13 боөЖ. Медициналық интроскопияның негізі Орындаған: Қырықбай Аймерей Факультет: Жалпы медицина Топ: 101a тексерген: Уразақынов Дарын Алматы, 2022 Мазмұны


Позитрондық эмиссиялық томография



бет6/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#55080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Позитрондық эмиссиялық томография
Адамның немесе жануардың ішкі мүшелерін радионуклидтік томографиялық әдісі.Әдіс позитрондардың ангиляциясы кезінде пайда болатын гамма кванттар жұбын тіркеуге негізделген.Позитрондар организмді зерттеуден бұрын енгізілген радиопрепараттың құрамына кіретін радионуклидтің (изотоптың),бета ыдырауынан пайда болады.Ең көп тараған. изотоп 2-дезокси-2-фторо-D-глюкоза , глюкоза аналогы болып табылады.,Гидроксиль тобы фтор-18 алмастырылған. ПЭТні пайдаланатын изотоптарға қарағанда үлкен. фтор-18 дің жартылай ыдырау периоды 110 минутқа тең.
Спиральды томография қай жерде қолданылады?
Спиральді компьютерлік томография көмегімен көбінесе белгілі бір аймақты немесе органды зерттеу жүргізіледі. Құрылғы сізге басқа аймақтарды көрсетпей, қалаған аймақты таңдауға мүмкіндік береді, сонда суреттер бір-бірімен қиылыспайды. Қанша жақсы болғанымен, компьютерлік томография зерттеуінің рентген сәулесі арқылы өтетінін ұмытпауымыз керек. Ол сәуленің адам организміне зияны бұрыннан белгілі. Ал балаларға арналған аз дозалы бағдарламалар арқылы зерттеу жүргізгенде рентген сәулесінің күшін 4 есе азайтып жасаймыз.
Педиатрияда балаларды жасына қарай: нәресте, 1 жасқа дейінгі сәбилер, 1-3 жас, 3-5 жас және мектеп жасындағы балалар деп бөлеміз. Компьютерлік томография зерттеуіне балалар аш қарынға келуі тиіс.
Нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларды ұйықтап жатқанда компьютерлік томография зерттеуін жүргізуге болады. Мектеп жасындағы балалар аппаратты көріп танысқаннан кейін зерттеу кезінде қозғалмай жата алады. Ал бір жастан бес жасқа дейінгі балаларда зерттеу жүргізгенде көптеген қиындық туындайды. Себебі осы жастағы балалар тыныш жатпайды және зерттеуден қорқады. Бұл жастағы балаларды психологиялық тұрғыдан компьютерлік томография зерттеуіне дайындаймыз. Зерттеуден бір күн бұрын немесе зерттеу алдында аппаратты көрсетіп, столын қозғалтып еш қиын емесін байқатамыз. Сонымен бірге баланы зерттеу алдында томография столына жатқызып ары-бері жүргізіп көрсетеміз. Әрине мүмкіндігінше балаларды компьютерлік томография зерттеуіне ата-аналары мен медицина қызметкерлері дайындаса, ол балалар зерттеу кезінде қимылсыз жатады. Жәнеде бізде батылдық бұрышы деген жәшігіміз бар. Жәшіктің ішінде алуан түрлі ойыншықтар бар. Зерттеу аяқталған соң балалар ойыншық таңдап алады. Кейде кішкене жастағы сәбилер ойыншықты зерттеу алдында алып, сосын тыныш жатады.
Бірақ арасында оған да көнбейтін балалар болады, ол кезде наркоз арқылы балаларды ұйықтатып компьютерлік томография зерттеуін жүргіземіз.
Сонымен бірге компьютерлік томографияны контрасттық заттарды қосып жүргізуде балаларға қолданылады. Кейбір түзілістер мен ақаулар тек контрасттық препараттарды көктамырға енгізіп зерттегенде ғана көрінеді. Және де ауыр немесе ұзақ операцациялардың алдында контрасттық заттармен компьютерлік томография жасалып. Оперцияның бағдарламалық моделі жасалады. Сонымен қатар кей жағдайларда консервативті ем немесе операциялық ем таңдауы осы зерттеуден кейін анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет