126жм назарқұл Еркебұлан


Қанның негізгі функциялары



бет41/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Қанның негізгі функциялары:
1.транспорттық- әр түрлі заттарды тасымалдау.Қанның осы функциясының арқасында бір қатар жеке функциялар атқарылады.Оларға:тыныс алу,трофикалық,экскреторлық,регуляциялық,терморегуляциялық жатады.
2.Қорғаныш-организмді бөгде және өзгертілген өз антигендерінен қорғауды қамтамасыз ету,лейкоциттердің әрекеттердің әрекеттері арқасында микроорганизмдерді жою,зақымдалғанда қан ұюы арқылы қансыраудың алдын алу.
3.Гомеостаздық-организмнің ішкі ортасының қатынасты динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеу.
Плазма- қанның нысанды элементтері (жасушалары) өлшенген сұйық матрикс.Ол қанның бірқатар функцияларын орындауға қатысатын судан,ақуыздардан,басқа органикалық қосыластардан және бейорганикалық заттардан тұрады.Плазманың ақуыздарының 200-ге жуық түрлері белгілі.Олар үш топқа бөлінеді: а)транспорттық қызмет атқаратын;б)қанның ұюына;в)қорғаныс реакцияларға қатысаты.Транспорттық ақуыздарға альбуминдер жатады-плазманың барық ақуыздарынң 60% құрайды.Олар бауыр жасушалары-гепатоциттерде синтезделіп,нашар еритін метаболиттерді гормондардыиондар мен билирубинді тасымалдайды..Плазманың басқа органикалық қосылыстары аминқышқылдардан,көмірсулардан,майлар және биологилық активті заттардан – гормондар мен ферменттерден және организмнен шығарылуы тиіс метаболизм өнідерінен тұрады.Плазманың бейорганикалық компоненттері электролиттерден (Na,K,Mg,Ca,Cl,HCO3) және де өте аз мөлшерде I,Zn,Cu,Co,Se тұрады.Плазманың осындай күрделі химиялық құрамы қанның әр түрлі функцияларды орындауынтәжірибелік медицинада плазма құюдың,әр түрлі ауруларды анықтау үшін қанды биохимиялық тұрғыдан талдаудың себебін түсінікті қылады.
Қанның формалық элементтері нағыз жасушалардан-лейкоциттерден және постжасушалық құрылымдардан-тромбоциттер мен эритроцитттерден тұрады.Қанның формалық элементтерінің морфологиялық ерекшеліктерін және мөлшер санын Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындыларында анықтайды.
Эритроциттер- сондай-ақ, эритроциттер деп аталады-омыртқалы жануарлардың (соның ішінде адамның) қан жасушалары және кейбір Омыртқасыздардың гемолимфалары. Эритроциттердің негізгі функциялары:а)тыныс алу-құрамында темір молекуласы бар гемоглобин ақуызының көмегімен оттегі мен көмір қышқыл газдарын тасымалдау;б) Тасымалдау-оттегін тасымалдау және көмірқышқыл газы;в)регулцилық және қорғаныш- Қорғаныс-жас эритроциттердің қатысуы жасушалық және гуморальдық реакциялар иммунитет.Эритроциттер орталық қан түзуші ағзада-сүйектің қызыл кемігінде дамиды.Ересек ер адамның қанында эритроциттердің мөлшер саны-3,9-5,5 х /л, әйелдерде -3,7-4,9 х /л құрайды және жасына қарай,әр түрлі факторлар әсеріне тәуелді өзгеріп отырады.Пішіні мен өлшемі бойынша эритроциттердің популяциясы біркелкі емес.Эритроциттердің орталық және шеткі аймақтарының қалыңдығы әр түрлі болу себебінен олардың 80-90% екі жағы ойыңқы диск пішінге ие болып,дискоциттер деп аталады.Кемелденген эритроциттердің негізгі көлемі оксофильді,яғни эозинмен қызғылт-сырғыш түске боялады.Эритроциттердің шеткі аймағының қалыңдығы 1,9-2,5км болады,ортасының -1 мкм болады.Эритроциттердің цитоплазмасында ядросы мен органеллалары жоқ.
Тромбоциттер қанның формалық элементтері-қызыл сүйек кемігінде түзіледі, материал оның жасушаларының плазмасы (мегакариоциттер) болып табылады.Өлшемі жағынан олар эритроцттерден бірнеше рет шағындау.Негізгі функциясы-қансыруды тоқтату процестеріне тромб қалыптастыру мен қан ұюын белсендіру арқылы қатысу.Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындысында тромбоциттердің түсі-ашық көк.Тромбоциттің гиаломері негізінен цитоскелет элементтерінен -микротүтікшелерден,актиндік микрофиламенттерден,аралық филаменттерден тұрады.Тромбоциттің грануломері электронды тығыз гранулдардың бірнеше түрінен,вакуольдерден,жек митохондриялардан,грЭПТ-ның цистерналарынан және Гольджи комплексінің элементтерінен тұрады.Физиологиялық жағдайларда қан табақшалары тамыр қабырғасының эндотелиоциттеріне бекітілмейді және жабыспайды.Тамыр қабырғасы зақымданған жағдайда,тромбоциттер агрегацияға ұшыра,қан плазмасында пайда болып жатқан фибрин жіпшелеріне бекітіледі,нәтижесінде жарақатты бітейтін тромб қалыптасады.Тромбоциттердің агрегациясы-тромбоциттердің бірігіп -бір-біріне жабысып,қан тамыры бұзылғаннан кейінгі 1-3 минут арасында біріншілік тромбоциттік тромбты қалыптастырады.Тромбоциттерде қан ұю жүйесінің 12 ішкі факторы бар.Тромбтың ретракциясы-тромбоциттің цитоскелеттік жиырылғыш аппараты-актин және миозиннің қысқаруы есебінен қызыл тромб көлемінің бастапқы көлемінен 10-50% азаюы.Тромбтың бұзылуы тамыр қабырғасы тіндерінің регенерациясы дамыған сайын жүзеге асады.
Лейкоциттер немесе қанның ақ жасушалары- ядроның болуы және өз бетінше бояуының болмауы белгілері бойынша бөлінген, адам мен жануарлар қан жасушаларының сыртқы түрі мен функциялары бойынша әр түрлі біртекті емес тобы.Морфологиялық және функциялық тұрғыдан алғанда бұл-ең көп түрлі жасушалар тобы.Олар сүйектің қызыл кемігінде дамып,пісіп жетілген сайын қан арнасына түсіп тұрады.Лейкоциттердің саны перифериялық қанда эритроциттерден 1000 есе аз және 1л/ 3800-9000.Лейкоциттердің классификациясы олардың морфологиялық белгілерін және тинкториалды қасиетін есепке алуға негізделген.Морфологиялық тұрғыдан лейкоциттердің 2тобын ажыратады:гранулоциттер және агранулоциттерді.Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттер мына ерекше белгілерімен сипатталады:1)цитоплазмасында спецификалық түйіршіктілігі бар.2)ядросы сегменттелген.3)митоздық бөлінуге және одан әрі дифференциялануға қабілетсіз.Қан жағындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда,спецификалық гранулдардың тинкториалды қасиеттеріне байланысты гранулоциттер:нейтрофильді,эозинофильді және базофильді түрлеріне бөлінеді.Агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттер гранулоциттерге қарама-қарсы белгілеріне ие:1)спецификалық түйіршіктілігі жоқ.2)ядросы сегменттелмеген.3)агронулоциттер бөлінуге және дифференциялануға,яғни бір түрінен басқа түріне дейін пісіп жетілуге қабілетті.Агранулоциттер моноциттерге және лимфоциттерге ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет