120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


VI-IX ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан территориясындағы көшпелілердің сәулет өнері және өнер туралы жазыңыз



бет20/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

39.VI-IX ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан территориясындағы көшпелілердің сәулет өнері және өнер туралы жазыңыз.
Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.
40.Шыңғыс ханның Қазақстан территориясына шапқыншылығы туралы баяндаңыз.
Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
моңғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет