Аңыз-әңгімелер Домалақ ана кесенесі Нұрилә Әли Сыланқызы



бет1/7
Дата25.11.2023
өлшемі372,18 Kb.
#128174
  1   2   3   4   5   6   7

( Аңыз-әңгімелер)
Домалақ ана кесенесі
Нұрилә Әли Сыланқызы .
Домалақ ана – есімі Нұрилә Әли Сыланқызы 1378-1456 жылдар аралығында өмір сүрген .Түркістандағы Яссы қыстағында дүниеге келген. Руы - Қожа . Қожа Ахмет Яссауидың қызы Гауһардың ұрпағы , Мақтым Ағзам қожаның немересі . Әкесінің есімі – Әли Сылан , анасы – Нұрбике . Әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп , сол бойы соғыстан оралмаған . Анасын жылан шағып қайтыс болған . Сөйтіп , Нұрилә жетім қалады . Оны өзінің атасы Мақтым Ағзам қожа қолына алып , өзі өсіріп тәрбиелейді . Содан кейін олар Бәйдібек бидің шақыртуымен Қаратауға қоныс аударады .Сол жақта есейіп 19 жасқа келгенде атасының өсиетімен Бәйдібек бидің үшінші әйелі , яғни кенже әйелі болып тұрмысқа шығады . Домалақ ананың жалғыз ұлы болады . Есімі – Жарықшақ . Олда анасы сияқты өте ақылды , білімді адам болған . Домалақ ананың ақылды болғаны соншалық көптеген дауды ұрысқа апармай шешетін болған . Нұрилә анамыздың тапқырлығына тәнті болған халық оны «Диһнат мама» деп атап кеткен . «Диһнат мама» сөзін парсы тілінен аударғанда «Әулие ана» деген мағынаны білдіреді . Уақыт өте келе «Диһнат мама» атауы өзгерістерге ұшрап «Домалақ ана» деп аталып кеткен екен .
Домалақ ана жайлы аңыз-әңгіме .
Домалақ ана жайлы ел аузында аңыз-әңгімелер көп делінген . Мен солардан өзім білетін біреуін айтып өтсем .
«Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы бар асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау бойындағы Бәйдібектің ауылына шабуыл жасап, сан мың жылқысын түре айдап кетеді 05. Бұл хабарды есітіп Байдібек би ашуға беріліп өз адамдарын жинап , қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туылған алты ұлды да алып жауға аттанғалы жатқанда Домалақ ана «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының қасында байлаулы тұрған айғырды көрсетеді. Бірақ жауға кектенген Байдібек би әйелін тыңдамай жауға шабуыл жасауға кетеді . Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Бәйдібек би жасағы аз болғандықтан жауға жеңіледі . Өкінішке орай сол соғыста алты ұлынанда айырылып қалады . Кейін сол соғыста қаза болған алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп кері қайтады . Арадан алты күн өткеннен кейін байлаулы тұрған айғыр қатты кісінеп жерді тепкілейді . Сол күні кеш шамасында шығыстан қатты шаң көтеріліп Бәйдібек бидің жылқылары көрінеді , үйіне қайтып келеді .»
Яғни, Домалақ ананың болжамы дәл келген .
Домалақ ана кесенесі
Домалақ ана кесенесі – сәулетті ескетркіш. Қаратаудың күнгей бетінен бастау алып, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Оңтүстік Қазақстанның ең көрікті жерінің бірі деп айтсам артық емес. Биіктігі 12 метрді құрайтын бұл кесене 1456 жылы домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдырып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене – там тұрғызды.1957жылы қайта өңделгенмен, көп сақталмады.1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Сегіз жапырақты етіп өріліп, ортаңғы бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана өзінің соңғы жылдарын Ташкент қаласында өткізеді. Алайда күндердің бір күні Домалақ ана түс көреді түсінде Бәйдібек би бұрын тұрған Қаратауға қайтуын сұрайды. Сөйтіп жолға шығады.1456 жылы көш Балабөген жағасына келгенде аялдап, Домалақ ана жуынып намаз оқып жатқанда көз жұмады. Және дәл сол жерде кесенесі тұрғызылған.Кейбір деректер бойынша Домалақ ана өзі дүние салғаннан кейін сүйегін ақ түйеге артып басы ауған жаққа жіберуін , және сол түйе қайда шөксе сол жерге жерлеуін өсиет етіп кетіпті . Кейін өсиет орындалып сол жерге кесене тұрғызылған . Яғни кесене ішінде Домалақ ананың бейіті бар .
Бұл жерге көп адамдар зираттап келеді екен . Сол жерге барған адамдардың айтуы бойынша сол жерде тылсым бір күш барын сезеді екен . Бұл кесенеге көбінесе бала сүйгісі келетін әйел адамдар келеді екен .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет