13 билет
1.Химия-технология өндірісінің экологиясының кейбір аспектілері.Оқытудың әдістемесі мен формасы Дискуссия. (30) балл.
Химиялық-экологиялық білім берудің атқаратын басты қызметі -ғылым мен техниканың әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттардың тірі ағзаға тигізер зиянды әсеріне оқытып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу , тиіп жатқан залалдан құтылу жолдарын табу, жалпы алғанда жастарды салауатты өмір сүруге бет бұрғызу.
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман» (смог) түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүнесіне, сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Шет ел мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауалы қорғау мақстында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатор орнату, газбен, электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау жолдары зерттелуде.
Ауыз судың радиоактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы адамзат баласына кейінгі жылдарда айтарлықтай қауіп төндіруде. Ауыз сулардың әр түрлі радиоактвті элементтердің қалдықтары -стронций-90, цезий, полоний, уран және т.б. улы қосылыстардың жыл өткен сайын көбейе түсуде. Сондай-ақ суда неше түрлі нитраттар, фосфатиттер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар және т.б. улы қосылыстардың мөлшерден тыс көбейгені сонша кейбір өзен мен көл суларын ауыз су ретінде пайдаланғандығы анықталып отыр. Олардың зиянды әсері жаңадан дүниеге келген сәбилердің 20-30% кемтар болуына әкеп соғады.
2.“Металдардың жалпы қасиеттері. (30) балл.
КОНСПЕКТ
Металдар – электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия,гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Сілтілік металдар: Литий, Натрий, Калий, Рубидий, Цезий, Франций
Сілтілік-жер металдар: Магний, Кальций, Стронций, Барий, Радий
Амфотерлі (екідайлы) металдар: Алюминий, Галлий, Қорғасын, Қалайы, Бериллий, Мырыш
Бағалы металдар: Рутений, Родий, Палладий, Осмий, Иридий, Платина
Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:
Al (8,1%) Fe (4,65%) Ca (3,6%)
Na (2,64%) K (2,5%) Mg (2,1%)
Tі (0,57%) Mn (0,1%) Ba (0,05%)
Sr (0,03%) Қалғандары (0,1365%)
Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Жай заттармен :
2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.
Күрделі заттармен :
Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.
2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑
Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді
Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2
Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O
4Mg + 10HNO3 (сұйық) = 4Mg(NO3)2+ NH4NO3 + 3H2O
Ag + 2HNO3 (конц.) = AgNO3 + NO2↑ + H2O
Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe
Mg + CO2=MgO + CO
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:
Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2
2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl
Металдарды алу әдістері
Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.
Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотация әдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |