120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз



бет9/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

20.Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Ауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді. Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді.
21.Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет