63.XІІІ-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы керуен жолдары, сауда және ақша айналысы туралы баяндаңыз Керуен жолдары– ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің арасындағы сауда қатынастарының дамуына ықпал еткен аса ірі халықаралық қатынас жолдары.Шыңғыс хан шапқыншылығы Ұлы Жібек жолы бойындағы бұрынғы гүлденген қалаларды, отырықшы өркениетті күйретіп, сауда қатынасын әлсіретіп кетті. Байырғы Керуен жолдарының көптеген тармақтары құлдырауды басынан кешірді. 13 ғасырдың 2-жартысында ғана Керуен жолдары қайта жандана бастаған еді. Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтары бойымен шығыс елдеріне саяхат жасаған еуропалық миссионерлер Джованни Плано Карпини (1245 – 47), Вильгельм Рубрук (1253 – 55) құнды географиялық мәліметтер жинап қалдырған. Осы жол арқылы Еуразия құрлығының ішкі бөліктеріне саяхат жасаған саяхатшы Марко Поло өткен. Ол Батыс Түркістанды «көшпелілер өте жақсы білетін солтүстік жолмен» кесіп өтіп, Шығыс Түркістанға Іле аңғары немесе Алакөл маңындағы Жоңғар қақпасы арқылы өткен. Кейінгі ғасырларда (1424 ж. Қытай мемлекеті солтүстік-батыс шекараларын жауып тастағанға дейін) Ұлы Жібек жолының Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтетін тармағы басты Керуен жолдары болды. 14 ғасырда Моғолстандағы толассыз қырқысулар, Әмір Темір мемлекетінің ыдырауы Керуен жолдарының бағытын біршама өзгертті. Шығыс Азияға баратын жолдар енді Сібір арқылы өтетін болды. 15 ғасырдың аяғында Шығыс Азияға теңіз жолының ашылуы Орталық Азиядағы Керуен жолдарының маңызын әлсіретті
64.XVІІ-XVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарын сипаттаңыз 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Хандықтың негізін салған Батыр қонтайшы болды (1635-1653 жж.). 1640 жылы Батыр қонтайшының бастамасымен Жоңғар ақсүйектерінің құрылтайы өткізіліп, онда «Дала жинағы» деген атауға ие болған заңдар жинағы қабылданады. Бұл жинақта жоңғар хандығының күші мен ұлылығы паш етілді. Батыр қонтайшы кезінде жоңғарлар мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар шиеленісіп, үздіксіз соғыстарға ұласа бастады. Батыр қонтайшы қазақтарға қарсы бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бірақ Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі. Батыр қонтайшы өлгеннен кейін қазақ жоңғар соғыстарында үзіліс болған еді. Өйткені билікке талас кезінде Жоңғар хандығы саяси бірлігінен айырылып қалған болатын. Алайда билік басына Галдан Бошокты қонтайшының келуіне байланысты (1670-1697жж.) Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қайтадан жанданды. Ал Жоңғар хандығыны Цеван Рабдан билеген кезде (1697-1727 жж.) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне жетті.1723 жылы көктемде жоңғар әскері Қаратау арқылы талас өзенінің алқабына басып кірді. Қазақтар бұл уақытты қыстаудан көшуге дайындалып, шабуылды күтпеген еді. Мұнда барлық қазақ жұрты қырғынға ұшырады да, тірі қалғандары малдары мен мүліктерін тастап қашуға мәжбүр болды.Аяқ астынан кедейленген және ашыққан көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып талқандады. Егіншілік, қолөнер мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.