120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз



бет6/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
8.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз
Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгісі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол бірінші жағына, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс – аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалары тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Орталық Қазақстанның таулы аудандарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жер төлелер қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған. Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер.
9.Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағын атаңыз
Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықтан басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет