126жм назарқұл Еркебұлан



бет44/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Лимфоциттер – саны бойынша қан жасушаларының нейтрофильдерден кейінгі агранулоциттерге жататын екінші түрі. Лимфоциттердің бұлай аталуы олардың тек қанда емес, лимфада да тұрақты түрде кездесуіне байланысты. Қанда лейкоциттердің жалпы санының 20-35%-ын құрап, абсолюттік мөлшер саны – 1мм3/1000-3000 лимфоцит. Бұл – организмдегі лимфоциттердің тек қана 2%, ал олардың басым бөлігі – 98% иммундық реакцияларды атқаратын лимфалық жүйенің тіндері мен ағзаларында орналасады.
Құрылысы. Пішіні дөңгелек. Өлшемі бойынша:
а) кішкентай (диаметрі 4,5-6 мкм) – ядросы кіші не сирек жағдайда бұршақ тәрізді, тығыздығы жоғары, қоғыр түсті, яғни құрамында конденсацияланған гетерохроматині көп, деконденсацияланған эухроматині аз. Цитоплазмасы ядросын енсіз базофилді шеңбер түрде қоршап тұрады. Ішінде түйіршіктері жоқ. Цитоплазмасында еркін рибосомдар, шамалы мөлшерде митохондриялар, грЭПТ, гольджи комплексінің элементтері көрінеді. Белсенділігі нашар жасуша ретінде сипатталғанда, олар лимфоидтық қан түзудің ақырғы пісіп жетілген түрлері емес. Ақырғы пісіп жетілуіне бөгде антигендер түрткі салғаннан кейін ғана өтеді;
б) орташа (диаметрі 7-10 мкм) – белгілі бір дәрежеде дифференциялауға кіріскен. Цитоплазмасында еркін рибосомдар, жеткілікті мөлшерде митохондриялар, грЭПТ, гольджи комплексі бар. Кейбіреуінде азурофилді гранулдары болады. Ядро хроматині біршама деконденсацияға ұшыраған;
в) үлкен (10 мкм және одан көп) – лимфоидты тінде орналасады, белсенді көбейеді. Эухроматині басым болғандықтан ядросы ашық, цитоплазмада органеллалары біршама жақсы дамыған. Толық жетілмеген, бірақ лимфобласттар ретінде сипатталады.
Қанда лимфоциттердің жоғарғы мөлшері – лимфоцитоз кейбір инфекцияларға, ісіктерге және қан жүйесінің ауруларына тән. Ал төмендеуі – лимфоцитопения (ВИЧ-инфекция, сәулеге шалдығу, химиотерапия әсерінен дамиды).
Функциялары:

  1. организмге бөгде және өзгерілген антигендер мен жасушаларға қарсы спецификалық иммундық реакцияларды – гуморалдық және жасушалық иммунитетті қамтамасыз ету;

  2. спецификалық иммундық реакциялар қалыптасуына қатысатын басқа жасушалардың тіршілік әрекеттерін реттеу.

Лимфоциттер функциялары бойынша 3 топқа жіктеледі:
- В-лимфоциттер – сүйектің қызыл кемігінде ізашар жасушалардан дамиды. Басты қызметі: снтигендерді бейтараптайтын антиденелерді өндіру, гуморальдық иммунитетті қамтамасыз ету. Перифериялық лимфоидты ағазалардың В-тәуелді зоналарда бөгде антиген ынталандыру нәтижесінде биохимиялыө және морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.
- Т-лимфоциттер – тимуста дамиды. Айырша безден қанға түсіп, лимфоциттердің басым бөлігі құрайды. Бұл да Т зоналарда ынталандыру нәтижесінде активтенеді. Олардың функциялық түрлері, Т-киллер (нысана жасушаларды жоятын цитотоксикалық заттар өндіреді), Т-хелпер және Т-супресор (В-лифоциттермен әрекеттесіп, пісіп жетілуін реттейді), Т-естелік жасушалар белгілі. Яғни, жасушалық және гуморальдық иммунитетті реттейді.
- О-лимфоциттер немесе нөлдік – беттерінде алдыңғы түрлерге тән түйіршіктердің болмауы. Оларға NK-жасушалар және қанның дәі жасушалары жатады. Нысана жасушаларды контакт кезінде жояды.
47. Қан пластинкасы (тромбоциттер). Өлшемі, пішіні, функциясы. Дәнекер тіндерінің жалпы морфофункциональді сипаттамасы. Жіктелуі. Дәнекер тінінің жасушаларының жасқа байланысты ерекшеліктері мен жасуша аралық заты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет