№ 13 БОӨЖ.
Медициналық интроскопияның негізі
Орындаған: Қырықбай Аймерей Факультет: Жалпы медицина
Топ: 101A
Тексерген: Уразақынов Дарын
Алматы, 2022
Мазмұны:
Кіріспе 1
Негізгі бөлім. 1
Интроскопия туралы түсінік 1
Интроскопиялық әдістер 2
Көрініске келтірудің рентгенологиялық әдістері
Ангиография 3
Компьютерлік томография 4
Магнитті-резонанстық томография 5-6
Флюорография 7
Позитронды эмиссиялық томография 8
Спиральды томография қай жерде қолданылады? 8-9
Ультрадыбыстар 9-11
Эхозондтау ….......................................................................................11
Эхокардиография............................................................................11-13
IV. Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Қосымша материалдар 16
Кіріспе
Медициналық интроскопия (медициналық көрініске келтіру) — медициналық диагностиканың бір тарауы.Адам ағзасын инвазивті емес зерттеумен айналысады.Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап айтқанда,мыналар пайдаланылады: дыбыс толқындары (ең маңыздысы ,ультрадыбыс), әр түрлі толқын ұзындығындағы электромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және айнымалы электромагниттік өріс, радиобелсенді изотоптар шығаратын (радиофармпрепараттар шығаратын) элементар бөлшектер.
Интроскопия туралы түсінік
Интроскопия (intro лат. — ішкі, және skopeo лат.– көру) оптикалық күңгірт денелер мен орталарда сол сияқты нашар көріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды және үрдістерді көру арқылы бақылау. Интроскопияның негізгі мақсаты бұйымдардағы, денелердегі және ортадағы негізгі қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын табу мен бір жүйеге келтіру, жартылай мөлдір және бұлыңғыр орталарда өтетін құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.
Интроскопия әртүрлі өтімді сәулелер мен өрістердің кеңістіктік таралуына негізделген көру құралдарының көмегімен жүзеге асырылады: олар ортаның серпімді толқындары (10 Гц тен 1000 МГц-дейінгі), электромагниттік тербелістердің барлық диапазондары (қатты гамма-сәулелерден төменгі жиіліктегі тербеліске дейін), магнитостатикалық, электрлік және гравитациялық өрістер, сол сияқты элементар бөлшектердің ағыны (нейтрино, нейтрондар және т.б.).
Гамма – рентгендік интроскопия кез-келген химиялық құрамдағы және температурадағы еркін формадағы сұйықтар мен қатты денелерден өте алатын гамма және рентгендік сәулелерді пайдаланады. Рентгендік сәулелерінің жоғарғы рұқсат етуші қабілеттілігі мөлдір емес материалдардағы аса ұсақ қоспаларды бақылауға мүмкіндік береді.
Инфрақызыл интроскопия көптеген заттардың химиялық құрамына, молекулалардың құрылымы мен заттың агрегаттық күйіне байланысты олардың инфрақызыл сәулелерді жұтуы мен шағылдыру қасиетіне негізделген. Инфрақызыл сәлелердің таралуы жарықтың оптикалық заңдарына бағынады; оптикалық құралдардың көмегімен көрінбейтін инфрақызыл бейнелер қалыптастырады, содан кейін оларды көрінетін бейнеге түрлендіреді. Өрістердің таралуын тікелей бақылау әдістері, мысалға магниттік немесе электрлік, магнитооптикалық құбылыстарға негізделген. Интроскопия ультрадыбыстардың металдардан, пластмассалардан, тірі ұлпалардан, көптеген құрылыс материалдары мен оптикалық мөлдір емес сұйықтардан өте алатын қасиетіне сүйенеді. Радиоинтроскопияда өтімді сәулелер ретінде ұзындығы мм-дің аз ғана бөлігінен бірнеше м-ге дейінгі электромагниттік толқындар пайдаланылады. Аса ұсақ объектілердің бейнелерін алу үшін көбінесе милиметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |