120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз



бет1/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих


120-сұрақ
1.Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз.
Алғашқы адамдар бірден дамып кеткен жоқ. Өздерінің сатыларымен дами түсті.
І. Ең ежелгі адам – Епті адам – ерте палеолит
ІІ. Тік жүретін адам – питекантроп (1891, Ява) , синантроп – 1927, Қытай, Чжоукоудян). – ерте палеолит
ІІІ. Неандерталь адамы – Германия, 1938 –Өзбекстан, Тесік Тас -орта палеолит, мустье
ІV. Саналы адам- кроманьон – Франция – кейінгі палеолит
Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы мағұлмат береді. Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері,рельстер,суреттер үңгірдің қабырғасынада бейнеленген.
Тарихқа дейінгі адам өмір сүрген барлық кезеңдерде кейбір жалпы сипаттамалар болды:
Адам көшпелі болған: оның тұрақты тұрағы болмады, өйткені қазіргі кездегі қажеттілік тамақтану мүмкіндігі болды, сондықтан бір жерден екінші жерге жиі ауысып отырды Ең жақсы тағам алу үшін оларды ағаштардан немесе ауланған аңдардан жинауға болады. Адамдардың көшпелілігінің басты себебі аңшылық болды, көшпелілердің үлкен топтары аң аулауды жеңілдету үшін табындарды ақырғы мақсатына дейін қуып жіберді.
Кейбір мәдениеттерде негізгі тірек ретінде отбасы болған: олар тайпалар мен қауымдастықтарда өмір сүрген. Үлкені кішісін басқарады және олар отағалары.
Құралдар: адамға жасалған құрылыс құралдары ми деңгейіндегі керемет даму, шешім қажеттіліктердің арқасында ой анағұрлым күрделене түсті. Адам жасаған алғашқы құралдар жануарлардың сүйектерімен, тастарымен және кейбір күшті бұтақтарымен кейінірек металдар кезеңінде дамиды. Құрал-саймандардың негізгі қолданылуы жыртқыш аңдардан қорғаныс болды, содан кейін өрт оларды қорғаудың тамаша одақтасына айналды. 4. Үй жануарлары: адамдар үйренді жануарларды қолға үйрету олардың мінез-құлқын зерттеп, кейде жеуге қамалған жануарлар үй жануарына айналды.
сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Тым ежелгі адамдарда бірі мен бірі байланыспайтын, өзгермейтін атау ретіндегі сөздер болған. Маймыл тәріздес адамдар бірлесіп жүріп қоректерін тапқан, жауларынан корғанған. Осындай жағдайда, еңбек процесі үстінде адамдардың бірігіп қимыл жасау үшін келісіп алуы және тәжірибе алмасуы қажет болды да, сөйлеу дамыды. Сөйлеудің дамуы үшін қажетті шарт еңбек процесінде тіке жүруді үйренумен және адамның бүкіл организмінің қалыптасуымен бірге жетілген кейбір органдардың (көмекей, өкпе, тіл т. б.) ерекше бітім құрылысы болып табылады. Дыбыстық сөйлеудің қосымша элементі ым қағу, қол сермеу болды.Адам сөзінің әуел бастан-ақ жануарлар дыбысынан айырмасы болды, адам өзінің бейімді сөйлеу органдары арқылы әр түрлі алуандаған дыбыстардың тіркесін шығарып, оларды бір тұтас дыбыстар топтарына біріктірді, бұларды біз сөз деп атаймыз. Тіл баяу дамыды. Ол әрқашан да адамдардың тәжірибе алмасу және қатынас жасау құралы болды. Тілде адамның өне бойы қатысы бар заттар белгі берді. Жағдай әр қилы болған сайын тіл де байи түсті. Алғашқы тұрмыстық тілде бар заттан гөрі атау көп еді, өйткені әр адамның ойға байланысты руының өз дыбыс тіркесі болды. Атаулар келісіліп койылмады. Сондықтан да тілдің алғашқы даму сатысында синонимдер өте көп болған. Алғашқы тұрмыстық сөздердің ішінде жалпы есімнен гөрі жалқы есім көп еді. Ол кезде сезімді, қатынасты, қимылды білдіретін сөздер болмады. Бұның бәрі эмоционалды түрде ыммен, үнмен қатты дыбыс шығару арқылы білдірілді. Кейінірек барып, адам өзінің сезімі мен ойын білдіру үшін тілді пайдалануға мүмкіндік тапты. Тіл толық мағынасында ойдың құралы болды. Тілсіз адамзат бүгінгі жеткен табыстарына жете алмаған болар еді. Тіл арқылы ересек адамдар өздерінің ата-бабаларынан үйренгенін кейінгі ұрпаққа үйретті, сөйтіп, тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі болашақтан жұмысты жеңілдетті. Ойлаумен тығыз байланысты болған тіл алғашқы мағынасыз үн шығарудан бастап әуелі рудың, содан соң тайпаның айқын сөзді тіліне дейін жетіп, дамудық ұзақ жолынан өтті. Таптық қоғамда тайпаның тілі ұлт топтарының тілімен ауысты. Капиталистік қатынастардың дамуымен ұлттық тіл пайда болды. Неолиттің ақырында және металл ғасырының басында негізгі тілдер семьясы қалыптасты: а) үнді-европалық (үнді, иран, славян, герман, роман, кельт тілдері); 2) түрік-монғол (Орталық Азия тайпалары мен ұлт топтарының тілі, түрік тектес тілдер„ монғолдар тілі); 3) қытай-тибет (Шығыс Азия, Қытай, Тибет, Вьетнам, Бирма халықтарының тілі); 4) Семит-хамит (Солтүстік және Орталық Африка, Аравия тілдері); 5) фин-угор (венгер, фин, эстон, карель т. б. тілдері) семьялары. 2. Өнер. Қоғамдық сананың бір формасы болып табылатын өнер алғашқы тұрмыстық қоғамда пайда болды. Ол әлеуметтік қажеттіліктен туып, адамның өндіріспен байланысын бейнеледі. Бейнелеу өнерінің алғашқы көрінісін мустье дәуіріне жатқызады. Ла Ферраси мекенінен (Францияда) тас плитаға қабаттап салынған тостаған тәріздес оюлар; Джручула (Грузияда) үңгірінен табылған қос сызық жүргізілген сүйек; өзге де қоныстардан табылған минерал бояулардың қалдығы және жолақ сызықтар түскен тас сынықтары табылып отыр.Өнердің нағыз ескерткіштері кейінгі палеолитте пайда болды да, бейнелеу өнерінің гүлденуі мадлен дәуірінде болды. Кейінгі палеолиттің бейнелеу өнері негізінен үңгірлерге салынған суреттер мен мүсіндерден көрінеді. Аңшылар көбінесе жалаңаш әйелдердің мүсінін айқындап жасады (бұл аналық рудың болғандығын көрсетсе, ал жануарлардан — мамонт, жылқы мен бұғы суреттері көбірек салынды, бұл-адамдардың шаруашылық қызметінің бағытын білдірді. Жануарлар көбінесе минерал бояулармен (қара, ақ, сары) үңгірдің қабырғаларына (көбінесе үлкендігін өз күйінде сақтап салынды) бейнеленді, сүйекке ойылған заттар болды, кішкене статуялар сиректе болса кездеседі. Адамдарды негізінен мамонттың сүйегінен, кейде тастың жұмсақ түрінен кішкене статуя арқылы суретпен бейнелеу (Франциядағы ағайынды үшеудің үңгірінде) сиректеу болды. Үңгір суреті ескерткіштері әуелі Батыс Европадан табылды
Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл бұрын) "нағыз адам" пайда болуымен, қару-жарақтар мен қарапайым еңбек құралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның қалыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл қарымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың "архетиптік жадында" сақталып қалған.
Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Адамның пайда болу мәселелерін зерттеу орасан кӛптеген теориялар туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады -философиялық – діни (адамды құдай жаратты) және материалистік, бұған сәйкес адам табиғи эволюция мен еңбек қызметінің нәтижесінде жануарлардан (приматтардан) шықты.
Эволюция сатысы
I кезең – Архантроптар. Алғашқы тас құралдар (қырғыштар, жебе ұштары, тас балталар). Артикуляциялық сӛйлеудің болмауы. Ең озық қолданылған от (олар тек оны қалай қолдау керектігін білді).
II кезең – палеоантроптар. Олар тастардың кӛмегімен от жағуды біледі. Бірінші артикуляциялық сӛйлеу пайда болады. Тас құралдар мұқият ӛңделеді. Бұл кезеңде ӛлгендерді жерлеу рәсімдерімен қоса жүргізілді.
III кезең – неоантроптар. Адамның алғашқы нәсілдері қалыптасады. Мәдениет дамып келеді (тек құралдар ғана емес, сонымен қатар әшекейлер де жасалады).
Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптар кӛбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген, тастан құралдар жасауды жетілдірген.
Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сӛздің пайда болуы. Сӛз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия ӛңірінен де кӛптеп табылған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары кӛптеп табылды. Тас дәуіріне қатысты
тастан жасалынға құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Кӛкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет