12.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз Сармат атауы біздің заманымыздан бұрын III ғасырдан бастап кездесе бастады. Жазба деректерге сүйенсек, сарматтар б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан мен Қара теңіздің солтүстік аймағын мекен еткен. Алайда, жазба деректерде сарматтар туралы дерек өте аз кездеседі.
Сарматтар алғашындa, яғни б. З. Б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған екен. Олар біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырдан бастап Оңтүстік Орaл мен Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғына қоныстанады. Бірақ, б. З-дың IV ғасырында ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударып кетеді.
Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. Б. Тайпaлар сарматтардың құрамында болған.
Сармат тайпасы туралы грек, рим тарихшылары, соның ішінде Диодор, Геродот, Үлкен Плиний мен Полибий өз еңбектерінде жазып кеткен. Мәселен, Диодордың еңбегінде сарматтар сақтардың жерін басып алып, жер-суын иемденіп, халқын қырғынға ұшыратқан делінген. Ал, Герадот сармат тайпасын әйелдер басқарған дейді. Сондай-ақ, сарматтарда әйелдердің үстемдік еткенін қазба жұмыстары кезінде табылған ескерткіштер де растайды.Диодор Сицилийский сарматтар Мидийден сақтар мекендеген Танаис өзеніне қоныс аударған деп жазады. Плиний сондай-ақ, сармат тайпасының мидиялықтармен туыстық байланыста болғанын хабарлады. Ал, Геродоттың айтуынша, сарматтар скифтердің ұлдарына тұрмысқа шыққан амазонкалар. Сөйтіп, амазонкаларға үйленген скифтер Танаис өзенінің бойына қоныс аударған делінеді.
13.Сақтардың мәдениеті: тұрғын үй және киімі туралы жазыңыз. Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді. Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.