2.Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын адамдар Қазақстан аумағын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары казіргіден күрт өзгеше еді. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т.б. болды. Бүкіл тас дәуірі бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Кейін келе мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бүл жерде адамдардың іс-әрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады.Орта антропогендік уақытта Қазақстан тауларында барлық жерде қарқынды тектоникалық қозғалыстар орын алды.
3.Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз Жылқының алғаш рет қазіргі Қазақстанның солтүстігінде қолға үйретілгені және қымыздың пайда болғанына бес жарым мың жыл болғандығы турасында сенімді дәлел табылған.Адам жылқыны осыдан бес жарым мың жыл бұрын қолға үйреткенін және бұның Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті Энеолит дәуірінде (4_3 мыңжылдық) Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде, Қазақстанның барлық аймақтарыннан кездесетін арий,сақтар, Ғұн кезеңдерінің ескерткіштері ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретілгенін көрсетеді. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Тастан, ағаштан және балшықтан жасалған ботайлықтардың қонысы дөңгелек пішінде болған. Жоғары жағынан түтін
шығатын қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас.
Археологиялық Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды. Мұнда 60 000 сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найза ұштары, сүйектен жасалған инелер, қыштан жасалған ыдыстар және т.б. табылды.
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таңғалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтер шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді.
Нәтижесінде анықталғаны – Ботай аттары бұрын белгілі жылқылар түріне жатпайтын болып шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан «Ботай аттары қолға үйретілген» деген пікірді ұстанды.
Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін «жылқылар қолға кеш үйретілген» деген
пікір айтылған еді. Ботай қонысынан табылған материалдарға әлемнің барлық ғалымы қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Олар Ботай қонысы Еуразия даласындағы малшаруашылығының орталығы болған деген ортақ пікірге келген