13 боөЖ. Медициналық интроскопияның негізі Орындаған: Қырықбай Аймерей Факультет: Жалпы медицина Топ: 101a тексерген: Уразақынов Дарын Алматы, 2022 Мазмұны



бет8/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#55080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аймерей сроп

Эхозондтау.
Бірқатар жағдайларда эхозондтаудың кейбір әдістерін (мысалға, кәдімгі ультрадыбыстық зерттеу) томографияға жатқызып қателеседі, бұл терминологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ультрадыбыстық зерттеулерде де кейбір қималардың бейнелерінің алуына қарамастан (томос) – оны алудың әдісі томографиялық болып саналмайды, себебі қиылысушы бағыттарда көп қырлы түсірілімінің болмауы және ең негізгісі кері томографиялық тапсырмалар шешімінің болмауы. Ультрадыбыстық сурет алу үшін ешқандай математикалық ерекше алдын ала өңдеудің қажеті жоқ. Ультрадыбыстың түрлендіргіш (негізінде кішкентай ультрадыбыстық түрлендіргіштер жиынтығы) ультрадыбыстық толқынды (ультрадыбыстық шоғыр) біртекті емес ортаға жібереді, ол оның шекарасынан белгілі бір мөлшерде шағылысады да ультрадыбыстық түрлендіргішке қайта оралады, осы жерде тіркеледі. Суретті алу принципінің қарапайым формасын келесі түрде көрсетуге болады: бір оске жеке түрлендіргіштер номерлері салынады да (бағыты), екінші оске – ауытқудың (қашықтық) уақытша тежелуі, жарықталыну – ауытқу қарқындылығы салынады.
Эхокардиография
Эхокардиография — қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.

Эхокардиография беретін мүмкіншіліктер:

  • Жүрек қуыстарының көлемдерін анықтауға

  • Жүрек клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға

  • Жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға

  • Жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншіліктерін бағалауға

  • Жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға

  • Жүрек ішіндегі қан қозғалысын бағалауға

  • Аорта және өкпе сабау артерияларын бағалауға

  • Перикардтың жағдайын бағалауға

Эхокардиография өткізуге көрсеткіштер:

  • Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);

  • Миокард инфарктісі (МИ);

  • Артериальді гипертензия (АГ);

  • Туа біткен және жүре пайда болған жүрек қантамыр ақаулары;

  • Ревматизм;

  • Нейроциркуляторлы дистония, кардиалды және гипотоникалық типі;

  • Жүрек өткізгіштігінің және ырғағының бұзылыстары;

  • СЖЖ;

  • Жүректегі шуылдар;

  • Өткерілген ауыр формалы грипп және баспа;

  • Жүректегі ісіктер (миксома, рабдомиома, папиллярлы фиброэластома);

  • Кардиомиопатияларды анықтау

  • Миокардиттер диагностикасы

  • Жүрекке операция жасағаннан кейінгі жағдайды бағалау

  • Жүрек клапандарының орнына қойылған аппараттар жағдайын бағалау

  • Кез келген жағдайда қолдануға болады

Эхокардиографияға қарсы көрсеткіштері:

Эхокардиография түрлері:

  • Доплер Эхокардиография: Орталық гемодинамиканы бағалауға мүмкіндік беретін инвазивті емес әдіс. 1980 жылдан бері қолданылады. Доплер әдісімен зерттеу топографиялық анатомияны және жүрек гемодинамикасын бағалауға мүмкіндік береді.

  • Өңеш арқылы Эхокардиография: Өңеш арқылы арнайы датчиктерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдістің мүмкіншілігі өте жоғары. Өңеш стриктурасы қарсы көрсеткіш болып табылады. Арнайы трансдьюсер өңеш арқылы еңгізіліп, оның ортасында орналастырылады, сол жақ жүрекше маңайына. Бұл өте сапалы жүректің барлық құрылымдары туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Өңештік трансдьюсер арқылы екіөлшемді кескін алуға және түсті доплер әдісін қолдануға да мүмкіндік береді. 180 градусқа бұруға мүмкіндік бар. Жүрек клапандарын ауыстыру және окклюзиялаушы аппараттармен хирургиялық араласулар кезінде қолданылады.

  • Стресс-эхокардиография әдісі: физикалық күштеме кезіндегі қан айналым жеткіліксіздігі немесе кейбір дәрілік препараттарды енгізу әсерінен (добутамин) жүрек бұлшықет аймағының жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы. 1979 жылы физикалық күштеме кезіндегі эхокардиографияны алғаш рет Wann қолданған. Бұл кезде толық клиникалық қолданылуларды қамтамасыз ету үшін эхокардиографиялық аппаратура толық қалыптаспаған. Қазіргі уақытта екі әдісті қабілеттілігі бар эхокардиогафияның жақсаруы мен компьютерлі әдістерді енгізуіне байланысты стресс-эхокардиография жүректің ишемиялық ауруындағы диагностикасында жақсы альтернативті, қымбат изотопты әдістің бірі болып саналады. Егер изотопты зерттеулерді жүргізген кезде мүмкіндік болмаса немесе қиыншылық туса, жүректің ишемиялық ауруы диагностикасында стресс-эхокардиография ең жақсы инвазивті емес әдіс болып табылады.

  • Тамырішілік ультрадыбыс: Коронарлы артерияларды арнайы кіші диаметрлі датчиктерді қолдану арқылы тамырішілік зерттеу. Инвазивті, ультрадыбысты әдіс болып табылады. Коронарографиямен бірге қолданылады.

  • Контрасты эхокардиография: Жүректің оң жақ камераларын дефектілерін анықтауда немесе сол жақ камераларда миокард перфузиясын зерттеуде қолданылады. Бұл әдістің маңыздылығы, миокард сцинтиграфиясымен бірдей болып келеді. Оң әсері болып, сәулелі жүктеменің болмауы есептеледі. Теріс әсері, инвазивтілігі және препараттардың қымбаттылығы (левовист, альбунекс).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет