44.IX ғасырдың екінші жартысы – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы қалалық тұрғындардың қыш-құмыра кәсіпшілігі, шыны жасау және ұсталық кәсіп туралы жазыңыз. Қыш құмыра кәсіпшілігі Құйрықтөбедегі ХІ ғасырдағы қыш-құмырашылар махалласындағы пештер мен шеберханаларды қазу жұмыстары бойынша белгілі. Шеберхана екі бөліктен: өндірістік, және тұрғын жайдан тұрады. Өндірістік бөлім де екі бөлімге бөлінген: көлемі шаршы метр болатын біреуі саз балшық және басқа да өндіріс керек-жарағын сақтауға арналған үш бөліктен тұрады. Бөлменің оңтүстік жағы бос, еденінде керамикамен толтырылған қоқыс төгетін шұңқырлар бар. Қыш құмыра пеш көлемі 22.5 шаршы метр болатын жабық орында орналасқан. Оның оттығы алмұрт бітімдес болып келеді, күйдіру қуысы сақталмаған.
Д) Егіншіліктің дамуы да қалалар санының артуына байланысты болды. Қала сыртындағы егін егуге жарамды жерлер игеріле бастады. Қолдан суару жүйесі дамытып жетілдірілді. Су құбырлары салынады. Арнадан су бөлетін ұзын және тар, тармақталған арықтар қазылады. Қала және ауыл тұрғындары бау-бақша дақылдарын өсірді, жүзім шаруашылығымен және үй жанында мал өсірумен айналысты. Сонымен қатар олар үй жануарларын - жылқы, сиыр, қой, ешкі ұстаған.
X-XII ғасырларда қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен қала тұрғындарының саны да артты. Бұл тұтыну бұйымдарына сұранысты арттырды. Соған сәйкес қалаларда түрлі бұйымдар өндіретін шеберлер мен шеберханалар да көбейе бастады. Қарастырып отырған кезеңде қолөнердің бірнеше түрлері дамыды. Олар қыш құмыра, шыны, металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық, зергерлік, тас өңдеу кәсібі еді. Құмырашылар аяқпен айналдыратын ұршықтарымен саз балшықтан түрлі формада құмыра мен қыш ыдыстар жасаған. Қыш құмыра жасау орындары ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Құйрықтөбе, т.б. қалалардан табылған. Бұл ыдыс түрлерінің бір ерекшелігі, олардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен) сырланған. Ол бояулар қанша уақыт өтсе де өз түсін жоғалтпаған. Бояудың ғажайып сыры күні бүгінге дейін жұмбақ болып отыр.
Х-ХІІ ғғ. сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына Қазақстанда ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Сәулетті құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Әсіресе діни кешендер салу ісі ерекше дамыды. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады.Мешіт – мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт, мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдірген. Х ғ. араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады. Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Мысалы, бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы – осының айғағы.Өзінің алғашқы құрылыс жүйелерін сақтаған ескерткіштер – Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері. Олар Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқан. Бабаджа-қатын кесенесі – күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында – қабырғаларының ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. Есігі шығыс жағында. Кесене шатырлы күмбезбен жабылған. Кесене шамамен Х-ХІ ғғ. салынған. Осы кесененің жанында жартылай сақталған Айша-бибі кесенесі орналасқан. Кесененің күмбезі құлаған. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы террокот кірпіштермен қапталған. Кесененің ішінде күйдірілген кірпішпен сатылап қаланған шағын құлыптас сақталған. Бұл кесене Х-ХІІ ғғ. салынған деп саналады. Көрсетілген мерзімнен бір ғасыр бұрын Отырар қаласының аймағында Арыстанбаб кесенесі де салынған.
45.IX ғасырдың екінші жартысы – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы жергілікті қоныс тұрғындардың мыс кәсіпшілігі, зергерлік кәсіп және сүйекті өңдеу кәсібі туралы баяндаңыз Казактардын зергерлік буйымдары — казактардын улттык Зергерлік буйымдары, ягни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда кымбат тастармен безендіріп
алынатын буйымдар.Казак колданбалы өнер тундылардын шыгармашылык бейнесіне жалпы алганда коркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тон, бул казак шеберлерінін коршаган ортаны ерекше кабылдаумен айкындалады. Казактардын туйсігінде әлем сандык және кеністік олшемдермен айкын курылымдаган , денгейі мен дуниенін төрт бурышы айкын корініс тапкан. Осы тусініктен сәндік композиция курайтын карапайым симметриялык пішіндер туындайды.