13- дәріс. Инвестициялық тәуекелді сақтандыру Инвестициялық жобалауда белгісіздік пен тәуекел аспектілері қарастырылады. Анықсыздық дегеніміз – кәсіпорын қызметінің негізгі шамалары мен көрсеткіштерін және инвестициялық жобаны жүзеге асырудың шамалары мен көрсеткіштерін нақты болжаудың мүмкінсіздігі. Мұндағы басты шарт белгісіздікті сандық категорияларда бейнелеу.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте тәуекел дегеніміз – кәсіпорынның өз қорларының бөлігін жоғалту мүмкіндігі, жоспарланған табыстардың төмендеуі немесе нақты өндірістік және қаржылық іс-әрекетті жүзеге асырудың нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы. Тәуекелдің негізгі түрлері: фирманың заказ берушіге қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты өндірістік тәуекел; фирманың инвесторларға қатысты өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігімен байланысты қаржылық тәуекел; меншік және сатып алынған құнды қағаздардан тұратын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздану мүмкіндігімен байланысты инвестициялық тәуекел; қор нарығындағы нарықтық пайыздық ставкалар мен валюта курстарының ауытқу мүмкіндігімен байланысты нарықтық тәуекел. Сонымен қатар елдегі тұрақсыз саяси жағдай салдарынан кәсіпкерлер мен инвесторлардың шығындалу мүмкіндігімен байланысты саяси тәуекел болады.
Капитал салымдарының тәуекелі –кәсіпкерлік қызметтің нақты түрінің тәуекелі, ол қаражаттарды салудан күтілетін қайтарымды алмау мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекелге жоғарыда айтылған барлық тәуекелдер кіреді. Тәуекелді талдаудың қызметі – потенциалды инвесторларға жобаға қатысудың мақсаттылығы жайлы шешім қабылдаудың қажетті деректерін беру мен мүмкін қаржылық шығындардан қорғану шараларын алдын-ала ескерту.
Белгісіздікті талдаудың екі әдісі бар: 1) ықтималды-статистикалық әдістерді пайдалана отырып, белгісіздікті талдау. Бұл әдістер еңбек сыйымды болады, іздеуді және көп мөлшерлі сандық ақпаратты тартуды талап етеді, бұл тек білікті мамандар күшіне сай келеді.
2) қысқартылған әдістермен белгісіздікті талдау. Бұл әдістер инвестициялық жобаны жүзеге асыруда кәсіпорын менеджментін жетілдіруге, және де инвестициялық жобаның мақсаттылығын негіздеу үшін жеткілікті тиімді болады. Бұл әдістер келесілерді пайдаланумен байланысты:
- сезімталдықты талдау;
- инвестициялық жобалардың сценарийлерін талдау.
Негізінде инвестициялық жобалауда екі әдіс те тізбектей орындалады – алдымен бірінші, содан кейін екіншісі. Мұнда біріншісі міндетті, ал екіншісі – едәуір қажетті, әсіресе егер ірі инвестициялық жоба қарастырылса.