126жм назарқұл Еркебұлан



бет51/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Уникальность: 97.39%
Постэмбрионалды гемопоэз-қанның физиологиялық регенерациясы болып табылады. Постэмбрионалды гемопоэз сүйектің қызыл кемігі және лимфоидты қан түзілуші ағзаларда өтеді. Сүйектің қызыл кемігінде миелопоэз өтеді, сонымен қатар гранулоциттер, тромбоциттер, эритроциттер дамиды. Ал, лимфоидты тінде Т және В-лимфоциттердің пролиферациясы мен дифференциялануы, яғни лимфопоэз өтеді. Миелоидды және лимфоидты тіндердің құрылыс ұқсас, себебі екеуіде дамудың әртүрлі сатыларының гемопоэздік жасушаларынан және ретикулярлы тіннен тұрады. Бұл қан түзетін тіндер строманы құрап, дамушы гемопоэздік жасушалардың диференциялау бағытын анықтайды да, микроортаны құрайды.
Миелоидты тін-ретикулярлы тінмен,қанның дамушы формалық элементтері-гемопоэздік жасушалардан құралады.
Ретикулярлы тін жасушалары миелоидты тіннің құрылымдық негізінен үш өлшемді тор тәрізді строма құрайды. Ретикулярлы тін қанның дамушы жасушаларының өсуін және диферциялануын реттейтін гуморалдық факторларды секреттейді.
Гемопоэздік жасушалар ретикулярлы тіннің үш өлшемді торының тұзақтарында орналасып, гемопоэздік аралшықтар құрайды. Олар қан түзуші полипотентті дің жасушаларынан дамиды. Ал қанның дің жасушалары эмбриондық кезде мезенхималық жасушадан дамиды.
Лимфоидты тін ретикулярлы тіннен және үш өлшемді тордан тұрады. Олардың тұзақтарында дамудың әртүрлі кезеңінен өтіп жатқан лимфоциттер, макрофагтар бар. Лимфоидты тіндер тимуста және көкбауырда дифференцияланады да, пісіп жетілген лимфоциттер қанға миграцияланып, лимфа түйіндерінде – лимфа сиустарына, одан соң лимфа тамырлар жүйесіне, содан соң ақырында қайтадан қанға оралып, рециркуляцияға ұшырайды.
Бағаналы жасушалар - көп жасушалы организмдердің көпшілігінде болатын, жетілмеген жасушалар. Бағаналы жасушалар митоз арқылы бөлінуге әртүрлі ағзалар мен тіндерге айналуға қабілетті.
Бағаналы жасушалар алыну көздеріне байланысты 3 топқа бөлінеді.
1.Эмбрионалды
2.Феталды
3.Постнаталды
Сонымен қатар бағаналы жасушалар организм жасушаларының барлық типіне жіктелуге қабілетті. Мысалы:
1.Тотипотенттілік
2.Плюропотенттілік
3.Мультипотенттілік
Плюропотенттілік-жасушаның денедегі жасушалардың барлық типіне бастама беру мүмкіңдігі болып табылады.
Плюрипотентті бағаналық жасушалар – ағзаны құрайтын барлық клеткаларды құрамайды,тек көпшілігін жасап шығарады.Оған эмбрионалды және фетальды бағаналы жасушаларды жатқызады.
Қан 2 құрамдастардан :
1.Сұйық жасушааралық зат -плазмадан
2.Формалық элементтер - лейкоциттер,эритроциттер және тромбоциттерден тұрады.
Эритроциттер-құрамында гемоглобині бар қызыл түсті,эдросынан айырылған жасушалар.
Эритроциттердің қызметі: Тыныс алу, газдарды тасымалдау және қорғаныш.
Эритроциттердің мөлшері: Ересек адам қанының бүкіл көлемінде 25-30*1012/л эритроциттер айналып жүреді. Ересек ер адамның қанында эритроциттердің мөлшер саны-3,9-5,5*1012/л,ал әйелдерде-3,7-4,9*1012/л құрайды.
Эритроциттер -ядросы жоқ, олардың орташа диаметрі шамамен 7,2-7,5 мкм құрайды. Құрамында қызыл түс беретін гемоглобин нәруызы болады. Гемоглобиннің құрамына темір және нәруыздық бөліктер кіреді. Сүйектің қызыл кемігінде түзіліп, бауыр мен көкбауырда жойылады.
Эритроциттердің цитоплазмасында ядросы мен органеллалары болмағанымен, көлемінің 66%-су, 33%-гемоглобин ақуызы, 1%-басқа да заттар құрайды.
Лейкоциттер-қанның ақ қан түйіршіктері.
Лейкоциттердің қызметі: организмді микробтардан, денеге зиянды заттардың енуінен сақтайды.
Олар жіліктің кемігінде, көкбауырда, айырша безде түзіліп, бауыр мен көкбауырда жойылады.
Цитоплазмасында ірі ядросы болады, орташа диаметрі 6-25 мкм-ді құрайды.
Лейкоциттердің саны: 1л/3,8-9*109 немесе 1 мкл/3800-9000.
Морфологиялық жағынан лейкоциттер 2 топқа бөлінеді.
1.Гранулоцит
2.Агронулоцит
1.Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасы түйіршікті,сегменттелген болып келеді.Гранулоциттер 3-ке бөлінеді:
1.Нейтрофилді
2.Эозинофилді
3.Базофилді
1.Нейтрофилді гранулоциттер – лейкоцитер санының ең көп түрі.
Нейтрофилді гранулоциттердің құрылысы. Қанның жағындысында нейтрофилдердің пішіні домалақ, диаметрі 10-12 мкм болып келеді. Нейтрофилдердің ядросының пішіні пісіп жетілу дәрежесіне қарай әр түрлі болады. Осыған байланысты нейтрофилдердің популяциясын сегменментті ядролы, таяқша ядролы және жас түрлері құрайды. Цитоплазмасында органеллалары аз, нашар дамыған. Нейтрофилді гранулоциттер -спецификалық емес қорғаныш механиздерінің басты жасушалық элементтері.
2.Эозинофилді гранулоциттер – лейкоциттердің жалпы санының 1-5 % құрайды.
Эозинофилді гранулоциттердің құрылысы. Эозинофилді гранулоциттер қысқа жалған аяқтары бар, көп қозғалмайтын дөңгелек жасушалар болып келеді. Өлшемі 12-17 мкм құрайды. Эозинофилді гранулоциттер цитоплазмасында орташа дамыған органеллалар, қосындылары сонымен қатар эозинофилді түйіршіктері болады. Пішіні дөңгелек, сопақ, полигоналды болады.
3.Базофилді гранулоциттер-қан лейкоциттерінің 0- ден 0,5-1%-ын құрайды.
Базофилді гранулоциттер құрылысы. Өлшемі 10-12 мкм.Базофилдердің ядросы екі сегментті немесе S тәрізді болып келеді. Ал цитоплазасына келер болсақ, нәзік оксифилді болып келеді. Цитоплазмасында базофилді түйіршіктері орналасады.
2.Агронулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттер ядросы сегменттелмеген,
спецификалық түйіршіктері болмайды. Бұларға моноциттер мен лимфоциттер жатады.
Моноциттер-пішіні дөңгелек,цитоплазмасы нәзік көкшіл-сұр түсті,ядросы әр пішінді болып келеді.
Моноциттердің құрылысы:
Моноциттердің ядросы ірі, таға тәрізді болып келеді. Цитоплазмасында митохондриялар, ЭПТ цистерналары, еркін рибосомдар, Гольджи комплексі жақсы дамыған.
Лимфоциттердің құрылысы: Пішіні дөңгелек болады. Өлшемдері бойынша 3 түрін ажыратады:
1.Кішкентай(4,5-6мкм)
2.Орташа(7-10мкм)
3.Үлкен(10 мкм-дан жоғары)
Кішкентай лимфоциттер ядросы шар тәрізді, тығыздығы жоғары, қоңыр түсті болады. Электронды микроскоппен қарасақ, рибосомалар, митохондриялар, ЭПТ, Гольджи кмплексі элементтерін байқаймыз.
Орташа лимфоциттер тығыздығы төмен,цитоплазмасында митохондриялар,
Гольджи комплексі бар.
Үлкен лимфоциттер-ядросы ашық,цитоплазмасындағы органеллалар жақсы дамиды.
Лимфоцттер бірнеше белгілерімен ерекшеленіп,3 түрге жіктеледі.
1.В-лимфоциттер
2.Т-лимфоциттер
3.О-лимфоциттер
1.В-лимфоциттер-жілік майында түзіліп,лимфа ұлпаларында жетіледіү
Олар гуморальдық иммунитетті қалыптастырады.
2. Т-лимфоциттер-қызыл кемік майында түзіліп,айырша безде жетіледі. Оның 3 түрі бар. Т-жоюшы, Т-әлсіретуші, Т-көмектесуші. Бұл лимфоциттер жасушалық иммунитетті қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет