126жм назарқұл Еркебұлан


Дәнекер тіндердің жіктелуі



бет48/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Дәнекер тіндердің жіктелуі. Дәнекер тіндердің түрлері бір-бірінен құрамы, жасушалық дифферондары және талшықтарының арақатынасымен, сонымен қоса жасуша аралық негізгі аморфты заттың физикалық-химиялық қасиетіне орай ажыратылады. Дәнекер тіндер меншікті дәнекер тіндерге (борпылдак дәнекер тін және ерекше касиеті бар дәнекер тіндер) және қаңқалық тіндерге бөлінеді. Ақырғылар, өз кезегінде, шеміршек тінінің үш түріне (гиалинді, эластикалық, талшықты), сүйек тінінің екі түріне (ретикулофиброзды және табакшалы), сонымен катар, тістің цементі және дентиніне жіктеледі.
Дәнекер тіндердің басты компоненттері жасушалардың туындылары — коллаген және эластикалық типті талшыктық құрылымдар, интеграциялаушы-буферлік метаболиттік орта қызметін атқарушы негізгі (аморфты) зат және жасушалық емес компоненттердің құрамының мөлшерлік және сапалық арақатынасын тұрақтандырушы жасушалық элементтер.
Дәнекер тіннің жасушалық элементтерінің мүшеге тән ерекшеліктері әрқилы жасушалардың санының, пішіндерінің, әр түрлі түрлерінің өзара арақатынасының, олардың метаболизімінің және қызметінің мүшенің қызметіне орай оңтайлы бейімделуімен анықталады. Жасушалық элементтердің мамандануы, сонымен бірге, олардың өзара арақатынастарымен (жекелей орналаскан, жасушалык ассоциациялар), ішкі құрылысының ерекшеліктерімен (органеллалардың кұрамы, ядронын кұрылымы, ферменттердің болуы т.б.) белгіленеді. Дәнекер тіннің арнайы ерекшеліктері әр түрлі дифферондардың жасушаларының және жасушалық емес құрылымдардың дененің әр түрлі аймақтарындағы арақатанасында да анықталады. Борпылдақ дәнекер тінде әрқилы дифферондарға жататын жасушалар және аморфты зат басымырақ болса, тығыз дәнекер тінде керісінше, оның негізгі құрамын талшықтар құрайды.
Жасқа байланыс өзгерістері. Жас ұлғайған сайын дәнекер тіннің құрылысында, мөлшерінде және химиялық құрамында өзгерістер жүреді. Сонымен қатар құрылымдарының жалпы салмағы мен сүйек қаңқасының өсуі де жүреді. Коллаген және гликозаамингликандардың арақатынасы өзгереді. Қартая бастаған сүйектің эндосында остеобластардың және бастама жасушалардың популяциясы азаяды да остеокластардың белсенділігі артады. Бұл тығыз қабатының жұқаруына алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет