Ультрадыбыстар,
Физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылыс тапқан. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрыдыбыс толқындарының басты ерекшелігі – оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Қуатты ультрадыбыс шығару балқыған және кристалл күйлердегі металдар мен шынылардың қасиеттерін өзгерту үшін металлургияда қолданыс тапқан, бұл берілген қасиеттері бар материал жасауға мүмкіндік береді. Кейбір металдар (мысалы, алюминий мен кадмий) қалыпты жағдайларда араласпайды, ультрадыбысты пайдалану олардан қорытпа алуға мүмкіндік береді. Егер кристалдану күйінді металл қуатты ультрадыбыспен өңделсе, онда бұл-түйіршіктен ұсақталуына әкеліп соғады да, құйманың структурасы анағұрлым біркелкі болады. Ультрадыбысты қолдану аса маңызды технологиялық мәселені шешуге – алюминий немесе алюминий қорытпаларын біріктіруге мүмкіндік береді. Басқа металдарға қолдануға болатын дәнекерлеу әдісін алюминийге қолдану мүмкін емес, себебі алюминийдің оттегімен жанасатын бетінде қалыңдығы 0,001 мкм кәдімгі флюстер арқылы ажыратылмайтын тотық қабаты пайда болады. Ультрадыбысты пайдалана отырып, алюминий мен алюминий қорытпаларының мүлтіксіз жұмсақ дәнекерленуін жүзеге асыруға болады. Сұйық дәнекерде тотықтың пленкасы бұзылады да, балқығкан дәнекер тотықталмаған алюминий бетімен жанасады. Ультрадыбыс дәнекерлегішінің ұштығы тек қызып қана қоймайды, сонымен бірге 20 кГц-ке жуық жиілікпен тербеліс жасайды. Дәнекерлеудің ультрадыбыстық әдістің жалғанған жердің беріктілігін жоғарылататыны соншама үлгілер (мысалы, дәнекерленген сым) жалғастырылған жерден емес, мүлдем басқа жерден үзіледі.
Қазіргі кезде медицина саласы көптеген табыстарға жетті. Жетілдірілген техникалардың көмегімен жеке мүшелердің (бронхылар, бүйректер, асқазан және т.б.) ауруларының белгілерін дәл анықтауға болады.
Ультрадыбысты қолдану арқылы денедегі бөгде заттардың қай жерде тұрғаның анықтайды. Ультрадыбыс аурудың белгісін анықтаумен бірге ауру мүшелерді де емдейді. Жаңа шыққан ерекше аспаптарды қолданып, отаны кеспей жасайтын әдіс кенінен қолданылуда.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар-қатерлі ісіктерді анықтайды. Ультрадыбысты диагностикалық мақсатта медицинада қолдану оның денелермен әсерлесу нәтижесінде денелерде жұтылу, жылдамдығының өзгеруі, шағылысқан толқын жиілігінің өзгеруі, энергияның кемуі, және физикалық, химиялық құбылыстарға негізделген.
Ультрадыбыс белгілі ортада заттардың кезектесіп келетін сығылу және сиректелу аймағы түрінде тарайды.Дыбыс толқындар тербеліс периодымен молекула толық бір тербеліс жасайтын уақытпен,жиілік уақыт бірлігіндегі тербеліс санымен,толқын ұзындығы бір фаза уақыт ішіндегі қашықтықпен және таралу жылдамдығымен сипатталады.Таралу жылдамдығы толқын тарайтын ортаның серпімділігімен тығыздығына көп тәуелді болады.Толқын ұзындығы жиілікке кері прпорционал.Толқын ұзындығы қысқа болған сайын ультрадыбыс аппаратының ажырату қабылеті жоғары болады.Медициналық ультрадыбыстық диагностика жүйелерінде көбінесе 2МГц тен 10МГц ке дейінгі жиілік пайдаланылады.Қазіргі замандық ультрадыбыстық аппаратардың ажырату қабылеті 1-3 мм - ге жетеді.
Кез келген орта,оның ішінде ағза ұлпасы ультрадыбыстың таралуына бөгет жасайды.Олардың шамасы орта тығыздығына,ультрадыбыстың жылдамдығына тәуелді болады.Айтылған параметрлер жоғары болса, акустикалық кедергі де үлкен болады.Кез келген осындай эластикалық ортаның жалпы сипаттамасы «импеданс» терминімен белгіленеді.
Ұлпалар мен ауа арасындағы шекара толық шағылдырғыш бола алады. Ультрадыбысты аппаратура медицинада кеңінен қолданылуда. Терапияда жоғары жиілікті ультрадыбысты қолдану өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан басталды. Емдік үрдісте ультрадыбысты қолданатын жаңа бағыт – ультрадыбысты хирургия, ол хирургиялық әдістерден операция кезінде тіндердің аз ғана жарақатталуымен ерекшеленеді. Алайда, жоғары ақпараттылығымен, ауру сезімімен және зерттеуге қойылатын қарсы көрсеткіштерінің жоқтығымен сипатталатын ультрадыбысты диагностика әдістерінің маңызы аса жоғары және олар кеңінен қолданылуда. Медицина қызметкерлері ультрадыбысты аппаратурамен жұмыс істеу барысында бірқатар факторлар кешенінің әсеріне ұшырайды, олардың ішінде жетекші орынды интенсивтілігі төмен, төмен және жоғары жиілікті жанаспалы ультрадыбыс алады. Сонымен қатар, осы факторлар кешенінің қатарына ауалы ультрадыбыс, білек және жоғары иық белдеуі бұлшықеттерінің күштенуі, қолдың тері қабатын ластайтын жанаспалы жағындылар, жүйкелік-эмоционалды күштену және т.б. кіреді.
Ультрадыбысты диагностика кабинеттеріндегі еңбек жағдайын зерттеу, персоналдың жұмыс күнінің 85-95%-да жоғары жиілікті, интенсивтілігі төмен жанаспалы ультрадыбыстың әсеріне ұшырайтынын анықтауға мүмкіндік берді. Соның ішінде, әсер ететін деңгей ультрадыбысты дефектоскопия операторларында анықталатын деңгейге тең.
Ультрадыбысты аппаратурамен ұзақ уақыт жұмыс істеу барысында жұмысшыларға жанаспалы ультрадыбыстың қолайсыз әсерінің негізгі клиникалық көріністері қолдың ангиодистониялық синдромы, қолдың вегетативті-сенсорлы полиневропатиясы, қолдың вегетомиофасцит синдромы болып табылады. Соңғысы, стажы жоғары қызметкерлерде анықталады және ол қолдың статикалық күштенуінің жанаспалы ультрадыбыспен біріккен әсерімен байланысты.