Дақылды өсіру. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда түссіз колониялар түзеді. Эшерихиоз диагноз қою үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалды-диагностикалық орталар кең қолданылады.

Ферменттік белсенділігі. E.сoli жоғары ферменттік белсенділікке ие. Ішек таяқшасы 24 сағат бойы лактозаны ыдырататын Enterobacteriaceae тұқымдастығының өкілі (кесте).

Антигендік құрылымы.Ішек таяқшасы соматикалық (О), талшықты (Н), беткейлі (К) антигендерге ие. Антигеннің әрқайсысы біртекті емес: О- антигеннің 170-тен астам, К-антигеннің 100-ден астам, Н-антигеннің 50-ден астам нұсқалары бар. О-антигеннің қалыптасуы серологиялық топқа жататындығын көрсетеді. Өзінің антигендік жиынтығы бар, антигендік формуласы бар штамм E.coli-дің серологиялық нұсқасы деп аталады. Мысалы, О55: К5: Н21 штамы О55 серологиялық тобына жатады.
Патогенді факторлары. E.coli энтеротропты, нейротропты, пирогенді әсер ететін эндотоксин түзеді (ЭПІТ тобы). ЭПІТ тобы ащы ішектің эпителиіне жабысып немесе адсорбцияланып экзотоксин түзеді, ол ащы ішек қуысында су мен хлоридтің мөлшерден көп бөлінуіне алып келеді және натрийдің кері сіңірілуін бұзады, нәтижесінде ішектің жиырылуын, іш өту мен сусыздануды күшейтеді. Патогендік факторларға адгезиялық, инвазиялық факторлар, ферментер және токсиндер (гемолизин), фагоцитозға кедергі жасайтын микрокапсула жатады.