126жм назарқұл Еркебұлан



бет46/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

λ-гранулдар негізінен гидролиздік ферменттер, пероксидаза жатады, қызметі – фибринолиз – тромбты еріту.
Тромбоциттердің функциясы – қанауды тоқтату мен қан ұю процестеріне қатысу. Физиологиялық жағдайда тромбоцит тамыр қабырғасының эндотелиоциттеріне бекітілмейді және жабыспайды. Тамыр қабырғасы зақымданса, тромбоциттер агрегацияға ұшырап, қан плазмасында пайда болып жатқан фибрин жіпшелеріне бекітіледі, нәтижесінде жарақатты бітейтін тромб қалыптасады. Бұл процесс 5 этаптан тұрады:

  • тромбоцит адгезиясы – зақымданған бөлікте тромбоциттің эндотелийдің базальді мембранасының және эндотелий астындағы дәнекер тіннің коллагендеріне жабысуы. Бұл рецепторларының фибронектин, ламинин, эндотелийдің Виллебранд факторымен әрекеттесу нәтижесінде жүзеге асады. Адгезия тромбоциттерді белсендіреді: олардың пішіні өзгереді, секреторлық және метаболизмдік реакциялары басталады. Секреторлық реакция кезінде гранулдарынан физиологиялық активті құрамдастарының, оның арасында фибриногеннің де, өзекшелер жүйесі арқылы тез бөлінеді. Олар тромбоциттің агрегациясын ынталандырып, қан тамырларының спазмын қоздырады.

  • Тромбоцит агрегациясы – тромбоциттердің бірігіп – бір-біріне жабысып, қан тамыры бұзылғаннан кейінгі 1-3 минут арасында біріншілік тромбоциттік тромбты қалыптастыруы. Фибриногеннің тромбоцит рецепторлармен әрекеттесіп, араларында байланыс көпіршіктерді құруы.

  • Қан ұю (гемокоагуляция) – күрделі процесс нәтижесінде сұйық қанның сілікпе консистенцияға иеленуі. Қан ұю жүйесінің 12 ішкі факторы бар. Сондац-ақ сыртқы факторда қатысады. Олар қан плазмасының протромбин ақуызын белсендіріп, тромбинге айналдырады.соңғысы фибриногенге әсер етіп, одан фибрин жіпшелері пайда болуына әкеледі. Активация кезінде тромбоциттер қосымша фибриноген бөледі. Олардан құралған фибриннің көлденең жолақты талшықтарды зақымданған аймақта үш өлшемді тор ұүрайды. Соңғыға тромбоциттер және басқа да қанның формалары жабыса бастайды. Осылайша екіншілік гемостаздық тығын не қызыл тромб қалыптасады.

  • Тромбтың ретракциясы – тромбоциттің цитоскелеттік жиырылғыш аппараты – актин және миозиннің қысқаруы есебінен қызыл тромб көлемінің бастапқы көлемінен 10-50%-ке азаюы.

  • Тромбтың бұзылуы – тамыр қабырғасы тіндерінің регенерациясы дамыған сайын жүзеге асады. Қан ұюына қарсы жүйенің ферменті плазмин фибринді ыдыратады. Бұл процеске сонымен қатар λ-гранул ішіндегі ферменттер де қатысады.

Тромбоцит мөлшерінің өзгеруі немесе олардың сапасыздығы тромб қалыптасуын, қан ұюын, қан тамыры өткізгіштігін бұзады. Тромбоцит мөлшерінің көбеюі – тромбоцитоз (қатты жарақаттанғанда, лейкоз); азаюы – тромбоцитопения ( дәрі әсерінен өз тромбоциттеріне қарсы антидене өндірілгенде, инфекция, интоксикация, ісік ауру және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет