42.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз. XV-XVI ғғ. Қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады. Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан – алғашқы қауым қоғамының ыдырау дəуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мəліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. VI ғ. Көне түрік мемлекеті – Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды. ХҮ ғ. Екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де «қазақ» атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин əуелгі кезде əлеуметтік мəнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мəжбүр болған адам». (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. «Тарих-и Рашиди» мен өзге деректерде «қазақ» атауы Жəнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда «өзбек-қазақ», сосын «қазақ» түрінде пайдаланылады. Бірте-бірте «қазақ» атауы этникалық мəнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның əбден қалыптасқан түріктектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды.
Д) Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. «Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».
Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный қазақ атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов осы пікірді қолдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде, қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш қас пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.
Қазақ сөзінің уақытша саяси-әлеуметтік мәнге ие болғанын, соған сай мазмұнын көрсетіп, «қазақташ» термині арқылыдәлелдейді. Одан кейін қазақ атауының мәні саяси-этникалық сипатқа ие болып, оған Керей мен Жәнібек хандардықолдаған ру-тайпаларды жатқызады да, оның дәлеліне«өзбек-қазақ» атауын келтіреді. Ал «қазақ» сөзінің толықэтникалық мәнде қолданыла бастауын Қазақ хандығыныңШығыс Дешті Қыпшақта толық жеңіске жетуімен байланыстырады. Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”,қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұлсөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердіңэтнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ дегенсөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрінбілдіретін сөзден шығарады.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқымағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” дегенболымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні,не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініпшыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркінадам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметіжәне тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркінадамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактардыайтқан. “Казак” сөзі XIVғ. аяғ. Русьтің солтүстігіндетіркелген болса да, алайда орыс казактарының бастапқыотанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан,осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтіңоңтүстік жағын айтады Басқаша айтсақ, “қазақ” терминінің бастапқы мәні — әлеуметтік бұл жағдай жәй күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жердекезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққақарсы жүретін адам. Ол – қазақ.. Бабырдың айтуынша“жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ.. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушыадамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ.. Бұған сол кездегі күнделіктітіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда, “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша, солуақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастықкезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екіайлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіпөткізуі мақтаныш болып есептелетін.