12.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз Сармат атауы біздің заманымыздан бұрын III ғасырдан бастап кездесе бастады. Жазба деректерге сүйенсек, сарматтар б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан мен Қара теңіздің солтүстік аймағын мекен еткен. Алайда, жазба деректерде сарматтар туралы дерек өте аз кездеседі.
Сарматтар алғашындa, яғни б. З. Б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған екен. Олар біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырдан бастап Оңтүстік Орaл мен Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғына қоныстанады. Бірақ, б. З-дың IV ғасырында ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударып кетеді.
Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. Б. Тайпaлар сарматтардың құрамында болған.
Сармат тайпасы туралы грек, рим тарихшылары, соның ішінде Диодор, Геродот, Үлкен Плиний мен Полибий өз еңбектерінде жазып кеткен.
13.Сақтардың мәдениеті: тұрғын үй және киімі туралы жазыңыз. Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.