24.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы маңызын атап өтіңіз Ұлы Жібек жолы сан алуан халықтар мемлекеттер және мәдениеттер арасындағы тарихи байланыстардың көп бағдарлы желісін тудырғаны соншалық үнемі осы негізде оны қайта қалпына келтіру, одан да тамаша
Коммуникациялық қызмет деңгейіне жеткізу қажеттілігі әрдайым туындап отырған. Қазіргі таңда мұның түркі әлемі үшін үлкен маңыз тудырып отырған жағы мынада: Ұлы Жібек жолының қажеттілігі мен пайдалану шарттары қаншалықты өзгеріп отырса да, оның қызметін қайта қалпына келтіріп, ұдайы қолданыста болуын қамтамасыз еткендер – ең алдымен түркі халықтары, олар құрған мемлекеттер мен империялар болатын. Қысқартып айтқанда, әлем тарихы мен өркениеті үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты үлкен болса, түркі халықтары да оның осы күнге дейін келіп жетуінде, жұмысын жалғастыруында соншалықты үлкен рөл атқарған.
«Жібек жолы» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға 1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтгофен ендірген болатын. Атынан да көрініп тұрғандай, Шығыс Азиядан, нақты айтқанда, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне негізінен жібек саудасының жолы ретінде қызмет атқарса да, уақыт өте келе ежелгі дүниенің одан да кең мәдени-сауда байланыстарын қамтамасыз еткен аса қажетті коммуникация кұралына айналған. Алайда Ұлы Жібек жолының әртүрлі қауіп-қатерге толы болғанын, сондай-ақ тағдырының да әр түрлі кезеңдерде белгілі бір әскери-саяси күштердің, мәдени-экономикалық орталықтардың орын алмастыруына, геосаяси жағдайларға тікелей тәуелді болғанын да ескеру керек. Әр түрлі деңгейде өзгеріп отырса да, негізгі бағыттарын сақтап қалған Ұлы Жібек жолы негізінен түркі мемлекеттері мен мәдениеттері орналасқан аймақтардан өткендіктен, түркі әлемі түрлендіруші саяси өркениет жүйесі ретінде Еуразиядағы барлық геосаяси өзгеріс жағдайларында аталмыш сауда жолының үнемі қолданыста болуын қамтамасыз еткен басты фактор ретінде қызмет атқарған.
25.Батыс Түрік қағанаты («оноқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы туралы баяндаңыз Құрылуы- Батыс Түрік қағанаты – Он оқ бұдун — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады.
Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
Аумағы: Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.