120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


-1933 жж. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз



бет55/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих

96. 1927-1933 жж. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз
Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды 1928 жылы қазақтың ірі байларын кәмпескелеу науқанынан кейін қазақ барынан айырыла бастады, тұрмысы жүдеді, осы жағдайда халық амалсыздан, басқа жолы қалмағандықтан көтерілді. Негізінен бұлар ашаршылық үшін емес, жүргізіп отырған саясатқа, зорлық-зомбылықтарға қарсы атқа қонған, халықтың бұлқынған рухының қарсылығы болатын. Ал мұның аяғы ашаршылыққа әкелетінін халық түсіне бастады. Көтерілістерден кейін қазақ даласында жаппай ашаршылық басталды. Жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. 1929-1931 жылдар халық наразылықтары аса белсендi көрiнiс берген кезеңі болады. «Бандиттік» бас көтерулер мен ата қонысты тастап ауа кешулердi шығарып тастағанның өзiнде 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулерi болды. Жылдарға шаққанда олардың 54-i 1929 жылы, 241-i 1930 жылы, ал 77- 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді.
97. 1937-39 жж. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарларын көрсетіңіз
ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. Адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин – тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет