Бекітемін
Мектеп директоры: А.К.Абылова
№127 жалпы білім беретін мектеп
мектепішілік кәсіби қоғамдастық әдістемелік отырысында
көрсетілетін ашық
коучинг-сессияның
Тақырыбы: «Бейнелеу өнері пәніндегі оқушылардың танымдылық,шығармашылық қабілеттерін дамыту және бағалау »
Дайындаған: Үшінші (базалық) деңгей
технология пәнінің мұғалімі
Тленшина Ақбөпе Қайсарқызы
Өтілетін күні: желтоқсан 2018 жыл
Өтілетін орны: мұғалімдер бөлмесі
Шымкент- 2018ж.
Қазақтың тума талант суретшісі Әбілхан Қастеев атамыздан сурет салуды қайдан үйрендің дегенде – «ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен, таудың жотасынан үйрендім» деген екен.
Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі - өнерде. Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр.
Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу өнеріне өте жақын, сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әжелеріміз кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды әшекейлеуі тіптен керемет. Осы ата-бабаларымыздың ер-тұрманына, сырмағы мен текеметіне, сандығы мен кебежесіне қарап өнердің нағыз өресі болғанын білеміз. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолдануы біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Қазақтың кез келген оюын алып қарасаңыз қайталанбас керемет туынды. Бір оюы біріне ұқсамайтын қазақ халқының төл туындылары.
Міне, осыдан қарап-ақ қазақтың, қазақ даласының өнерге тұнып тұрғанын көреміз, қазақтың әрбір тасында сурет, тауында құдірет бар екенін байқайсың. Қазіргі кезде де осы ата-баба жолын жалғастырып, дамытып, өнердің өресіне шықсам екен деп ұмтылып жүрген жастар баршылық. Әлі де сондай қас таланттардың ұрпақтан-ұрпаққа өнерді жалғастырарына сөз жоқ сенеміз. Бейнелеу өнерінің құдіреті туралы айтар болсақ адам ойының қанаты, жігер мен қайрат берер оты, адам жанының тазалығы осында.
Достарыңызбен бөлісу: |