Резистенттілігі. Басқа энтеробактерия-лардың ішінде E.coli қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.
Резистенттілігі. Басқа энтеробактерия-лардың ішінде E.coli қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.
Энтералды эшерихиоздардың эпидемиологиясы.Энтералды эшерихиоздардың инфекция көзі ауру адамдар мен жануарлар болып табылады. Инфекцияның таралу механизмі фекалды-оралды (ауыз қуысы арқылы), негізгі таралу жолдары – тағамдық, қарым-қатынастық және тұрмыстық. Ауру көбінесе күрт көбею түрінде сипатталады.
Патогенезі.Инфекцияның ену қақпасы – ауыз қуысы. E.coli ащы ішекке түсіп, оның эпителий жасушаларына талғамдылық қасиетке ие бола отырып, пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрана ақуыздарының көмегімен ащы ішектің эпителиясының жасушаларына жабысады. Бактериялар көбейеді, өледі, ішектің жиырылуын күшейтетін экзотоксин бөледі, диарея тудырады, қызуды, жалпы интоксикация белгілерін жоғарылатады. Сонымен қатар, ішек таяқшасы неғұрлым ауыр диареяны, құсуды және айтарлықтай тұзды су алмасуын бұзатын экзотоксин бөледі. Басқа патогенді факторларды түзетін ЭПІТ ағзаға сәйкесінше әсер етеді және бұл аурудың клиникалық белгілерін анықтайды.
Патогенезі. Инфекцияның ену қақпасы – ауыз қуысы. E.coli ащы ішекке түсіп, оның эпителий жасушаларына талғамдылық қасиетке ие бола отырып, пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрана ақуыздарының көмегімен ащы ішектің эпителиясының жасушаларына жабысады. Бактериялар көбейеді, өледі, ішектің жиырылуын күшейтетін экзотоксин бөледі, диарея тудырады, қызуды, жалпы интоксикация белгілерін жоғарылатады. Сонымен қатар, ішек таяқшасы неғұрлым ауыр диареяны, құсуды және айтарлықтай тұзды су алмасуын бұзатын экзотоксин бөледі. Басқа патогенді факторларды түзетін ЭПІТ ағзаға сәйкесінше әсер етеді және бұл аурудың клиникалық белгілерін анықтайды.
Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 2-ден 6 күнге дейін созылады. Ауру қызудың жедел жоғарылауымен, іш өту мен құсудан басталады. Сусыздану дамиды, нәжісте қан пайда болып, бүйректің зақымдалу белгілері байқалуы мүмкін. Энтералды эшерихиоздар әртүрлі болуы мүмкін - симптомсыздықтан токсикалық-септикалыққа дейін. Колиэнтериттер ерте балалар өлімінің себептерінің бірі болып табылады.

Иммунитеті. Аурудан соң иммунитет тұрақсыз және ұзақ емес.