120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қарақытай мемлекеті құрылуы, саяси тарихы және шаруашылығы туралы жазыңыз



бет17/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

34.Қарақытай мемлекеті құрылуы, саяси тарихы және шаруашылығы туралы жазыңыз.
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің шекарасында мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.
1125 ж. Сун Қытайы мен Жүжен мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлігі Жүжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуреннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз бағынады.
35.Арабтар Оңтүстік Қазақстанда және исламның таралуы туралы баяндаңыз.
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет