120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси және әкімшілік құрылысы туралы жазыңыз



бет25/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

46.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси және әкімшілік құрылысы туралы жазыңыз
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси және әкімшілік құрылысы туралы жазыңыз?
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдын орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ак Алтайдан қоныс аударган наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.
Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханнын алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім кабылдады. Монгол әскерлерін Шынғысханнын мұрагер немересі, Жошынын екінші ұлы
Бату баскаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадагы бұлгарларды, мордваларды талкандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Маскеу, Владимир түбінде монгол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдын басында монгол әскерлері Еділ өзенінін ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыкка аттанды. Кызу ұрыстар жургізе отырып, монголдар Перяславль каласын, онан кейін Чернигов каласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдын күзінде Бату Киевті талкандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны жане баска да елдерді басьп алды.
Д) 1235-інші жылы Қарақорымда өткен бүкіл моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерін Шыңғыс ханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236-ыншы жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237-інші жылы орыс мекендеріне келіп шүйлікті. 1240-ыншы жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.
Батудың екпінді жорығы барысында моңғолдар кең-байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста – Днестрге, шығыста – Ертіске, Солтүстікте – Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте – Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары және хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, тағы басқа тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркітілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Алтын Орда Бату, Берке, Мөңке-Темір, Төле Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқа-Темір, Өзбек, Жәнібек хандар билеген тұста кемеліне келіп, оның билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Алтын Орда Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, халқы әртүрлі кәсіппен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Мысыр сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам дінін Өзбек хан 1312-інші жылы Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан мен оның баласы Жәнібек ханның билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медреселер салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғыс хан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасылар басқарды. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.
Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізе бастаған. Мұндай іс-қағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктері билеуші әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылды. Азаматтық басқару билігі түркі әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Ал даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды рөл атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.
Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Жасақты» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі және экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357-інші жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына талас басталды.
Тек 1357-1380-інші жылдар арасында Алтын Ордада 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі күшейді. Он төртінші ғасырдың аяқ кезінде Мауренахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380-ыншы жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған моңғол әскерін талқандаған орыс князьдары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда он бесінші ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекетке бөлініп кетеді. Алтын Орда – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кіреді.
Империялар тарихына жасалған шолу мынаны дәлелдеп отыр: Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары басқарған Моңғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Бұл тарихи шындықтың тағы бір көрінісі Қазақстан аумағында он төрт - он бесінші ғасырлар аралығында құрылған феодалдық мемлекеттер, қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет