120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


ІХғасырдың екінші жартысы – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясында қалалар санының өсуі туралы жазыңыз



бет23/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

43.ІХғасырдың екінші жартысы – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясында қалалар санының өсуі туралы жазыңыз.
Х-ХІІ ғасырлар қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен ерекшеленді. Осы мезгілде қала мәдениетінің жаңа аудандары қалыптасты. Археологтар бұл кездегі қала орындарын көлеміне қарай үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ- көлемі 30гектардан асатын қала орындары. Олардың қатарында Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сауран, Жанкент, Құмкент т.б бар. Екінші топ көлемі- 10гектардан 30гектарға, ал үшінші топ- 10гектарға децінгі қала орындары болды. Мұнда да археологтар көлеміне қарай ескерткіштерді үш топқа бөледі. Мұндағы қала жұрттары «төрткүл» үлгісінде, яғни тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланып салынған. Қала қақпалары бар дуалдармен қоршалған. X-XII ғасырларда қала мәдениеті Орталық, Шығыс Қазақстанда да қалыптаса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Нұра, Кеңгір, Жезді аңғарлары мен Ұлытау етегінен төртүклдердің орындарын тапқан. Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымында пайда болған жаңа элементтердің бірі мешіттер пен моншалар болды. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Бабаджа қатын кесенесі де осы Тараз қаласында салынған. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда кейін XIY ғасырдың соңында Ахмет Йасауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18 ғасырда екі күмбезді құрылыс тұрғызылды. 18 ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909 жылы қайта бой көтерді. Жер асты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Кейін осы екі нысан біріктірілді.
Түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йасауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Йасауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Йасауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет ЙасауИкесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Ахмет Йасауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м., ұзындығы – 65,5 м. Әйгілі қола қазан – Тай қазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935- жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989- жылы қыркүйек айына дейін сақталған. Тай-қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. 
X-XII ғасырларда Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, т.б. пайда болды. Ортағасырлық қалалар ірі үш бөліктен тұрған. Олар цитадель, шахристан, рабад. Алғашқысында қала билеушісі, қалалық әкімшілдік орналасса, шахристанда – ақсүйектер, бай шонжарлар мен дінбасылары тұрды. Рабад – Ұсақ саудагерлер, қолөнершілер мен кедей топ тұрған қала бөлігі еді. Кейін олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет