13- дәріс. Инвестициялық тәуекелді сақтандыру



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі21,17 Kb.
#136112
1   2
Байланысты:
1. 13 дәріс - Инвестициялық тәуекелді сақтандыру

Сезімталдықты талдаудың мақсаты – инвестициялық жобаның түрлі факторларының жоба тиімділігінің басты көрсеткішіне, мысалы табыстылықтың ішкі нормасына әсерін салыстырмалы талдау. Сезімталдықты талдау келесі тізбектілікпен орындалады:
- инвестиция тиімділігінің негізгі көрсеткішін таңдау, ол табыстылықтың ішкі нормасы (IRR) немесе таза қазіргі мәні (NPV) бола алады;
- инвестициялық жобаның дайындаушысы белгісіздік жағдайда болатын факторларды таңдау, мысалы капитал шығындарының көлемі, тауар бағасы мен сату көлемі, құрылыс уақыты мен негізгі құралдарды іске қосу және т.б.;
- таңдалған белгісіз факторлардың номиналды және шекті мәндерін белгілеу
-белгісіз факторлардың барлық таңдалған мәндері үшін негізгі көрсеткішті есептеу;
-барлық белгісіз факторлар үшін сезімталдық графигін құру. Батыс инвестициялық менеджментте бұл графиктің аталуы «Spider Graph». Төменде үш фактор үшін осындай графикке мысал келтірейік.
Бұл график инвестициялық жобаның көбінесе шиеленісті факторлары жайлы қортынды жасауға мүмкіндік береді, оның себебі – инвестициялық жобаны жүзеге асыру тәуекелін қысқарту мақсатымен осы факторларға аса көп көңіл бөлу. Мысалы егер өнім бағасы шиеленісті фактор болса, онда жобаны жүзеге асыруда маркетинг программасын жақсарту және (немесе) тауар сапасын жоғарылату қажет. Егер материалдық шығындар факторы шиеленісте болса, онда сатып алу бағаларын төмендету мақсатымен жеткізушілермен жұмысты жақсарту мақсатты болады.
Сценарилерді талдау- бұл тәуекелді талдау әдісі, ал жобаның бастапқы деректерін жинаумен қатар, басқа да жобаны дайындаушылардың пікірі бойынша жүзеге асыру үрдісінде орын ала алатын деректі жинайды.
Сценариді талдауда «жаман» жағдайлардың тоғысуы (сатудың ең аз көлемі, төмен баға тауар бірлігінің жоғарғы өзіндік құны мен т.б.) мен «жақсы» жағдайлардың тоғысуындағы өндірістік-техникалық көрсеткіштер жинақталады. Осыдан кейін NPV жақсы және нашар жағдайларда есептеледі және күтілетін NPV -мен салыстырылады.
Монте-Карло имитациялық үлгілеу әдісі кездейсоқ сценарилерді құрудың мүмкіндігі есебінен, тәуекелді бағалауда қосымша мүмкіндік береді. Мұнда тәуекелді талдаудың нәтижесі NPV - ның қандай да бір мәнімен белгіленбейді, ал осы көрсеткіштің барлық мүмкін мәндерін ықтималды үлестірудің ретінде белгіленеді. Яғни потенциялды инвестор Монте-Карло әдісінің көмегімен жоба тәуекелін сипаттайтын деректің толық жиынтығыменқамтамасыз етіледі. Жалпы жағдайда Монте-Карло имитациялық үлгілеуі –қандайда бір қаржылық көрсеткішті анықтаудың математикалық үлгісі компьютердің көмегімен бірнеше имитациялық айдауға шалдығатын процедура.
Тәуекелдің деңгейі мен түріне, сонымен қатар жоба мәнділігінің дәрежесіне пара-пар болатын жоба тәуекелдерін басқарудың әдеттегі процедуралары келесідей:
1. Тәуекелді басқаруды жоспарлау – жоба тәуеклдерін басқару процедураларын ұйымдастыру, олардың кадрлық қамсыздануы, көбінесе артықшылығы бар әдістемені, тәуекелді идентификациялау үшін деректер көздерін, нақты жобаның тәуекелдерін талдау үшін уақыттық инервалды таңдау бойынша шешімдер қабылдау үрдісі.
2. Тәуекелдерді идентификациялау – жобаға әсер ететін тәуекелдерді анықтау және сипаттамалрын құжаттаудыңі итерационды үрдісі, ол жоба іс-әрекетінің түгел циклының бойында орындалады. Топтық жұмыс әдісіне (ми шабуылы, Дельфи әдісі және т.б.) негізделген бұл үрдісте жоба менеджерлері, заказ берушілер, пайдаланушылар мен тәуелсіз мамандар қатысады.
3. Тәуекелдерді сапалық бағалау – сапалық талдау және тәуекелдердің мәнділік дәрежесін анықтау, тез арада шешіді талап ететін тәуекелдерді айқындау үрдісі. Жобаның бүкіл өмірлік циклының бойында орындалатын осындай бағалау тәуекелдерге жауап қайтарудың дұрыс шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.
4. Тәуекелдерді мөлшерлік бағалау – тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын анықтау, тәуекел нәтижелерінің жобаға әсерін бағалау, қорытынды мақсатқа жету дәрежесін және жобаға қатысатын қорлардың ойда болмаған шығындарының деңгейіне әсер ету дәрежесін анықтау үрдісі.
5. Тәуекелдерге жауап қайтаруды жоспарлау – жобаға тәуекелдердің теріс әсерін төмендетудің әдістері мен технологиясын жасап шығару, осы әсерлерден қорғанудың барабар шараларын жасап шығару үрдісі.
6. Тәуекелдер мониторингі мен бақылау – тәуекелдердің идентификациясы мен бағалауын үздіксіз қадағалау, оларға жауап қайтару нәтижелерін құадағалау мен калдық тәуекелдерді айқындаудың үрдісі, ол тәуекелдің төмендеуі көзқарасынан тәуекелдерді басқару жоспарының орындалуы мен оның тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздар (инвестициялық) портфелі – банктердің пайда әкелетін бағалы қағаздарға салынған қаражаттарының жиынтығын білдіреді
Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады:

  • қауіпсіздік;

  • табыстылық;

  • өтімділік;

  • капиталдың өсуі.

Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдіс бар: активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады:

  • белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау;

  • бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу;

  • бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг (ротация) жүргізу.

Егерде ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетін болса, онда төменгі купондық табысы бар ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алған дұрыс, себебі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі облигация бағамын жоғарлатады. Мұндай жағдайда купондық табысы жоғары қысқа мерзімді облигацияларды сатып жіберу қажет, өйткені олардың бағамы төмендеуі мүмкін.
Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады:

  • диверсификациялау;

  • индекстік әдіс;

  • портфелді сақтау.

Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.
Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.
Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді. Айталық, компанияның акционерлерінің сатқан акцияларының құны олардың сатып алғандағы құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату қажет, сол арқылы, компанияға қайтарған акционерлерді акцияларының құндары өтеледі. Сондай-ақ акционерлердің акцияларды компанияға көп мөлшерде сатуы, олардың бағамдарының төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді.


Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 22 нег.(1-12), 23 нег. (8-14)
Қосымша әдебиеттер: 6 қос. (1-7)
Бақылау сұрақтары:
1) Инвестициялық тәуекелдерді не тудырады және тәуекелдердің қандай түрлері бар?
2) «Тәуекелдерді басқару» ұғымына анықтама беріңіз.
3) Инвестициялық тәуекелдерді басқаруда орындалатын процедураларды атаңыз және мәнін және түсіндіріңіз.
4) Қандай «антитәуекелдік» шарларды сіз білесіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет