоғамдық тауарлар» саласындағы қаржылық саясаттың міндеті олардың ұсынымын реттеу болып табылады, ал араласудың негізгі мақсаты – мемлекет шығыстарының оңтайлылығына жету.
Мемлекет араласуындағы оңтайлылыққа жету болса тек қоғамдық әл-ауқат дәрежесі туралы және қоғамның әрбір мүшесінің артықшылық сферасы туралы үкімет ақпаратының болуы кезінде ғана мүмкін. Мұндай сипаттағы ақпарат мемлекет шығыстарының көлемі мен құрамын анықтау үшін қолайлы болары екі талай.
Негізгі ерекшеліктерінде П. Самуэльсон әзірлеген «Мемлекет шығыстарының таза теориясын» Р.Масгрейв дамытты. Ол «саяси шешімдер қабылдаудың үдерісі» абстракттік моделін толық-
тырды және мемлекеттің шығыстарын салықтық механизммен үйлестірді. «Шығыс-салықтық механизм қоғамдық қажеттіліктер үшін белгілі бір ресурстар бөлуге және осы уақытта бұл қызметтердің құнын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттан-
дырылуын қажет ететін жеке-дара тұлғаларға жүктеуге керек. Сондықтан қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету бюджет арқылы жүзеге асырылуы тиіс»* деген пікірді айтты. Масгрейвтің пікірінше қоғамдық тауарларға қоғамның барлық мүшелері бірдей мүдделі, шындығында бұл – қарама-қайшылық, өйткені, мысалы, әскери шығыстардың көбеюіне тек аса ірі монополиттер мүдделі. Р.Масгрейвтің теориясына сәйкес, салық төлеушілер өз еркімен өзіне ауыртпалық салады. Р.Масгрейв фискалдық шаралармен және жұмыспен толық қамтылуға жету үшін үкімет жүзеге асыруы тиіс шаралар арасындағы, сонымен, бірге жұмыспен толық қамтылуға жетудегі автоматты және дискредициялық шаралар арасындағы айырмашылықты анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |